Асқорыту жүйесі және зат алмасу


пилоруске жеткен кезде хеморецепторлар тітіркенеді де пилорус сфинктері ашылады



бет2/3
Дата10.03.2023
өлшемі5.16 Mb.
#470590
1   2   3
Ұйқы без

пилоруске жеткен кезде хеморецепторлар тітіркенеді де пилорус сфинктері ашылады.

Он екі елі ішектегі астың қорытылуы

Он екі елі ішектегі астың қорытылуы

Химус он екі елі ішекке келіп жеткенде оған үш түрлі сөл әсер етеді.

Бауырдағы өт қапшығынан бөлінетін өт майларды эмульсиялайды. Ұйқы безі бөлетін панкреас сөлі полипептидтерді, дисахаридтерді, фосфолипидтерді ыдыратады. Он екі елі ішектің қабырғасындағы Бруннер бездерінен бөлінетін сөл қарындағы пепсинмен қосылып белоктарды ыдыратады.

Аш ішекте астың сіңуі

Аш ішекте астың сіңуі

Аш ішекте ас толықтай қорытылады. Қарындағы, он екі елі ішектегі сөлдердің әсерінен ыдыраған органикалық заттар ішекте мономерлерге айналып, қанға сіңетіндей заттарға ыдырайды.

Ас ішекте мембраналық ас қорыту болады. Органикалық затар либеркюн сөлі арқылы белок аминқышқылдарына дейін, көмірсулар моносахаридтерге дейін, ал майлар глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырап, қан мен лимфаға өтетін жағдайға жетеді.

Тоқ ішектегі астың қорытылуы.

Тоқ ішекте ас ішекте сіңбей қалған химус тік ішекке қарай жылжиды. Тоқ ішекте клетчатка микроорганизмдердің әсерінен ыдырайды.

Тоқ ішекте К витамині түзіледі. Белоктар шіріп, одан бөлінген токсиндер қан арқылы бауырға барып детоксикацияланады. Тоқ ішекте химустың соңғы өнімі нәжіс қалыптасып, ол тік ішек арқылы сыртқа шығарылады.

Зат алмасу

Зат алмасу

Зат алмасу ассимиляция және дисимиляция процестерінен тұрады.

Диссимиляция – күрделі органикалық заттардың

ыдырауы.

Ассимиляция –ағзаның өзіне тән күрделі органикалық заттардың түзілуі.

Алмасатын заттар – белактар, көмірсулар, майлар, су мен минералды тұздар.

Бауыр - көпфункциялы орган.

  • Бауыр - көпфункциялы орган.

БАУЫР. БАУЫРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

БАУЫР. БАУЫРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет