3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4. Тойтарылмас күш жағдайлары
4.1. Егер оларды орындау, табиғи зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер, мемлекеттік органдардың актілері және т.б. сияқты тойтарылмас күш жағдайларының салдары болып Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен жағдайда, Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды.
4.2. Тойтарылмас күш жағдайларының пайда болу себебінен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындай алмайтын Тарап, басқа Тарапқа тойтарылмас күш жағдайларының басталуы/аяқталуы туралы, бірақ олардың басталуы/аяқталуынан кейін 3 (үш) күннен кешіктірмей дереу жазбаша нысанда хабарлауы, сондай-ақ осындай жағдайлардың басталуы және аяқталу фактісін растайтын құжаттарды беруі тиіс.
5. Шарттың қолданылу мерзімі
5.1. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзім ішінде қолданылады.
6. Қорытынды шарттар
6.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері Шарт Тараптарының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.
6.2. Осы Шарттың талаптары әр үшінші Тарапқа құпиялы болып табылады.
6.3. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.
6.4. Осы Шартпен байланысты және одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.
6.5. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар, екі ұқсас данада, әр Тарап үшін бір данадан жасалған.
7. Тараптардың мекенжайлары және қолдары
Жұмыс беруші: Қызметкер:
(орналасқан мекенжайы, қолы, мөр) (тұрғылықты мекенжайы, қолы)
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
8-қосымша
Кәсіптік одақ органының дәлелді пікір
беру тәртібі
Жұмыс беруші кәсіптік одақ органына Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша кәсіподақ мүшесімен еңбек шартын бұзу, сондай-ақ Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату оқиғасы бойынша дәлелді пікір беру туралы қажет құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш береді.
Кәсіподақ органы өтінішті тіркейді, отырыс күнін белгілейді. Өтініш жеті жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Кәсіподақ органының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысатын болса, құқылы деп саналады.
Өтініш Жұмыс беруші өкілінің және өзіне қатысты материалдар берілген қызметкердің – кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қаралады.
Қызметкер кәсіподақ органының отырысына дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда мәселе қызметкердің қатысуынсыз қаралады.
Шешім көпшілік дауыспен қабылданады.
Кәсіподақ органының қаулысына қатысып отырған мүшелер қол қояды.
Хаттамадан алынған үзінді көшірмеге кәсіподақ органының төрағасы қол қояды және шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде қызметкерге және Жұмыс берушінің өкіліне беріледі немесе пошта байланысы арқылы жіберіледі. Хаттамадан үзіндінің жіберілгенін растайтын құжат почтамт белгісі қойылған түбіршек болып табылады.
____________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
9-қосымша
«Қазтеміртранс» АҚ филиалдарының қызметкерлеріне жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормалары
№
|
Кәсіптер мен лауазымдардың атауы
|
Арнайы киімдердің, арнайы аяқ киімдердің және басқа да жеке қорғаныс құралдарының атауы
|
Бір жылға беру нормалары (бірліктер, жинақтар)
|
1
|
Вагондарды деполық және күрделі жөндеу кезінде жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесары
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Қорғаныш каска
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Қорғаныш көзілдірік
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
тозғанға дейін
|
2
|
Роликті буксті бөлшектеу, жөндеу және монтаждау бойынша жұмыстарды орындау кезінде жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесары
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Қышқылдан қорғайтын қолғап
Қорғаныш каска
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Көкірекшесі бар резеңкеленген алжапқыш
Құрамдастырылған қолғап
|
1
1 жұп
8 жұп
тозғанға дейін
3 жылға 1
1
12 жұп
|
3
|
Автобақылау пункттерінде жұмыспен айналысатын жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесары
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғаптар Қорғаныш көзілдірік
Резеңкеленген алжапқыш
Мақталы матадан тігілген халат (әйелдерге арналған)
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
1
2
|
4
|
Электр газбен дәнекерлеуші
|
Дәнекерлеушіге арналған костюм Былғары бәтеңке
Бес саусақты ағытпалы қоныштар Диэлектрлік қолғап
Электр газбен дәнекерлеушінің маскасы
Қорғанышты бет қалқан
Қорғаныш көзілдірік
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Диэлектрлік кілемше
Көкірекшесі бар брезент алжапқыш
|
1
1 жұп
12 жұп
кезекші
тозғанға дейін
тозғанға дейін
тозғанға дейін
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
кезекші
2
|
5
|
Жуу қондырғысының машинисі
|
Мақталы матадан тігілген костюм Жеңіл мұнай-майларынан қорғайтын әйелдерге арналған бәтеңке
Мықтылығы жоғары қонышы бар мұнай- майларынан қорғайтын юфтьті қысқа қонышты етік (ерлерге арналған)
Резеңкеленген жеңқап
Қышқыл-сілтіге төзімді қолғап Резеңкеленген алжапқыш Құрамдастырылған қолғап
Қорғаныш көзілдірік
Қорғаныш каска
|
1
1 жұп
1 жұп
кезекші
8 жұп
1
12 жұп
тозғанға дейін
тозғанға дейін
|
6
|
Сырлаушы
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Мақталы матадан тігілген шлем Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Қорғаныш көзілдірік,
Респиратор
Көкірекшесі бар резеңкеленген алжапқыш
Қорғаныш каска
Хлорвинилді жеңқап
|
2
1 жұп
12 жұп
1
3 жылға 1
3 жылға 1
тозғанға дейін
тозғанға дейін
2
тозғанға дейін
2
|
7
|
Кран машинисі
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Респиратор
Қорғаныш каска
|
1
1 жұп
12 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
тозғанға дейін
тозғанға дейін
|
8
|
Сүргілеуші
|
Мақталы матадан тігілген костюм Металл тұмсығы бар былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Қорғаныш каска
Жылуды қорғайтын костюм
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Сигналдық кеудеше
Шатыр немесе брезент шолақ жадағайы
Құрамдастырылған қолғап
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
1
2
12 жұп
|
9
|
Шебер, бригадир
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Жылуды қорғайтын костюм
Пима
Пимаға киілетін кебіс
«Еңбек» қорғаныш каскасы Құрамдастырылған қолғап
|
1
1 жұп
8 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
Тозғанға дейін
12 жұп
|
10
|
Құрастырушы
|
Мақталы матадан тігілген костюм Сигналдық кеудеше
Қорғаныш каска
Құрамдастырылған қолғап
Жылуды қорғайтын костюм
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Тымақ-құлақшын
Былғары бәтеңке
|
1
1
тозғанға дейін
12 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
1 жұп
|
11
|
Көмекші (көлік) жұмысшы
|
Мақталы матадан тігілген костюм Құрамдастырылған қолғап
Металл тұмсығы бар былғары бәтеңке
Резеңкеленген матадан тігілген шолақ жадағай
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Резеңкеленген алжапқыш
Резеңкелі қолғап
Қорғаныш каска
|
1
24 жұп
1 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
1
12 жұп
тозғанға дейін
|
12
|
Бұрғылаушы, жонушы, фрезерлеуші
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап Қорғаныш көзілдірігі
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
|
15
|
Дефектоскопист
|
Мақталы матадан тігілген костюм, Былғары бәтеңке
Резеңкеленген алжапқыш Құрамдастырылған қолғап
Резеңкеленген жеңқап
Диэлектрлік кебіс
Диэлектрлік қолғап
Сигналдық кеудеше
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Диэлектрлік кілемше
Қорғаныш каска
|
1
1 жұп
1
12 жұп
кезекші
кезекші
кезекші
1
3 жылға 1
кезекші
тозғанға дейін
|
16
|
Ағаш шебері, ағаш ұстасы
|
Мақталы матадан тігілген костюм Құрамдастырылған қолғап
Қорғаныш көзілдірік
Былғары бәтеңке
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
|
1
12 жұп
тозғанға дейін
1 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
|
17
|
Токарь
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Қорғаныш көзілдірік
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
3 жылға 1
|
18
|
Сылақшы
|
Мақталы матадан тігілген комбинизон
Құрамдастырылған қолғап
Резеңкелі етік
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Резеңкелі қолғап
|
1
12 жұп
1 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
12 жұп
|
19
|
Слесарь-жөндеуші
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғаптар, Қорғаныш көзілдірік
Респиратор
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
|
1
1 жұп
12 жұп
Тозғанға дейін
Тозғанға дейін
Тозғанға дейін
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
|
20
|
Көтергіш крандарды, механизмдерді, құрал-жабдықтар мен құрал саймандарды жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезіндегі слесарь- жөндеуші
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Қорғаныш көзілдірік
Респиратор
Брезент немесе резеңкеленген матадан тігілген жадағай немесе шолақ жадағай
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
тозғанға дейін
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
|
21
|
Электрлік құрал-жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-электрик
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Қорғаныш көзілдірік
Диэлектрлік қолғап
Сақтандыру белдігі
Диэлектрлік кілемше
|
1
1 жұп
12 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
тозғанға дейін
кезекші
кезекші
кезекші
|
22
|
Слесарь-сантехник
|
Брезент костюм
Резеңкелі етік
Құрамдастырылған қолғап
Резеңкелі қолғап
Противогаз
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
|
1
1 жұп
8 жұп
кезекші
кезекші
3 жылға 1
3 жылға 1
|
23
|
Өндірістік және қызмет үй-жайларды тазалаушы
|
Мақталы матадан тігілген халат Құрамдастырылған қолғап
Резеңкелі етік
Резеңкелі қолғап
|
1
12 жұп
1 жұп
12 жұп
|
24
|
Компрессорлық қондырғылар машинисі
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Шуылға қарсы құлақша
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
|
25
|
Қазандық қондырғыларының машинисі
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Қорғаныш көзілдірік
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы матадан қабаты қалыңдатылған шалбар
Диэлектрлік қолғап
Диэлектрлік кебіс
Респиратор
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
3 жылға 1
3 жылға 1
кезекші
кезекші
тозғанға дейін
|
26
|
Қоймашы
|
Лавсан-вискозалы халат
Көкірекшесі бар резеңкеленген алжапқыш
Құрамдастырылған қолғап
Резеңкелі қолғап
Резеңкеленген жеңқап
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы матадан қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Былғары бәтеңке
|
1
1
8 жұп
1 жұп
1 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
1 жұп
|
27
|
Слесарь-аспапшы
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Қорғаныш көзілдірік
|
1
1 жұп
12 жұп
тозғанға дейін
|
28
|
Күзетші
|
«Страж» жазғы костюмы
«Страж» үстіңгі жейдесі
Қара немесе қара көк бір түсті галстук
Күзетшінің кепкісі
Қалыңдатылған ерлер курткасы Былғары бәтеңке
|
1
4
1
1
3 жылға 1
1 жұп
|
29
|
Қарауылшы
|
Су сіңдірмейтін мақта матадан тігілген жадағай
Мақталы матадан тігілген костюм Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Тұлып немесе шолақ тон
Тымақ-құлақшын
Былғары бәтеңке
|
кезекші
1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
4 жылға 1
3 жылға 1
1 жұп
|
30
|
Жеңіл автокөлік жүргізушісі
|
Мақталы мата қолғап
Көкірекшесі бар резеңкелі алжапқыш
Резеңкелі қолғап
Хлорвинилді жеңқап
|
2 жұп
1
1 жұп
1 жұп
|
31
|
Жүк машиналарының, автобустың жүргізушісі, тракторшы
|
Мақталы матадан тігілген комбинез Құрамдастырылған қолғап
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған шалбар
Пима
Пимаға киілетін кебіс
|
1
8 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
3 жылға 1
|
32
|
Темір ұста
|
Оттан қорғайтын астары бар мақталы матадана тігілген костюм Беті жұмсақ және металл тұмсығы бар былғары бәтеңке
Мақталы мата қабаты қалыңдатылған куртка
Бес саусақты құрамдастырылған қоныштар
Қорғаныш көзілдірік
Көкірекшесі бар брезент алжапқыш
|
2
1 жұп
3 жылға 1
12 жұп
тозғанға дейін
1
|
33
|
Химиялық талдау лаборанты
|
Мақталы матадан тігілген халат Мақталы матадан тігілген бас киім
|
1
1
|
34
|
Моншашы, (душ жұмысшысы), душтарды тазалаушы
|
Мақталы матадан тігілген халат Резеңкелі кебіс
Резеңкелі қолғап
|
1
кезекші
тозғанға дейін
|
35
|
Киім жуу жөніндегі машинисі
|
Мақталы матадан тігілген костюм Көкірекшесі бар мақталы матадан тігілген алжапқыш
Резеңкелі етік
Резеңкелі қолғап
Құрамдастырылған қолғап
Көкірекшесі бар резеңкелі алжапқыш
|
1
1
1 жұп
12 жұп
8 жұп
1
|
36
|
Инженер-технолог
|
Мақталы матадан тігілген костюм Мақталы матадан тігілген халат Былғары бәтеңке
Әйелдерге арналған қонышсыз бәтеңке
Тоқыма қолғап
Жылуды қорғайтын костюм
Сигналдық кеудеше
Қорғаныш каска
|
2 жылға 1
1
2 жылға 1 жұп
2 жылға 1 жұп
12 жұп
3 жылға 1
1
1
|
37
|
Еңбекті қорғау жөніндегі инженер
|
Мақталы матадан тігілген костюм «Еңбек» қорғаныш каскасы
Жылуды қорғайтын костюм
|
1
тозғанға дейін
3 жылға 1
|
38
|
Вагон паркін сақтау жөніндегі жол инпекторы
|
Мақталы матадан тігілген костюм Брезенттен тігілген жадағай немесе шолақ жадағайы
Әйелдерге арналған қонышсыз бәтеңке
Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Жылуды қорғайтын костюм
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Сигналдық кеудеше
|
2 жылға 1
3 жылға 1
2 жылға 1 жұп
2 жылға 1 жұп
12 жұп
3 жылға 1 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
1
|
39
|
Жүк пен багажды қабылдаушы
|
Мақталы матадан тігілген костюм Былғары бәтеңке
Құрамдастырылған қолғап
Жылуды қорғайтын костюм
Пима
Пимаға киілетін кебіс
Сигналдық кеудеше
Қорғаныш көзілдірік
Респиратор
|
2 жылға 1
2 жылға 1 жұп
12 жұп
3 жылға 1 жұп
3 жылға 1
3 жылға 1
1
1 жұп
1
|
40
|
Медбике, фельдшер
|
Медициналық халат
|
1
|
Ескерту:
-
Арнайы киімдерді уақытылы жууды және химиялық тазалауды қамтамасыз ету мақсатында қыста сыртта жұмыс істеу үшін берілетін жадағай немесе шолақ жадағай және арнайы аяқ-киімді есепке алмағанда, қызметкерлерге киіп жүрудің екі еселенген мерзіміне арнайы киімнің 2 жинақталымы беріледі.
-
Әйелдердің қалауы бойынша былғары бәтеңкені қонышсыз бәтеңкеге киіп жүрудің дәл сондай мерзіміне, пиманы қалыңдатылған керзі етікке киіп жүрудің 3 жылға 1 мерзіміне айырбастауға рұқсат беріледі.
«Тозғанға дейін» киіп жүру мерзімі - жарамсыз болып қалған жеке қорғану құралдары есептен шығарудың комиссиялық актісі болған кезде жаңасына ауыстырылады.
___________________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
10-қосымша
Профилактикалық мақсатта сүт немесе
соған тең бағалы басқа тағамдарды пайдалану ұсынылатын
еңбектің зиянды жағдайларымен байланысты кәсіптердің
тізбесі
Кәсіптердің атауы
|
Олармен жұмыс істеу сүт немесе
соған тең бағалы басқа тағамдарды алуға құқық беретін зиянды химиялық заттардың тізбесі
|
1
|
2
|
Аккумуляторшы
|
Күкірт қышқылы, сілті
|
Химиялық, сумен тазалау аппаратшысы
|
Қышқыл, сілті, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
|
Арнайы киімді химиялық тазалау аппаратшысы
|
Үшхлорэтилен, перхлорэтилен
|
Бандажшы
|
Акролеин
|
Ассенизациялау машинасының жүргізушісі
|
Күкіртсутек
|
Гальваншы
|
Хром және оның қосылыстары
|
Қорғасын-қалайы құймасын құюшы
|
Қорғасын және оның органикалық емес қосылыстары, тұз қышқылы
|
Кабельді балқытып қосқыш
|
Қорғасын, қалайы қосылыстары
|
Компрессоршы
|
Акролеин
|
Зертханашы
|
Қорғасын, қышқылдар, сілті, май аэрозолі, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
|
Қазандық машинисі (оператор), қазаншы
|
Көміртегі тотығы, көмір шаңы
|
Нитроэмальдермен жұмыс істейтін сырлаушы
|
Ацетон, нитробензол, нитрометан
Хлор және оның қосылыстары
|
Жуу машинасының машинисі
|
Күкіртсутек, аммиак, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
|
Сорғы қондырғысының машинисі
|
|
Ауыр үлгідегі машиналар машинисі
|
Азот тотығы, көміртегі тотығы, көмірсутек
|
Металдандырғыш
|
Марганец тотықтары
|
Механик-реттеуші
|
Акролеин
|
Моторист
|
Мыс және меконит шаңы
|
Балғашы
|
Көміртегі тотығы, көмір шаңы
|
Жылжымалы құрамды жуушы (жинаушы)
|
Керосин, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
|
Мыстаушы
|
Қорғасын және оның қосылыстары
|
Дәнекерлеуші
|
Күкіртті ангидрид, көміртегі тотығы, азоттың қос тотығы, көмір шаңы
|
Дефектоскоп арбашасының операторы мен оператордың көмекшісі
|
Ацетон, метил спирті
|
Цистерналарды жуушы - булаушы
|
Ацетон, күрделі эфирлер
|
Полимерлерді престеуші
|
Формальдегидтер, акролеин
|
Сіңдіруші
|
Бензол, толуол, ксилол
|
Сынама іріктеуші
|
Сілтілер, толуол, ксилол
|
Кесушілер
|
Азоттың қос тотығы, дәнекерлеуші аэрозоль, марганец тотығы, фторлы сутек, хром
|
Мұнай өнімдерін құюшы-таратушы, жабдықтаушы
|
Метан қатарының көмірсутектері: пентан және изопентан
|
Реостаттық сынаулар слесары
|
Нитробензол, органикалық тотықтар
|
Тепловоздарды металл сынықтарына кесу жөніндегі слесарь
|
Азот тотығы, хлорлы сутек
|
Шыныпластик қаптамаларды жөндеу жөніндегі слесарь
|
Ацетон, капролактам
|
Капрон бөлімінің аэроаспаптарын жөндеу жөніндегі слесарь
|
Капролактам, шектелген көмірсутектер
|
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары
|
Аммиак, күкіртсутек
|
Мұнайұстағыштың жұмысшылары
|
Акролеин, мұнай өнімдері
|
Өрт сөндіргіштерді зарядтау жөніндегі слесарь
|
Борсутектер
|
Слесарь-сантехник
|
Күкіртсутектер
|
Слесарь-моторист
|
Метанол
|
Қазандық жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь
|
Көмірсутектер, көмірсутегі тотығы
|
Отын аппаратурасын, КР-1 циклымен көмекші машиналарды, жол өлшеу машиналарын жөндеу жөніндегі слесарь
|
Шектелген және шектелмеген көмірсутектер, май аэрозолі
|
Аунақшалы мойынтіректерді жөндеу жөніндегі слесарь
|
Фосфамид
|
Тоңазытқыш секцияларын жөндеу жөніндегі слесарь
|
Хлорлы сутек, қорғасын
|
Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
|
Ксилол, толуол
|
Қозғалтқыштарды жөндеу жөніндегі слесарь-дизельші
|
Күкіртсутек, аммиак
|
Токарь
|
Қорғасын, көміртегі тотығы, металл шаңы
|
Металл және қорытпаны өңдеуші, құюшы
|
Алюминий тотығы, темір тотығы, қышқыл
|
Хромдаушы
|
Хром және оның қосылыстары
|
Дәретхана жинаушы
|
Хлор, бутан
|
Электрмен, газбен дәнекерлеуші
|
Хлорлы сутек, азот, темір, көміртегі тотығы
|
ТЭД-ті бояумен айналысатын электр жүрушілер
|
Ацетон, бензол, ксилол, толуол
|
____________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
11-қосымша
Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты жұмыс барысында
мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерге арнайы көлік құралдарын сатып алуға, арнайы көлік құралдарын
күрделі жөндеуге және бензинге ақша бөлу
тәртібі
Жұмыс барысында мертіккен немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған қызметкерлер, өздері олармен еңбек қатынастарында болған Қоғамның қаражаты есебінен арнайы (көлік) құралдармен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектерге арнайы көлік құралдарын сатып алуға ақша бөлу, базалық жинақталымды «DAEWOO MATIZ» автомашинасының құны есебінен, кедендік шығыстарды есепке ала отырып, сатып алған сәттегі автосалондардың бағалары бойынша, өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің болуы, медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша медициналық көрсетілімдері және көлік құралдарын сатушы кәсіпорынның төлеуге берген шоты болған жағдайда, сондай-ақ тиісті ұйымдардан ақысыз алмаған жағдайда жүргізіледі.
Арнайы (көлік) құралдарының бірнеше түрін алуға құқығы бар мүгедектерге сол түрлердің біреуін ғана сатып алуға ақша бөлінеді. Аяқтары зақымдалған мүгедектерге, мамандандырылған ұйымның шоттарына және автомашинаның құрылымын өзгертуге рұқсат ресімделген құжаттарға сәйкес автокөлікті қолмен басқару үшін қайта жабдықтауға қаражат бөлінеді.
Мүгедектер арнайы (көлік) құралдарын медициналық көрсетілімдері бойынша он жыл пайдалану мерзіміне сатып алады.
Арнайы (көлік) құралдарын күрделі жөндеу техникалық тексеру орталықтары жасаған техникалық акт негізінде жасалады, олар берілген күннен бастап он жыл мерзімде бір рет зиян келтіруші Қоғамның қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұл ретте, жөндеу арнайы (көлік) құралы құнының 50% шегінде жүргізіледі.
Мүгедектің қалауы бойынша арнайы (көлік) құралын күрделі жөндеу шығындары үшін ақшалай өтемақыны ала алады.
Өз иелігінде арнайы автокөлік құралдары бар мүгедектерге ағымдағы айдың бірінші күніне, шығыстарының өтелуіне құқығы бар тұлға тұратын аумақта қалыптасқан мұнай өнімдерін сатып алудың босату бөлшек сауда бағалары бойынша АИ-92 бензинінің 75 литрінің құны мөлшерінде бензин шығындарына ай сайын ақшалай қаражаттар беріледі, сонымен қатар мүгедекке бензиннің бағасы туралы анықтаманың құны қайтарылады.
____________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
12-қосымша
Кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын қызметкерлердің
Ұжымдық шартқа қосылу
ТӘРТІБІ
«Қазақстандық салалық теміржолшылар кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – кәсіподақ) кәсіптік одағының мүшесі болып табылмайтын, бірақ «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың әрекеті оған қатысты болуын қалайтын «Қазтеміртранс»» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) қызметкерінің Ұжымдық шартқа жазбаша өтініш негізінде қосылу құқығы болады.
Ұжымдық шартқа қосылуға ниет білдірген Қоғам қызметкері тиісті өтінішті (осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес жазбаша түрде) Қоғамның орталық аппаратының/ филиалының кадрлық қызметіне жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті төрағасының атына жолдайды.
Өтініш Қоғамның орталық аппаратының/ филиалының кадрлық қызметінде тіркеледі, одан кейін өтініш жұмыс берушінің және кәсіподақ комитетінің өкілдерінің қатысуымен бірлескен отырыста қаралады, бұл ретте өтініш қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан артық болмауы тиіс.
Қызметкерлер өкілдері қызметкердің Ұжымдық шартқа әрекетіне қосылуымен келіспейтін болса, жұмыс беруші еңбек шартына қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларды көздейтін толықтыруларды енгізе алады.
Кәсіподақ кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын, Ұжымдық шартқа жазбаша өтініш негізінде қосылған Қоғам қызметкерлерінің тізімдерін жасайды және тиісті деректерді Қоғамның орталық аппаратының/ филиалының кадрлық қызметіне береді.
____________________________________
Кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын қызметкерлердің
Ұжымдық шартқа қосылу тәртібіне
қосымша
ҮЛГІ
Филиал директорына
____________________
Кәсіподақ комитетінің
төрағасына
_____________________
кімнен_______________
Өтініш
Сізден «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт әрекетінің маған қатысты болуын сұраймын.
Қолы күні ТАӘ
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
13-қосымша
Борышты аудару туралы келісім
Астана қаласы 20 __ жылғы «___»____________
Бұдан әрі «1-Тарап» деп аталатын ____________ (еңбек міндеттерін орындаған кезде оның денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаның Т.А.Ә. жеке куәлігін № мен берілген күні), бір жағынан, бұдан әрі «2-Тарап» деп аталатын, ____________ негізінде әрекет ететін ____________ тұлғасында, «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы, екінші жағынан, және бұдан әрі «3-Тарап» деп аталатын, ____________ негізінде әрекет ететін ____________ тұлғасында, ____________ (еңбек міндеттерін орындаған кезде оның денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаға протез жасау жөніндегі қызметтерді көрсететін субъектінің атауы), үшінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, борышты аудару туралы осы келісімді (бұдан әрі - Келісім) төмендегілер туралы жасасты.
1. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес 1-Тарап, 1-Тарап пен 3-Тарап арасында жасалған____________ жылғы №___ ____________ шартта көзделген ____________ үшін ____________ мөлшеріндегі соманы төлеу (бұдан әрі төлем сомасы) жөніндегі борышын 2-Тарапқа аударады және 2-Тарап төлем сомасын толық мөлшерде жүргізуге міндеттенеді.
2. 1-Тарап осы Келісімнің шарттарын іске асыру мақсатында 2-Тарапқа төмендегі құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті:
1) Н-1 нысанды жазатайым оқиға туралы акт, не болмаса, жазатайым оқиға немесе қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерімен байланысты келтірілген өзге зақымдалулар туралы актінің;
2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының;
3) Шарттың;
4) 3-Тараптың протез дайындауға шот-төлемінің;
5) жеке куәлігінің
3. 2-Тарап пен 3-Тарап өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін қол қою арқылы Келісімге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзара тиісті есептерді жүргізуге міндеттенеді.
4. Тараптар, 1-Тараптың өзінің Шартта көзделген төлем бойынша міндеттемелерін орындауы есебінен осы соманы алу үшін 3-Тараптың 2-Тараптан төлем сомасын алатынымен келісті.
5. 1-Тарап 2-Тараптың Келісім бойынша міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
6. Егер оларға Тараптардың өкілдері тиісті түрде қол қойған болса, мөр бедерлері басылған болса, осы Келісімге жазбаша нысанда енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар іс жүзінде болады.
7. Осы Келісімде көзделген қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
8. Осы Келісім, оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Келісім бойынша өзіне алған міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.
9. Келісім, бірдей заңды күші бар, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалған. Әртүрлі оқылған жағдайда, Келісмнің орыс тіліндегі мәтіні басым болып саналады.
10. Тараптардың деректемелері мен қолдары
1-Тарап
__________________
МО
|
2-Тарап
Заңды мекенжайы:
Нақты мекенжайы:
__________________
МО
|
-
3-Тарап
Заңды мекенжайы:
Нақты мекенжайы:
__________________
МО
|
____________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
14-қосымша
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы қызметкерлерін
аттестациялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы қызметкерлерін аттестациялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) қызметкерлерін аттестациялау тәртібін белгілейді.
2. Қоғам қызметкерлерін аттестациялау:
қызметкерлердің кәсіби дайындығының деңгейі мен іскерлік сапасын, олардың өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерін орындау қабілеттерін анықтау;
қызметкерлер біліктілігінің өздерінің лауазымдарына сәйкестігін қамтамасыз ету, қызметкерлерді олардың лауазымдарына Қоғам қоятын біліктілік талаптары туралы хабардар ету;
персоналды оқыту және дамыту қажеттілігін анықтау;
тікелей басшыларының қызметкерлерін оқыту және дамытудың жеке және топтық жоспарларын, өзін-өзі дамыту жөніндегі ұсыныстарды жасауы;
оқыту және неғұрлым жоғары лауазымдарға жылжыту үшін оны кадрлық резервке қосу мақсатында өткізіледі.
3. Аттестациялауды өткізу сәтінде жүкті әйелдер мен Қоғаммен белгілі мерзімге еңбек қатынасында тұрған қызметкерлерден басқа Қоғамның барлық қызметкерлері аттестациялаудан өтуге жатады.
Функционалдық міндеттердің өзгеруіне әкеліп соқпайтын Қоғамның ұйымдастырушылық құрылымының өзгеруіне, қызметкер лауазымы атауының өзгеруіне байланысты қызметкерлердің ауысу мен басқа жұмысқа ауыстыру жағдайларында қызметкерлер жалпы негіздерде аттестациялаудан өтеді.
4. Қоғам қызметкерлері Қоғамда атқаратын лауазымында жұмыс істеген күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін және аттестациялау өткен күннен бастап кемінде үш жыл өткеннен кейін аттестациялаудан өтеді.
Бала күтімі бойынша демалысынан шыққан қызметкерлер, сондай-ақ, қатарынан екі және одан көп ай уақытша еңбек қабілетсіздігі себебімен болмаған қызметкерлер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан соң аттестациялаудан өтеді.
5. Жұмыста ақаулықтарға жол берген Қоғам қызметкерлерін аттестациялау мерзімінен бұрын өткізілуі мүмкін.
6. Аттестациялау рәсімі:
1) аттестациялау өткізуге дайындық ұйымдастырудан;
2) тестілеуден;
3) сұхбаттасудан;
4) аттестациялық комиссияның шешімін шығарудан тұрады.
2. Аттестациялау өткізуге дайындықты ұйымдастыру
7. Қоғам Президентінің, вице-президенттерінің тапсырмасы бойынша қызметкерлерді аттестациялаудан өткізуге дайындықты персоналмен жұмысты қамтамасыз ету функционалдық міндеттері жататын Қоғамның құрылымдық бөлімшесімен немесе жауапты қызметкерімен (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) ұйымдастырылады.
8. Аттестациялауды өткізу үшін Қоғам Президенті бұйрық шығарады, онда:
аттестациялауға жататын қызметкерлер тізімі;
аттестациялау комиссиясының құрамы;
аттестациялау өткізу графигі мен мерзімі бекітіледі.
9. Бұйрық шыққан соң персоналды басқару қызметі аттестациялау басталғанға дейін екі апта бұрын аттестациялаудан өтетін қызметкерге аттестациялаудың өткізілу мерзімі туралы жазбаша хабарлайды.
10. Персоналды басқару қызметі дайындалған аттестациялау материалдарын аттестациялау комиссиясының хатшысына тапсырады.
11. Аттестациялауға жататын қызметкерге осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес аттестациялау комиссияның хатшысы аттестациялау парағын ресімдейді және аттестациялау өткізу басталғанға дейін персоналды басқару қызметімен тапсырылған аттестациялау материалдарымен бірге аттестациялау комиссиясының қарастыруына беріледі.
12. Өткізілген аттестациялау қорытындылары бойынша аттестациялау комиссиясы персоналды басқару қызметіне отырыс хаттамасын, аттестациялау парағын тапсырады.
3. Аттестациялау комиссиясы
13. Аттестациялау комиссияның құрамына төраға, хатшы, комиссия мүшелері кіреді. Аттестациялау комиссиясы Қоғам Президентінің шешімі бойынша Қоғам вице-президенттерінен, атқарушы директорларынан, құрылымдық бөлімшелері басшыларынан, кәсіподақ өкілінен (келісім бойынша), сондай-ақ персоналды басқару қызметі, Заң департаменті қызметкерлерінен құрылады.
14. Ерекше жағдайларда Қоғам Президентінің шешімі бойынша Жалғыз акционердің өкілдерін (келісім бойынша) қоса алғанда, аттестациялау комиссиясының өзге құрамы жасақталуы мүмкін.
15. Аттестациялау комиссияның мүшелері аттестациялаудан жалпы негіздерде өтеді және өздеріне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
16. Аттестациялау комиссиясының отырысы, егер оның жұмысына құрамының үштен екі бөлігінен кем емесі қатысса, құқыққа сай болып саналады.
17. Аттестациялау комиссиясының шешімі ашық дауыс берумен қабылданады.
18. Дауыс беру нәтижелері аттестациялау комиссиясы мүшелерінің дауыс көпшілігімен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
19. Персоналды басқару қызметі жалпы сұрақтар бойынша қызметкерлерді тестілеу үшін келесі материалдарды дайындайды:
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық актілерді және жұмыс берушінің актілерін осы аттестациялатын қызметкерлер білуі тиіс тізбесі (бұдан әрі - Тізбе);
- Тізбе негізінде әзірленген тестік тапсырмалар.
Бекітілген тізбе аттестациялау басталғанға дейін екі апта бұрын персоналды басқару қызметімен Қоғамның қатысты құрылымдық бөлімшелеріне және филиалдарына таратылады.
20. Аттестациялау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан аттестациялау комиссиясының төрағасы, барлық мүшелері және хатшысы қол қояды.
4. Аттестациялауды өткізу тәртібі
21. Қызметкерді аттестациялау оның лауазымдық міндеттерін берілетін тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауы және тестілеудің нәтижелері есепке алып өткізіледі.
22. Аттестациялау комиссиясы аттестациялауды аттестацияланатын қызметкердің қатысуымен өткізіледі.
23. Аттестациялауды өткізу кезінде келесі әдістер қолданылады:
аттестациялауға жататын қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісін толтыру арқылы аттестацияланатын қызметкердің өзін-өзі бағалауы (2-қосымша);
аттестацияланатын қызметкердің тікелей басшысының бағалауы (3-қосымша);
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жұмыс берушінің актілерін білуге тестілеу.
24. Тестілеу компьютерде немесе қағазда жазылған тестілік тапсырмаларды қолданумен өткізіледі.
Тест тапсырмаларының саны 60 болуы тиіс. Тестілеуден өтуге 60 минут уақыт беріледі. Тест тапсырмалары:негізгі қызмет бойынша 40 сұрақтан және Тізбе негізінде әзірленген 20 сұрақтан тұрады.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық актілерді және жұмыс берушінің актілерін білуге арналған тестілік сұрақтарды Компанияның құрылымдық бөлімшелері әзірлейді, олардың басшылары әзірленген тестілердің мазмұны мен құпиялылығы үшін жауапты болады.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық актілерді және жұмыс берушінің актілерін білуге арналған тестілік сұрақтарды заңнамамен белгіленген тәртіппен Қоғам сатып алатын мамандандырылған ұйымдар әзірлеуі мүмкін.
25. Персоналды басқару қызметі тестілеу нәтижелерін қорытындылайды, аттесатациялаудан өткен қызметкерлерді олармен таныстыруды қамтамасыз етеді және тиісті шешім қабылдау үшін аттестатациялау комиссиясына тапсырады.
26. Аттестациялау комиссиясы аттестациялаудан өтетін қызметкерге қатысты келесі шешімдер қабылдауға құқылы:
1) лауазымына сәйкес келеді;
2) қайта аттестациялаудан өтуге жатады;
3) лауазымына сәйкес келмейді;
4) лауазымына сәйкес келеді, жоғары лауазымға ауыстыру ұсынылады.
27. Қайта аттестациялау осы Қағидамен белгіленген тәртіпте оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап алты айдан кейін аттестациялау комиссиясымен жүзеге асырылады.
28. Қайта аттестациялау өткізілгеннен кейін аттестациялау комиссиясы аттестациялаудан өтуші қызметкерге қатысты келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) лауазымына сәйкес келеді;
2) лауазымына сәйкес келмейді.
29. Аттестациялау комиссиясы қажеттілігіне қарай аттестациялаудан өтушіге кәсіби дайындық деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар беруге құқылы.
30. Қызметкер аттестациялау комиссиясының шешімімен танысқан соң қол қоюы тиіс.
31. Аттестациялау комиссиясының отырысына дәлелді себеппен (ауру, демалыс, іссапар) қатыспаған қызметкер аттестациялауды жұмысқа шыққан соң өтеді.
Аттестациялауға қызметкердің дәлелсіз себептермен болмаған жағдайда комиссия қолда бар материалдардың негізінде оның қатысуынсыз аттестациялауды өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
32. Аттестациялау комиссиясының шешімі тиісті хаттаманың күні және нөмірін көрсетумен қызметкердің аттестациялау парағына жазылады.
Аттестациялау парағы, қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісі, аттестацияланатын қызметкердің тікелей басшысының бағалау бланкісі оның жеке ісінде сақталады.
5. Қоғамның аттестациялау нәтижелері бойынша қабылдайтын шаралары
33. Аттестациялау комиссиясының қызметкердің өз лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен оның кәсіптік дайындық деңгейіне сәйкес басқа жұмысқа ауыстыру үшін негіз болып табылады.
34. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда аттестациялау комиссиясының қызметкердің өз лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешімі қызметкермен еңбек қатынастарын тоқтату туралы шешіміне негіз болады.
35. Қызметкер Қоғамның аттестациялау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғамның жергілікті актілерімен белгіленген еңбек дауларын қарау тәртібінде шағымдануға құқығы бар.
________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы қызметкерлерін аттестациялау
қағидасына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |