Астана. 5 сәуір. ҚазАқпарат Соңғы үш жылда қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан дәнді дақылдардың 182 сорты мен буданының 92-сі өндіріске енгізілді



жүктеу 14.75 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі14.75 Kb.
http://www.inform.kz/kaz/article/2453346
05 Сәуір 2012, 14:26

Соңғы үш жылда қазақстандық ғалымдар дәнді дақылдардың 182 сорты мен буданын ойлап шығарды - «ҚазАгроИнновация»



АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан дәнді дақылдардың 182 сорты мен буданының 92-сі өндіріске енгізілді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде өткен «Сәкен тағылымы» атты 8-інші Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның президенті Серік Кененбаев мәлім етті.

«Бізде өсімдік және мал шаруашылықтарында жетістіктеріміз бар. Өзіміздің әзірлемелеріміз өндірісте кеңінен қолданылуда. 2009-2011 жылдар аралығында ғылыми-зерттеу мекемелеріміз ауылшаруашылық дәнді дақылдардың 182 сорты мен буданын ойлап шығарды. Олардың ішінде 77-сі - дәнді және жарма дақылдары,  26 - көкөніс-бақша дақылдары, 13 - жеміс-жидек дақылдары, 13 - картоп, 23 - жемшөптік дақылдар және 17 - майлы дақылдар. Жасап шығарылған сорттар мемлекетке тапсырылып, олар үш жыл бойы сынақтан өткізіледі. Содан кейін ғана барып өндіріске енгізіледі. Үш жыл ішінде отандық ғалымдар ойлап тапқан дәнді дақылдардың  92 сорты мен буданы өндіріске енгізілді», - деді ол.



С.Кененбаев атап өткендей, Қазақстанда қолданысқа жіберілген ауылшаруашылық дәнді дақылдардың сұрыптары мен будандарының барлық саны 315-ті құрайтын болса, олардың 158-і отандық ғалымдардың әзірлемелері. Мәселен, елде қысқы жұмсақ бидайдың барлығы 34 түрі егілетін болса, оның 24-ін өз ғалымдарымыз ойлап тапқан. Сол сияқты жұмсақ жаздық бидайдың 75 түрінің 44-і, қатты жаздық бидайдың 23-інің 12-сі, жаздық арпаның 42-сінің 24-і, сояның 19-ының 7-еуі, күнбағыстың 36 түрінің 13-і, жоңышқаның 21-інің 15 түрі, мақтаның 11 түрінің 9-ы қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері. Жалғыз ғана қант қызылшасының сорттарын ойлап табуда ғалымдарымыздың ісі кенжелеп тұр. Елде егілетін бұл дәнді дақылдың 30 түрінің тек 1-еуі ғана отандық әзірлеме.

«2000 жылы біз тек өзбектің мақта сұрыптарын еккен болсақ, бүгінгі күні өсіріліп отырған мақтаның 80 пайызы өзіміздің сорттар», - деп атап өтті «ҚазАгроИнновация» басшысы.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет