7. СОРҒЫ СТАНЦИЯЛАРЫ
2009 жылы «Астана-Теплотранзит» АҚ-дағы №7,8,9 СС-та реттеп жіберу жұмыстары жүргізілді және аталған СС 2010-2011ж.ж. жылыту маусымында жұмыс істеді. Бұл СС-та жиілікті реттеумен іске жіберудің каскадтық жүйесі, яғни сорғылар тобына бір ЖРТ қолданылды. Осы станцияларды пайдалану СЕТИ-ден жұмыс істейтін сорғыларды жүктемесі біркелкі емес, сорғы қандай көлемді тартатынын есептеу қиын және электр энергиясын тұтыну бойынша үнемдеу жоқ екенін көрсетті.
2010 жылы №5 СС-ты жаңарту кезінде су беруші және кері ағын желілерінде жұмыс істейтін сорғыларда екі-екіден ЖРТ орнатылғаны анықталды (үш сорғыға бір ЖРТ). № 5 СС-ты пайдалану қысымды сақтау функциясын іске қосқан кезде ЖРТ бірге жұмыс істейтін және үйлесімді жүктеледі және істен шығады. Бұл іске қосу кезінде үйлесімдіклікті, «тербелудің», соққының және гидросоққының болмауын, жабдықтың аз және біркелкі тозуын, электр энергиясының үнемлеуін береді.
Сондықтан жаңа станцияларды жобалау және салу кезінде бір ЖРТ – бір сорғы сызбанұсқасы бойынша жиілікті реттеуіш жетекті қолдану қажет.
Сорғыларды таңдаған кезде олардың мойынтіректерді салқындатпай, бүйірлік тығыздама түйінінде су тығыздамасын (тіреу) салқындатпай және жасап жұмыс істеу мүмкіндігіне назар аудару керек. Бұл кері сумен қамту және салқындату үшін суды тұтыну және желдету бойынша үнемдеуге алып келеді.
Сорғы станцияларында сығымдау сорғыларын орнату кезінде олардың жұмысын ЖРТ арқылы қарастыру қажет, ол гидравликалық сынау кезінде тапсырылған қысымды сақтауға мүмкіндік береді (тегеурінді ысырма бекіткіштерді нормадан артық ашу және олардың салдары болуы мүмкін гидросоққылар және апаттар).
Бұрын салынған № 3,10,11 СС сорғы станцияларында ЖРТ-ны және шарлы тиекті арматураны орнатумен оларды диспетчерлікпен басқару мүмкіндігімен жаңартуды жүргізу.
Сорғы станцияларын іске жіберу мен басқару шығындар, қысым, температура, діріл, электр қозғалтқыштарды жүктеу, машинист пен ЖДҚ диспетчерлігіне тиекті және реттеуші арматураның жағдайлары туралы деректер шығумен машинистің АЖО-мен жүзеге асырылады.
Салынып жатқан станцияларда өрт сөндіру, желдету және бейнебақылау жүйелерін орнату қарастыру қажет.
ТП БАЖ бар және ОДП деректерді беру жүйесімен жабдықталған барлық сорғы станциялары мен павильондар ОДП-ға санкцияланбаған кіру туралы дабылды беру мен бейнебақылау жүйесімен жабыдқталған.
8. ӨНДІРІСТЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
«Астана-Теплотранзит» АҚ денсаулықты қорғауға, қауіпсіздік техникасын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, сапаны және іскерлік беделді арттыруға аса назар аударады, өндірістік қызметке қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапкершілігін сезінеді.
Біз өнімнің және қызметтің сапасын үздіксіз арттыруға талпынамыз, бұл ретте адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаймыз және осы салада өзіміздің барлық міндеттерімізді орындаймыз.
Кәсіпорын еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық қолданыстағы номалар мен стандарттарды міндетті сақтау қазіргі заманғы табысты бизнес дамуының маңызды шарты болып табылады деп есептейді.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің негізгі міндеттері:
- өндірісте қауіпсіз және таза еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру;
- кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік саласында заңнамалық актілердің, нормативтік құжаттардың, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жұмыс берушінің актілерінің және мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары ұйғарымдарының сақталуын бақылау.
«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттері:
- әрқашан және кез келген жағдайда біздің қызметкерлеріміздің еңбегін, денсаулығын және қауіпсіздігін қорғауды жақсартуды қамтамасыз ету және оған талпыну;
- сапа талаптарына сәйкессіздік жағдайларын жою және жазатайым жағдайларды ескерту;
- табиғи ластануды болдырмау және қалдықтарды шектеу, сонымен қатар қалдықтарды қысқарту және қайта өңдеу жолымен қоршаған ортаға әсер етуді азайтады;
- технологиялық жабдықтардың сенімділігін, қауіпсіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз етумен кәсіпорынның өндірістік объектілерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақтағаны үшін кәсіпорын қызметкерлерін жеке және ұжымдық жауапкершілігін дамыту және ынталандыру;
- өндірісте қауіпсіз жұмыс істеудің тұрақты уәжделген механизмін кәсіпорын қызметкерлерінде қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығына және бірге жұмыс істейтін адамның өмірі мен денсаулығына жауапкершілік мәселесі озық тәжірибені енгізуді насихаттау және жүргізу;
- еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне кәсіпорынның қызметкер құрамын үздіксіз оқыту жүйесін енгізу;
- еңбектің қолайсыз жағдайларының әсерінен кәсіпорын қызметкерлеріне келтірілген залалдың орнын толтыруға бағытталған өтеу шараларын іске асыру, өндірістегі жазатайым жағдайларда және аурумен ауырған жағдайда қызметкерлердің денсаулығын қалпына келтіру.
Объекті сапасының өсуін және технологиялық жабдықтардың дамуын, сондай-ақ өндірісте жұмылдырылған жұмыскерлер санының өсуін есепке алғанда штат бірлігінің ұлғаюымен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметіне ауыстырлды, ол өз кезегінде кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында заңнамалық актілер талаптарының сақталуына алып келеді.
9. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Экология
«Астана-Теплотранзит» АҚ экология саласындағы техникалық саясатының негізі принциптері мыналар болып табылады:
-
өндіріс шығындарының пайда болуын қысқарту мен оларды экологиялық түрде қауіпсіз қолдану;
-
экологиялық жағымсыз әсерді жою бойынша шара қолдануға ескерту шараларын қолдану басымдылығы;
-
экологиялық ақпараттың ашықтылығы мен қол жетімділігі, мүдделі тараптарға болған апат, олардың экологиялық зардабы мен оларды жою бойынша шаралар туралы дереу түрде ақпарат беруі;
-
өндірістік эколоиялық мониторинг нәтижелерінің ашықтылығы мен қол жетімділігі;
-
қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіпорын қызметкерлер құрамының экологиялық мәдениетін, білім және кәсіби деңгейін жоғарлату, табиғи ресурстары мен экологиялық қауіпсіздігін орынды қолдану.
«Астана-Теплотранзит» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеті – табиғи ластануларды болдырмау мен қалдықтарды шектеу, сондай-ақ қалдықтарды қысқарту мен қайта өңдеу жолымен қоршаған ортаға әсер етуін азайту;
«Астана-Теплотранзит» АҚ тұрақты дамуының негізгі талаптары болып өнеркәсіптік алаңы ауданында және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында қолайлы экологиялық жағдайды сақтау, мекен ету ортасына, қоршаған ортаға өндірістік қызметінің зиянды әсерін азайту болып табылады.
Кәсіпорын табиғатты қорғау іс-шараларын енгізуге шығындарын үнемі ұлғайтып отырады. Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес жаңа стандарттардың талаптарына сәйкес көлік құралдары ауыстырылып отырады. Жылу көзінен тұтынушыларға жылу энергиясын тасымалдау кезінде жылу ысыраптарын азайту үшін кәсіпорында жылу энергиясының өндірілуіне жылу көздерінің шығындарын азайтатын алдын ала оқшауланған құбырлардың арнасыз төсемінің жаңа технологиялары енгізіледі , яғни жағылған отынының санын азайту, ең соңында – атмосфераға зарарлы қалдықтарды шығаруды азайту.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралардың өндіріс барысында орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнамалық талаптарды орындау үшін қоршаған ортаның үнемі өндірістік экологиялық бақылау мен мониторинг жүзеге асырылады.
10. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы техникалық саясатта мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Желдету – санитарлық-гигиеналық және технологиялық талаптарға сәйкес әуе ортасының құрылуын қамтамасыз етуші орынжайлардағы табиғи немесе жасанды реттелетін ауа алмасуы.
Ішкі жылумен қамту – жылыту жүйесін жылумен қамту, ыстық сумен қамту, желдету, стандартқа сәйкестендіру, ауаны жылыту, ауа-жылу бүркеуі.
Қоғамдық ғимараттар – олардың мақсатына сәйкес бір қатар жалпы функционалдық және көлемді-жоспарлау шешімі, демалу , бос уақытын өткізу, білім алу, қызметінің өндірістік емес саласы және с.ұ. адамдардың тұрақты немесе уақытша келуі арналған ғимараттар.
Жылыту – жылу жайлылығы жағдайын анықтайтын немесе олардағы болып жатқан технологиялық үдерістің талаптарымен берілген деңгейде орынжайлардағы температураны жасанды түрде ұстап тұру.
Орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі – жылыту, жылу тораптары, (сыртқы жылу құбырларының диаметрі, саны және ұзындығына байланысты) жылу тұтынушыларының бір немесе бірнеше жылу көздерінен тұратын жүйе.
Жылу тораптары қызмет ету мерзімі – құбырдың әрі қарай пайдалануы немесе оны бұзу қажеттілігінің рұқсаты, параметрлері мен шарттарын анықтау мақсатында құбырлардың техникалық жағдайына сараптамалық зерттеу жүргізуді қажет ететін мерзімінің аяталуы бойынша пайдалануға енгізу күнінен бастап күнтізбелік жылдардағы уақыт кезеңі.
Жылдың суық (жылыту) кезеңі - 8°С-қа тең немесе төмен сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасымен сиапатталатын жыл кезеңі.
Жылдың жылы кезеңі - 8°С-қа тең немесе жоғары сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасымен сипатталатын жыл кезеңі.
Жылыту маусымының ұзақтылығы - сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы плюс 8°С-қа тең және төмен тұрақты болса бір жылда тәуліктің орташа статистикалық санын ұсынатын ғимараттың жылыту жүйесі жұмысының есепті кезеңі.
11. ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚҰЖАТТАМАНЫҢ ТІЗБЕСІ
Осы техникалық саясатты әзірлеу кезінде келесі нормативті құжаттар қолданылды:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Қазақстан Республикасының Заңы
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528-II Қазақстан Республикасының Заңы
МСН 4.02-02-2004 «Жылу тораптары»
ҚР ҚНжЕ 3.01-01Ас-2007 Астана қаласын жайғастыру және салу.
ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 «Жылыту, желдету және ауаны баптау»
ҚР ҚНжЕ 1.01-32-2005 Құрылыс терминологиясы
ҚР ҚНжЕ1.01-35-2005 Құрылыс терминологиясы. II бөлім. Негізгі кешендер. Инженерлік іздестіру
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар пен имараттардың өрт қауіпсіздігі.
ҚР ҚНжЕ2.04-01-2001* Құрылыс климатологиясы
ҚР ҚНжЕ3.01-01-2002* Қала мен ауыл мекендерін жайғастыру және салу.
ҚР ҚНжЕ3.02-02-2001 Қоғамдық ғимараттар пен имараттар
ҚР ҚНжЕ3.02-04-2002 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар
ҚР ҚНжЕ3.02-16-2003 Көп функционалды ғимараттар мен кешендер
ҚР ҚНжЕ 3.02-24-2004 Мектепке дейінгі мекемелер
ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004 Жалпы білім беретін мекемелер
ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 Тұрғын ғимараттар
ҚР ҚНжЕ 2.04.14-88 Жабдықтар мен құбырларды жылумен оқшаулау
ҚР ҚН 4.02-04-2003 Жылу тораптары. Индустриалды өндірістің пенополиуретанды оқшаулауы бар болатты құбырларды арнасыз төселген тораптарға жобалау және салу.
ҚР ҚН 4.02-09-2002 Жер суларының жоғары деңгейдегі аймақтарда қала жылу тораптарын жобалауы және құрылысы бойынша нұсқаулық.
ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттардың, орынжайлардың және имараттардың автоматты өрт дабылы, автоматты өрт сөндіру құрылғыларымен және адамдарды өрт туралы ақпараттандыру жүйелері бар жабдықтау нормалары.
ҚР ҚН2.04-21-2004 Азаматтық ғимараттардың энергия тұтыну және жылу қорғанысы.
ҚР ҚН4.02-16-2005 Бір пәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін жобалау және құрылысы.
ҚР ҚН 4.02-17-2005 Жылу пункттерін жобалау
ҚР ҚН4.02-101-2002 Металл полимерлі құбырларды қолданып құбырлардың жылыту жүйесін жобалау және монтаждау
ҚР ҚН 4.02-103-2002 Жылумен қамтудың автономды көздерін жобалау
ХCH 2.04-02-2004 Ғимараттардың жылу қорғанысы
МСН 4.02-03-2004 Жабдықтар мен құбырларды жылумен оқшаулау
МСН 2.04-03-2005 Шудан қорғаныс
МСП 2.04-101-2001 Ғимараттардың жылу қорғанысын жобалау
ВСН 60-89 Байланыс, дабыл, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың инженерлік жабдықтарын диспетчерлеу құрылғылары. Жобалау нормалары
МЕМСТ 30494-96 Тұрғын және қоғамдық ғимараттар
Казақстан Республикасының (ЭҚҚ) электр қондырғылар құрылғыларының ережелері. Астана 2003 жыл
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ереже»
РД 34 ҚР 20/03.501/202-04 Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері және Қазақстан Республикасы тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері
МЕМСТ-30372-2006 Полиэтиленді қабықшада пенополиуретаннан жасалған жылумен оқшаулауы бар болатты құбырлар мен қалыпты бұйымдар. Техникалық шарттар
Осы нормаларды сілтемелері бар қолданыстағы нормативті құжаттардың қатарынан алып тастаған кезде, алып тасталғандардың орнына енгізілген нормаларды басшылыққа алу керек.
Басқарма төрағасының
бірінші орынбасары С. Голев
Достарыңызбен бөлісу: |