Ассалаумағалейкум дидарын несіп еткенде, Қол алып амандаспай, көңілденбес еш пенде. Күн нұрындай сәлеміне адамның



Дата14.03.2024
өлшемі19.72 Kb.
#495544
Қош келдің Жаңа жыл


АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ дидарын несіп еткенде,
Қол алып амандаспай, көңілденбес еш пенде.
Күн нұрындай сәлеміне адамның,
Бұл өмірдің ғанибеті жеткен бе? -дей келе
Салемді беру де парыз, салемді алу да парыз, демекші, тағы да


Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!


Ақша қар:
Армысыздар, ардақты ұстаздар мен әріптестер.!


Аяз ата:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Ұлу жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.


Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!


Ақша қар:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
Ақбала, - білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке болып саналады.


Ақша қар: Дұрыс айтасыз, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді!


Аяз ата: Құрметті, ұстаздар.! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен -құттықтаймыз!


Ақша қар:
Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үміттеміз.


Ақша қар:
Ендеше, «Тілектің ең жақсысы әдемі айтылғаны емес, қабыл болғаны», - деген екен дана халқымыз.


Аяз ата:
Иә, «Шешен сөзден не пайда, болмаса көпке сіңімді?!» дегендей,


Құрметті ұстаздар мен кешіміздің қонақтары – Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің дастарханын ашу үшін Алғашқы сөздің кезегін колледж директоры ............................ ортаға шақырамыз


Ақша қар:
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.


Аяз ата:
Құрметті әріптестер.!
Тышқан жылы – сыйлық,
Барыс жылы - байлық,
Қоян жылы - қолбасы,
Ұлу жылы - үлгілі,
Жылан жылы – жайлы,
Жылқы жылы – жақсылық,
Қой жылы – құтты,
Мешін жылы – мейірім,
Тауық жылы – табысты,
Ит жылы – игілік,
Доңыз жылы – дүниелі, дей келе биылғы келген жыл «Ұлу жылы» - Біріміз-бірімізге үлгілі болып, қолдап қуаттап жүретін жандардан болайық. Жылымыз табыстыда, мерекелі, берекелі жыл болғай.
Кешіміздің алғашқы бой қыздыру сәті, лоторея ойындарына кезекті берсек.
Қадірлі ұстаздар мен қонақтар! Жаңа жыл! Барлық отбасыға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
Жаңа жыл құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет