VI бөлім. Кәсіподақтың міндеттері
13. Кәсіподақ:
1) Жұмыс берушіге:
еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуда;
салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде;
сенім мен өзара түсіністік негізінде әлеуметтік әріптестікті дамытуда жәрдемдесуге;
2) Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін:
олардың өмір сүру деңгейін көтеру;
жұмыстан босату және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
жұмыс уақыты және демалыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша қорғауға;
3) салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жұмыс жүргізуге, кадрлық құрылым қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қоғам қызметкерлеріне жолдамалар бөлуге, балалардың демалуы және сауығуын ұйымдастыруға қатысуға, бұл ретте әлеуметтік әділдік және Қоғамның барлық аймақтарын біркелкі қамту қағидаттарының сақталуын бақылай отырып, Қоғам қызметкерлері мен олардың балаларының сауықтыру демалысы бойынша талдау жасауға;
4) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларының жасалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге, оларды болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысуға;
5) зардап шеккен қызметкерлерге және өндірісте қаза болғандардың отбасыларына ақысыз консультациялар мен Жұмыс берушінің қызметкердің мертігуіне немесе оның еңбек міндеттемелерін орындауына байланысты денсаулығының басқа зақымдалуымен келтірілген зиянды уақытылы және толық өтеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсетуге;
6) берілген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік билік органдарында, Жұмыс берушіде, сотта және басқа органдарда Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, сотқа талап арыздармен жүгіну, Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін құқықтық және нормативтік актілерге наразылық білдіру туралы прокуратураға өтініш жасауға;
7) Кәсіподақ мүшелеріне ұйымдастырушылық, консультативтік, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге;
8) еңбек туралы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру, еңбек дауларын қарауда ақысыз құқықтық көмек көрсетуге және даулы мәселелерді келісім комиссиясының қарауына шығаруға;
9) мемлекеттік органдарға теміржолшыларды экономикалық және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
10) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мәселелері бойынша актілерді, еңбекті, қызметкерлердің тұрмысы мен денсаулығын қорғау жөніндегі актілерді әзірлеуге және келісуге қатысуға;
11) осы Шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына баруға;
12) осы Шарттың жағдайлары орындалған кезде еңбек дауларының пайда болуына және жұмыстың тоқтатылуына жол бермеуге;
13) Қоғам қызметкерлерінің балаларын демалыс өткізу орына апаруды және одан кері қайтаруды ұйымдастыруға, балалар жақын және алыс шет елдерге демалған жағдайда ұшу қаласына және одан кері қоса ілесіп жүруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
VІІ бөлім. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері
14. Жұмыс беруші:
1) Кәсіподақтың құқықтарын сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіподақ құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасауға;
2) кәсіподақ органдарына қызметі үшін қажетті жайлар мен байланыс құралдарын пайдалануға ақысыз беруге;
3) Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын кәсіподақ съездеріне, конференцияларына, кеңестеріне, семинарларына жіберілген және өндірістік жұмыстан босатылмаған делегаттарға, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне купелік вагонда жол жүру құжаттарына төлем жасалуын және іссапармен байланысты шығыстарды өтеуді қамтамасыз етуге;
4) Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша келісімі бойынша олардың еңбекақысынан мүшелік жарналарды ұстауға және бухгалтерия арқылы кәсіподақ ұйымдарының есеп-шотына аударуға;
5) өндірістегі жазатайым оқиғаларға тексеруге және еңбекті қорғау жағдайына, оны жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргізуге қатысушы Кәсіподақ өкіліне теміржолдық көлік шығыстарын өтеуге;
6) негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылатын қызметкерлерді:
Кәсіподақтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес олардың қоғамдық міндеттерін орындауы үшін (айына 8 сағатқа дейін);
Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын съездерге, конференцияларға, сондай-ақ олардың кеңестерінің жұмысына қатысу үшін орташа еңбекақысын сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатуға;
7) осы Шартпен көзделген Жұмыс берушінің міндеттерін орындауы туралы Кәсіподаққа қажетті ақпарат беруге;
8) сайланбалы кәсіподақ органдарына сайлануы салдарынан өндірістік жұмыстан босатылған қызметкерлерге олардың сайланбалы өкілеттіктері аяқталған соң бұрынғы жұмысын (лауазымын), ал ол болмаған жағдайда – сол немесе, қызметкердің келісім бойынша, басқа ұйымда соған тең жұмыс (лауазым) беруге;
9) негізгі жұмысынан босатылмаған филиалдардың кәсіподақ ұйымының Төрағасымен, атқарушы комитетінің мүшелерімен және кәсіподақ ұйымдастырушылармен Кәсіподақтың алдын ала келісімінсіз сайланбалы өкілеттіктері аяқталған соң екі жыл ішінде, Қоғамның таратылу жағдайларынан басқа, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзбауға, сондай-ақ аталған тұлғалар тәртіптік жазаға тартылуға жатпайды немесе мүшелері болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстырылмайды;
10) қосымша ақыларды, үстеме ақыларды, коэффициенттерді, сыйақыларды, сыйлықақыларды есептеу тәртібі мен механизмдерін регламенттейтін Жұмыс берушінің актілерін Кәсіподақпен келісуге;
11) осы кезеңге Қоғам филиалдарында жұмыс істеген, теміржол көлігінде кем дегенде он жыл еңбек өтілі бар Кәсподақ сайланбалы органдарынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлердің Қоғамның филиалдарында бекітілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
VІІІ бөлім. Қабылданған міндеттемелердің орындалмағаны үшін
тараптардың жауапкершілігі
15. Осы Шарт бойынша міндеттемелердің бұзылуына немесе орындалмауына кінәлі лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
ІХ бөлім. Шарттың орындалуына бақылау жасау
16. Осы Шарттың орындалуына бақылау жасауды Комиссия жүзеге асырады.
17. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде пайда болған дауларды реттеуді жергілікті жерлерде құрылған комиссиялар жүзеге асырады.
18. Комиссия осы Шарттың орындалу қорытындыларын жылына екі рет қарайды.
19. Шарт талаптарының бұзылуы анықталған кезде Комиссия бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға жазбаша нысанда оларды жою туралы ұсыныс жібереді. Тараптар 10 күндік мерзімнен кешіктірмей өзара консультациялар жүргізіп, Тараптардың орындауына міндетті болып келетін шешімді жазбаша түрде қабылдауы тиіс.
20. Шарттың мәтіні салалық газетте жарияланады және Қоғамның әр құрылымдық бөлімшесіне жеткізіледі.
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы Президентінің міндетін атқарушы
_______________К. Саурбаев
|
«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы
_______________Ж. Сабитов
|
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
1-қосымша
Нақты еңбек жағдайларына және жұмыстарды орындау ұзақтығына байланысты тарифтік ставкаға (еңбекақыға) қосымша ақы мөлшері
1. Нақты еңбек жағдайларына және жұмыстарды орындау ұзақтығына байланысты еңбекақы төлеудің ең төмен стандарттарына негізделген тарифтік ставкаға (еңбекақыға) қосымша ақы мөлшері бағалау комиссиясының қорытындысының негізінде өндірістік факторлардың зияндылық дәрежесі бойынша балдар сомасы бойынша белгіленеді:
0,1 балдан 1,0 балға дейін - 5 пайыз мөлшерінде;
1,1 балдан 2,0 балға дейін - 8 пайыз;
2,1 балдан 3,0 балға дейін - 10 пайыз;
3,1 балдан 4,0 балға дейін - 12,0 пайыз;
4,1 балдан 5,0 балға дейін - 14,0 пайыз;
5,1 балдан 6,0 балға дейін - 16,0 пайыз;
6,1 балдан 7,0 балға дейін - 18,0 пайыз;
7,1 балдан 8,0 балға дейін - 20,0 пайыз;
8,1 балдан 9,0 балға дейін - 22,0 пайыз;
9,1 балдан 10,0 балға дейін - 24,0 пайыз;
10 балдан асқанда - 25,0 пайыз.
2. Жұмысшылардың бригадирлеріне, көмекшілеріне еңбек жағдайлары бірдей болған кезде қосымша ақы осы кәсіптер жұмысшыларына белгіленгендей мөлшерде белгіленеді.
3. Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыс орындарын кейіннен рационализациялау (зиянды өндірістік факторларды азайту) кезінде қосымша ақылар азайтылады немесе алынып тасталады.
____________________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
2-қосымша
Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр, қауіпті жұмыста істеуі
қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістер, цехтар, кәсіптер мен
лауазымдар тізбесі
Р/с
№
|
Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен
лауазымдардың атауы
|
Қосымша демалыстың күнтізбелік күндердегі ұзақтығы
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Қышқылды (қорғасын) аккумуляторларды жөндеумен және зарядтаумен айналысатын аккумуляторшы;
сілтілі
|
12
6
|
2.
|
Суды химиялық тазарту аппаратшысы
|
6
|
3.
|
Майдан айыру аппаратшысы
|
12
|
4.
|
Электрмен қыздыру кезінде құрсауларды салумен, алумен айналысатын құрсаушы
|
6
|
5.
|
Автомобильдің, соның ішінде арнайы (өрт сөндіру машинасынан басқа) жүргізушісі, жүк көтергіштігі:
1,5-нан 3 т-ға дейін;
3 т және одан жоғары
|
6
12
|
6.
|
Үй-жайлардағы жұмыста жұмыспен айналысатын газбен дәнекерлеуші, электрмен дәнекерлеуші және газбен кесуші;
|
12
|
|
сыртқы жұмыстарда жұмыс істейтін
|
6
|
7.
|
Жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағат болғанда жабық ыдыстарда (қазандарда, резервуарларда, бактарда, бөліктерде) жұмыспен айналысатын газбен дәнекерлеуші
|
12
|
8.
|
Гальваншы:
цианидті ванналар мен оксидтаумен айналысатын;
қалған ванналарда жұмыс істейтін
|
12
6
|
9.
10.
|
Үтіктеуші
Көмірді (тақтатасты), брикеттерді, сондай-ақ ағаш материалдарын тиеумен, түсірумен айналысатын жүк түсіруші;
|
6
6
|
|
сусымалы материалдарды қолмен тиеумен, түсірумен айналысатын жүк түсіруші
|
6
|
11.
|
Алып жүретін ақаутапқылармен үнемі жұмыс істейтін ультрадыбыстық бақылау жөніндегі ақаутабушы
|
6
|
12.
|
Жұмыстың ыстық учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін қаңылтыршы
|
6
|
13.
|
Қорғасын-қалайы қорытпаларын құюшы
|
12
|
14.
|
Өрт сөндіргіштерді жуумен, жөндеумен және зарядтаумен айналысатын зарядтаушы
|
6
|
15.
|
Үй-жайлардағы сынау стендтерінде дизельдерді сынаумен тікелей айналысатын қозғалтқыш сынаушысы;
тепловоздарды реостаттық сынаумен айналысатын
|
12
6
|
16.
|
Ыстық қазандарды жөндеумен тұрақты айналысатын қазаншы
|
12
|
17.
|
Балғалар мен престермен жұмыс істейтін ұста
|
12
|
18.
|
Қолмен соғатын ұста (балғашы)
|
12
|
19.
|
Химиялық талдау зертханашысы
|
12
|
20.
|
Қысыммен істейтін құю машиналарындағы металдар мен қорытпаларды құюшы
|
12
|
21.
|
Локомотивтердің машинистері және олардың көмекшілері
|
12
|
22.
|
газ қозғалтқыштарына;
дизельдік және локомобильдік электр станцияларына қызмет көрсетумен айналысатын іштен жану қозғалтқыштарының машинисі;
|
6
6
|
23.
|
Компрессорлық құрылғылардың машинисі
|
6
|
24.
|
Қатты отынмен жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандарына қызмет көрсетумен айналысатын қазандықтың машинисі (от жағушысы):
қолмен түсірген кезде;
|
12
|
|
механикаландырылған тиеу кезінде
|
6
|
25.
|
Сұйық отынмен және газбен жұмыс істейтін қазандықтың машинисі (от жағушысы)
|
6
|
26.
|
Автомобильдердің шассиіне орнатылған машиналарда жұмыс істейтін автомобиль крандарының машинисі, жүк көтерімділігі:
3 т-дан бастап және одан жоғары;
3 т-ға дейін
|
12
6
|
27.
|
Іштен жану қозғалтқыштары, дизельдері мен электр қозғалтқыштары бар теміржолдық, шынжыр табанды және пневмодоңғалақты жүрістегі крандарға қызмет көрсетумен айналысатын кран машинисі (краншы)
|
6
|
28.
|
Барлық атаулардағы ауыр үлгідегі машиналардың машинисі
|
6
|
29.
|
Ыстық металды өңдеумен айналысатын балғалардағы, престердегі және манипуляторлардағы машинист
|
12
|
30.
|
3 метр және одан артық тереңдіктегі су құбырлық және канализациялық сорғы станцияларына қызмет көрсетумен айналысатын сорғы қондырғыларының машинисі
|
6
|
31.
|
Рефрижераторлық поездар мен вагондардағы тоңазыту қондырғыларының машинисі, механигі
|
6
|
32.
|
Экскаваторларға қызмет көрсетумен айналысатын экскаватор машинисі:
электр қозғалтқышпен жұмыс істейтін;
іштен жану қозғалтқышымен жұмыс істейтін
|
6
12
|
33.
34.
|
Жылжымалы электр станцияларының машинисі
Нысандарды жасаумен айналысатын мыстаушы
|
6
12
|
35.
|
Жабық жайларда тетіктерді бензинде, сілтілік, қышқылдық ерітінділерде жуумен тұрақты айналысатын жуушы
|
6
|
36.
|
Жазу машинкасымен тұрақты жұмыс істейтін машинистка
|
6
|
37.
|
Асыранды құс, мал өнімі шикізаты, шаң шығаратын жүктер, улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштар тасымалданған жылжымалы құрамды тазартумен және жуумен тұрақты айналысатын жуушы-тазартушы
|
6
|
38.
|
Нитробояулармен жұмыс істеумен тұрақты айналысатын сырлаушы:
|
|
|
жайларда камерасыз бояу кезінде пульверизатормен
жаққышпен
|
12
6
|
39.
|
Өздігінен жүретін бұрғылау-кран машиналарының машинисі
|
6
|
40.
|
Құм түсіретін қондырғының машинисі
|
6
|
41.
|
Қолмен істейтін пневматикалық және электрлік соққы құрал-сайманымен жол жұмыстарында тұрақты айналысатын жол монтері
|
6
|
42.
|
Мұнай мен мұнай өнімдері бар резервуарлық парктерге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін құятын және ағызатын эстакадаларға қызмет көрсеткен кездегі тауарлық оператор
|
6
|
43.
|
Вагондарды тексеруші, вагондарды тексеруші-жөндеуші
|
6
|
44.
|
Мұнай өнімдері құйылатын вагон-цистерналарды тексерумен, қабылдаумен және тапсырумен айналысатын темір жол цистерналарын, сыйымдылықтарын тексеруші
|
6
|
45.
46.
|
Паровоздар қазандарын жуушы
Электрографиялық, репродуктивтік аппараттарда тікелей жұмыс істейтін көшіргіш көбейту машиналарының операторы
|
6
6
|
47.
|
Ақпаратты өңдеу жөніндегі оператор
|
|
48.
|
Поезд диспетчері
|
6
|
49.
|
Плита жанында тұрақты жұмыс істейтін аспаз
|
6
|
50.
|
Құрамында мұнай газы бар күкіртті мұнай мен оны өңдеу өнімдерін эстакадаларда құю және ағызу жөніндегі жұмыспен айналысатын жүк пен багажды қабылдаушы-тапсырушы және вагондарды пломбылаушы
|
12
|
51.
|
Ыстық тәсілмен жүргізілетін жұмыстармен айналысатын пластмасса бұйымдарын престеуші
|
12
|
52.
|
Электр машиналары мен аспаптарының статерлеріне, роторларына, орауыштарына, секцияларына, автосымдары мен орамаларына арнайы улы лактар сіңіру жөніндегі жұмыстармен айналысатын электр техникалық бұйымдарды сіңдіруші
|
6
|
53.
|
Сынама алушы
|
12
|
54.
|
Мұнай өнімдері мен химиялық өнімдер құйылатын цистерналарды өңдеумен айналысатын цистерналарды жуушы-булаушы
|
12
|
55.
|
Өнеркәсіптік канализация желісіне қызмет көрсетумен, тазартумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар
|
12
|
56.
|
Абаттандыру жөніндегі (нәжістерді қолмен тазалау жөніндегі жұмыстардағы) жұмысшы
|
12
|
57.
|
Ауа таратқыштардың тетіктерін бензинді, керосинді және МОИ пастасын қолдану арқылы тетіктерді сүртумен тікелей айналысатын вагон депосы автобақылау пунктінің қызметкері
|
6
|
58.
|
Вагондарда, қоймаларда астық, ұн, жарма, кебек және қалдықтар тиеумен және түсірумен тұрақты айналысатын жұмысшы
|
12
|
59.
|
Графит бұйымдарын (тетіктерді) өңдеумен айналысатын жұмысшы
|
12
|
60.
|
Кір төсек жабдықтарының өндірістік партияларын жинақтаумен айналысатын қызметкер
|
6
|
61.
|
Резеңке бұйымдарды кесуші
|
12
|
62.
|
Миканиттен жасалған оқшаулары бар коллекторларды жолақтаумен айналысатын жұмысшы
|
6
|
63.
|
Капроннан жасалған бұйымдарды (тетіктерді) құюмен тұрақты айналысатын жұмысшы
|
12
|
64.
|
Вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші
|
6
|
65.
|
Қорғасын мен қорғасын қорытпаларын механикалық және қолмен өңдеумен айналысатын жұмысшы (станокшы) (жұмыс күні 6 сағаттық болғанда)
|
12
|
66.
67.
|
Құрғақ әдіспен қатты қажақ шарықтастармен, жұмсақ шарықтастармен және қажақ ұнтақтар жағылған төсемдермен (дәндермен) өңдеу, сыдыру, тегістеу, қайрау және егеу жұмыстарымен тұрақты айналысатын жұмысшы
Дәл сол жұмысшылар толық емес жұмыс күні, бірақ жұмыс уақытының 50 пайызынан кем болмайтын уақыт жұмыс істегенде
Құрастырушы
|
12
6
6
|
68.
|
Үнемі электр жылжымалы құрам мен электр берілісі бар тепловоздар науаларының астын тазалап үрлеумен айналысатын жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
|
6
|
69.
|
Майдан айырғыш жабдықты жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын жөндеуші слесарь
|
6
|
70.
|
Дизель қозғалтқыштарының отын аппаратурасын жөндеумен айналысатын отын аппаратурасы жөніндегі слесарь
|
6
|
71.
|
Ағызу аспаптары мен мұнай өнімдері құйылатын цистерналарды бөлшектеумен, жөндеумен, жинақтаумен, тексерумен және май құюмен тұрақты айналысатын жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
|
12
|
72.
|
Өнеркәсіптік желдетуді және жылу беруді жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі слесарь
|
6
|
73.
|
Вагондарға қызмет көрсету және вагондарды тасымалдауға дайындау пункттеріндегі жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
|
6
|
74.
|
Этилденген бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштар мен отын аппаратурасын жөндеумен айналысатын автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь
|
12
|
75.
|
Ыстық қазандарды жөндеу жұмыстарымен айналысатын жөндеуші слесарь;
бу күші шаруашылығындағы басқа жұмыстармен
|
12
6
|
76.
|
Қоғамдық дәретханаларда канализацияны тазарту және жөндеу жөніндегі жұмыстармен айналысатын слесарь-сантехник
|
6
|
77.
|
Тұтас металдан жасалған вагондардың сүзгілерін регенерациялаумен тұрақты айналысатын жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
|
6
|
78.
|
Кір жуу жабдығын жөндеуші слесарь
|
6
|
79.
|
Тұтас металдан жасалған вагондардың сүзгілерін регенерациялаумен тұрақты айналысатын жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
|
6
|
80.
|
Ағызушы-құюшы:
қышқылдармен және мұнай өнімдерімен жұмыс істейтін;
жағар маймен жұмыс істейтін
|
12
6
|
81.
|
Поездар құрастырушы және поездар құрастырушының көмекшісі
|
6
|
82.
|
Кір жуушы:
қолмен жуатын және арнайы киімді жуатын;
басқа жұмыстармен айналысатын
|
12
6
|
83.
|
Такелажшы
|
6
|
84.
|
ЖЖТ қондығыларындағы термист, пештердегі термист
|
6
|
85.
|
Телеграфшы
|
12
|
86.
|
Дәрігер-физиотерапевт
|
12
|
87.
|
Сырттағы (қоғамдық) дәретханаларды тазалаумен айналысатын қызметтік жайларды тазалаушы
|
6
|
88.
|
Гальваникалық бөлімшені, сондай-ақ бұйымдарды қорғасын қорытпаларымен балқытып жабыстыру және түзету учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін өндірістік жайларды тазалаушы
|
6
|
89.
|
Хрономотографиямен және металлографиямен айналысатын фотоға түсіруші
|
12
|
90.
|
Бұйымдарды егеумен айналысатын егеуші:
құрғақ әдіспен қажақты шарықтаспен немесе хром пастасын қолдану арқылы;
керосинді, бензинді, карборунд пастасын, зімпара қағазды, майды және вена әгін қолдану арқылы
|
12
6
|
91.
|
Шынымақтамен және шыныталшықпен жұмыс істейтін моторшы-тігінші
|
6
|
92.
|
Электр күші шаруашылығын жөндеу жөніндегі электр монтері
|
6
|
93.
|
Электр жабдығын жөндеу жөніндегі электр монтері
|
6
|
94.
|
Биіктіктегі жұмыстармен айналысатын әуелік электр берілісі желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері
|
6
|
95.
|
Кернеулігі 110 кВ және одан жоғары электр желілерінде жұмыс істейтін электр желілеріндегі сынаулар мен өлшемдер жөніндегі электр монтері
|
6
|
96.
|
Қосалқы станцияға қызмет көрсету жөніндегі электр монтері, кернеулігі 110 кВ және одан жоғары электр желілерінде жұмыс істейтін электр қосалқы станцияларының жабдығына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электр монтері
|
6
|
97.
|
Жаңажамбыл фосфор зауытының аумағында жұмыс істейтін Асса станциясының қызметкерлері, тауар кассирлері – 4 адам, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушылар – 6 адам, вагондарды қараушы-жөндеушілер - 5 адам
|
6
|
98.
|
Өрт сөндіру машиналарын жүргізумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі, жүк көтергіштігі:
5 тоннаға дейін;
5 тоннадан жоғары
|
6
12
|
Ескертулер:
1. Қоғам филиалдарының басшылары кәсіподақ комитеттерінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйрығымен бекітілген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) ауыр (аса ауыр), қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайларына жыл сайынғы ақылы қосымша демалысына құқық беретін Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тiзіміне (тізбесіне) сәйкес осы Тізбені толықтыра алады.
2. Осы қосымшада кәсіптері қарастырылған цех, учаске басшыларына, бригадирлерге, көмекшілерге ұзақтығы тиісті кәсіптер жұмысшыларына берілетін қосымша еңбек демалысы ұзақтығындай қосымша еңбек демалысы беріледі.
_______________________________________
«Қазтеміртранс»
акционерлік қоғамы және оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шартқа
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |