Астана қаласы №51мектеп- гимназия 7 «А» сынып жетекшісі



жүктеу 56.14 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі56.14 Kb.
Астана қаласы

51мектеп- гимназия



7 «А» сынып жетекшісі

Байтас Гульшат Берикбайқызы

Моб.:8-702-265-39-38

E-mail: baitas.1971@mail.ru
Ұлттық теңге - кемел болашақтың кепілі
Сабақтың мақсаты: ақша ұғымдарына түсінік беру, айналымдардаға ақша

түрлерін білуге үйрету; өз Отаны Қазақстанға мақтаныш

сезімін ояту; төл теңгенің тарихын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ақша нұсқалары, нақыл сөздер

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі:


  • Балалар біз қай елде тұрамыз?

  • Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз, егеменді мемлекет)

  • Бұл сөзді қалай түсініесіңдер? (Ешкімге тәуелді емес,дербесғ яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет)

  • Тәуелсіз елдің өзіндік ерекше белгілері қандай? (Ұлттық тілі, Ата Заңы, Туы, Әнұраны, төл теңгесі болуы керек)

  • Балалар біз бүгін өздерің айтқандай төл тенгеміздің тарихы туралы әңгімелесеміз. Сондықтан ендігі сөзді жүргізушілерге беремін.


1-жүргізуші:

Ақша ерте заманда пайда болды.Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Кез келген ақшада әрбір елдің өткені, бүгінгісі және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым бар. Ол нумизматика деп аталады.



2-жүргізуші:

Теңге Қазақ Республикасының ұлттық валютасы. Ұлттық валюта мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінің айғағы, нышаны болып табылады. Биыл 15-қараша ұлттық валютамыздың айналымға кіргеніне 20 жыл толды. Осы іс-шараға байланысты 6 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Ұлттық теңге-кемел болашақтың кепілі» атты тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.

ҚР Гимнінің орындалуы

1- оқушы:

1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
2- оқушы:
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді.
3- оқушы:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.

4- оқушы:
Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген.1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін, яғни 15-қарашада теңге айналымға енді.

5- оқушы:

1993 жылы Алматыда құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды.19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
6- оқушы:
Ұлттық теңгеміздің  шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының  әйгілі  ұлы  тұлғалары бейнеленген. Екінші  бетінде  ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз  салынған.

7- оқушы:

1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған.
8- оқушы:

Ұлттық  валюта – теңге банкноты  және монета  түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің  Алматы  қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі  монета сарайында  дайындалынып шығарылады.


9- оқушы:

Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.

10- оқушы:

Теңге әлемдегі ең жақсы жасақталған, сақтық шарасы мықты валюталардың бірі. Банкноттардың жалған банкнот болуына қарсы 18 түрлі сақтық түрлері бар. 2007 жылы Халықаралық валюта қауымдастығы 10 000 теңгені «Әлемдегі ең үздік банкнот» деп таныды.



ІІ бөлім. « Теңге  — ұлттық  табыстың  кепілі » / сайыс/

Сынып оқушылары үш топқа бөлінді.Әрбір топ  өзінің қоржынына дұрыс жауап  үшін

берілген ақшаны жинайды. Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені.



Тапсырмалар: 1.Сөзжұмбақ шешу арқылы топтың атын құрау -500 тг

Бірінші топқа:

1. Қазақстанның ақша валютасы? (теңге)

2. АҚШ-тың ақша валютасы? (доллар)

3. Тайланттың ақша валютасы? (бат)

4. Польшаның ақша валютасы? (злотый)

5. Аргентинаның ақша валютасы?(песо)



Екінші топқа:

  1. «Лира» қай елдің валютасы?

  2. Германияның ақша валютасы?

  3. Қазақстанның монетасының (тиын) артында не бейнеленген?

  4. Украинаның ақша валютасы?

  5. Жапонияның ақша валютасы?

Үшінші топқа:

  1. Ұлттық Банк Қазақстанның қай қаласында орналасқан?

  2. Иранның ақша валютасы?

  3. «Сом» қай елдің валютасы?

  4. Қытайдың ақша валютасы?

Шешуі: «Табыс»   « Теңге»  « Тиын»

2.«Әр елде  — өз валютасы» - 1000 тг

Қырғызстанда-/сом/       

Ресейде -/рубль/         

Германияда — /марка/

Америкада — / доллар/  

Ұлыбританияда-/фунт/

Украинада — /гривна/

Қытайда — / юань/           

Тәжікстанда — /манат/   

Өзбекстанда — /сум/

Түркияда -/ лира /           

Латвияда -  / лат /          

 Кореяда — / йена /

3.Жағдаяттар  шешу . Топ болып талқылап, жауабын  сахналаңыз -5000 тг

«Табыс»

1-жағдай. Биылғы оқу жылында  қазақ  тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық  бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты  ұстағың келіңкіремей  тұр .Сенің іс-әрекетің …?

« Теңге»

2-жағдай: Сен екі ініңді  бала бақшадан алып  қайттың. Інілерің  қарындары ашқандарын айтты. Сенде  60 теңге бар.Балмұздақ  60 теңге, 3 алма 60 теңге,  1 қорап сағыз  60 теңге. Қай затты алар едің? Неге?

« Тиын»

3-жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк  болады деді. Билет  бағасы – 300 теңге.Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды,сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің ?

4. Сұраққа жауап – 10 000 тг

1. Теңгенің суретін салған кім? (дизайнерші Тимур Сулейменов)

2.Теңге алғаш рет қай елде шықты? (Англияда шықты)

3.Теңгенің  шыққан күні, жылы? (1993жылы 15 қараша)

4.Теңгенің алғашқы нұсқасы қандай фирмада өңделді? («Харрисон Санс» фирмасында)

5. Теңгенің монетасы қай қалада дайындалып шығарылды? (Өскемендегі монета сарайында дайындалып шығарылды)



6.Қазақстандағы валюта (теңге)

5. Сергіту сәті. Көрермендермен « Теңге алу » ойыны

6. Үй тапсырмасы- әр топ өздері дайындаған слайд-презентацияларын қорғау

7. Қорытынды

Қазақ халықының өз ұлттық валютасының пайда болуы, тәуелсіз ел -мемлекет екендігіміздің шынайы айнасы болып табылады. Өз валютамызды енгізу – біздің халқымыздың ең үлкен жетістіктерінің бірі десек қателеспейміз. Бұл дегеніміз шет мемлекеттермен тауарлардың, адамдардың барыс-келісінің, капиталдың өзара еркін қозғалысына да тосқауыл болмайды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет