Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсандағы №101-1930 қаулысына



Дата19.06.2016
өлшемі61.37 Kb.
#148191


Астана қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «29» желтоқсандағы

101-1930 қаулысына



3-қосымша
«Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

1. Жалпы ережелер


  1. «Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Астана қаласы Алматы ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. Аппаратты ведомстволары жоқ.

  3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  4. Аппарат ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  6. Аппарат заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  7. Аппарат өз құзыретінің мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің өкімі және шешімі түрінде ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  9. Аппараттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, №7 үй.

  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

  11. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

  12. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығын сметасынан) жүзеге асырылады.

  13. Аппараттың қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері


  1. Аппараттың миссиясы: Астана қаласы Алматы ауданы аумағындағы мүдделер мен қажеттіліктерге сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

  2. Міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, жергілікті атқарушы және өкілеттік органдардың, Астана қаласы әкімінің нормативтік құқықтық актілерімен және Аппарат туралы Ережемен белгіленген міндеттерді іске асырады.

  3. Функциялары:

  1. азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

  2. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

  3. Аппарат әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, Астана қаласы мәслихаттың бекiтуi үшiн Астана қаласы әкiмдігінің қарауына енгiзедi;

  4. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес стратегиялық жоспарды әзiрлейді;

  5. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауға жәрдемдеседi;

  6. өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады және кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

  7. әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

  8. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

  9. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

  10. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

  11. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

  12. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

  13. шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

  14. жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде Астана қаласы мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

  15. мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың қызметiн қамтамасыз етедi;

  16. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

  17. елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

  18. туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

  19. кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Аппарат өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген өкілеттіліктерін орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген аудандық мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді, ауданның шаруашылық, әлеуметтік қызметтеріне және аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне басшылық жасайды.

3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру


  1. Аппаратқа басшылықты, Аппаратқа жүктелген мiндеттердiң орындалуына, оның функцияларын жүзеге асыруға және Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға дербес жауапты болып табылатын Алматы ауданының әкімі жүзеге асырады.

  2. Аудан әкімі қызметке Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген тәртіпте тағайындалады және қызметтен босатылады.

  3. Аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

  4. Алматы ауданы әкімінің өкілеттігі:

  1. мемлекеттік органдармен, түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және азаматтармен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасауға құқығы бар;

  2. нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

  3. әкiмнiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады;

  4. заңнамалармен анықталған тәртіппен Аппаратта гендерлік теңдікті іске асырады.

Аудан әкімі болмаған жағдайда, оны аудан әкімі өз міндеттерін жүктеген аудан әкімінің міндеттерін атқаратын орынбасарларының бірі ауыстырады.

22. Аудан әкімінің орынбасарлары және аудан әкімінің Аппарат басшысы өз қызметтерін аудан әкімі белгілеген міндеттер бөлінісіне сәйкес жүзеге асырады, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, оған бағынады және есеп береді.

23. Аппарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалған және осы тәртіппен қызметтен босатылатын басшысымен басқарылады.

4. Аппараттың мүлкi
24. Аппараттың мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және жедел басқару құқығына тиесілі.

Аппараттың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.



5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
27. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
_________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет