Лекция 14
Жұлдыздардың температурасы мен түсі
Жұлдызды аспанды бақылау кезінде біз жұлдыздардың түстері әр қилы екендігін байқауымыз мүмкін.Қызған метальдың түсі бойынша оның температурасын болжауға болатыны сияқты, жұлдыз түсі де оның фотосферасын, температурасын көрсетеді.Сәуленің максимал толқын ұзындығы мен температурасы арасында белгілі байланыс (29) бар.Әр түрлі жұлдыздардың сәуле шығару максимумы әр түрлі толқын ұзындығына келеді.Мысалы біздің Күн-сары жұлдыз.Капелла да осы түсті жұлдыз,оның температурасы 6000 К шамасында. Температурасы 3500-4000 К болатын жұлдыздар қызғылт түсті (Альдебаран).Қызыл жұлдыздардың (Бетельгейзе) температурасы 3000 К-ге жуық.Қазіргі кезде белгілі жұлдыздардың ең суықтарының температурасы 2000 К-нен аз.Мұндай жұлдыздарды спектрдің инфрақызыл бөлігінде бақылауға болады.Күннен көп ыстық жұлдыздар көптеп саналады.Оларға,мысалы,ақ жұлдыздар (Спика Сириус,Вега) жатады.100000-200000 К аралығында.Фотосферасының температурасы 300000-500000 К болатын көгілдір-ақшыл жұлдыздар кездеседі.Жұлдыздардың қойнауындағы температурасы 100000000 К-нен кем емес.
Жұлдыздардың спектрі мен химиялық құрамы.
Жұлдыздардың табиғаты туралы маңызды мәселелерді астрономдар олардың спектрін талдау арқылы алады.Көпшілік жұлдыздардың спектрлері Күн спектрі тәрізді жұту спектрі болып табылады:үздіксіз спектр реңкінде күңгірт сызықтар байқалады.
Жұлдыздардың бір-біріне ұқсас спектрлері жеті негізгі спектрлік кластарға топтастырылған.Олар латын альфавитінің бас әріптерімен таңбаланады:
O – B – A – F – G – K – M
және тізбекте реті бойынша солдан оңға қарай ауысқанда жұлдыз түсі (О класы) аққа (А класы), сарыға (G класы), қызылға (М класы) өзгереді.Демек,осы бағытта кластан класқа өткен сайын жұлдыздардың температурасы кемиді.
Сонымен,спектрлік кластар тізбегі жұлдыздардың түстері мен температуралары айырмашылығын көрсетеді.Мысалы,F спектрлік класында келесі қосалқы кластар бар:
F0 – F1 – F2 - F3 - F4 - F5 - F6 - F7- F8 - F9
Күн G2 спектрлік класына жатады.Негізінде жұлдыздар атмосферасының химиялық құрамы ұқсас: олардағы ең көп таралған элементтер,Күндегі сияқты, сутегі мен гелий болып табылды.Жұлдыздар спектрлерінің әр түрлілігі ең алдымен олардың температураларының әр түрлі болуынан деп түсіндіріледі.Жұлдыздар атмосфераларындағы заттардың физикалық күйі мен спектрінің түрі температураға байланысты.Жоғары емес температурада (қызыл жұлдыздар) жұлдыздар атмосферасында бейтарап атомдар,тіпті қарапайым молекулалық қосындылар(C2,CN.TiO,ZrO және т.б.) бола алады.өте ыстық жұлдыздар атмосферасында иондалған атомдар басым.
Температурадан басқа, жұлдыз спектрінің түрі қысым мен фотосфера газының тығыздығымен, магнит өрісінің болуымен, химиялық құрамының ерекщелігімен анықталады.
Жұлдыздардың жарқырағыштығы
Жұлдыздар да Күн тәрізді энергияны электромагниттік тербелістің барлық толқын ұзындығы диапозонында шығарады.Жарқырағыштық жұлдыздың сәуле шығаруының жалпы қуатын сипттайтын және ең басты сипаттамаларының бірі болып табылады.
Жұлдыздардың жарқырауының айқын айырмашылығын алғаш рет 1905 жылы дат астрономы Э.Герцшпрунг (1873-1967) анықтады.Бүгінде жұлдыздарды олардың жарықтылығына қарай аса алып және ергежейлі деп топтастырады.Аса алып жұлдыздар Күннен мыңдаған, ондаған мың және жүздеген мың есе алып жұлдыздар – жүздеген есе күшті сәуле шашады,ал ергежейлі жұлдыздардікі Күнмен барабар және онан жүздеген мың есеге дейін төмен.
Табиғатта ергежейлі жұлдыздар аса алыптар мен алыптарға қарағанда әлдеқайда көп, сондықтан біздің Күніміз жалғыз жаратылыс емес,ол орташа көлемді және орташа жарық жұлдыз болып табылады.
Енді жұлдыз жарқырауының олардың көлемдеріне ғана емес, оларлың фотосфераларының температурасынан да болатынын атап айтамыз.Жұлдыздардың өлшемдері бірдей болған жағдайда фотосфера температурасы неғұрлым жоғары болса,жарқырауы соғұрлым күшті және жұлдыздардың түстері де оның температурасына тікелей байланысты.
Жұлдыздардың радиустары
Астрономдар ең соңғы жетістіктегі техниканы қолданғанның өзінде бірнеше жұлдыздың ғана бұрыштық диаметрін (ол бойынша қашықтықты,сызықтық өлшемін біле отырып) тікелей өлшей алды.Негізінде астрономдар жұлдыздардың радиусын басқаша тәсілдермен анықтайды.Көптеген жұлдыздардың радиусын анықтай отырып, астрономдар өлшемдері Күн өлшемінен едәуір өзгеше болатын жұлдыздар бар екеніне көз жеткізді.Ең үлкен өлшем аса алып жұлдыздарда.Олардың радиусы Күн радиусынан жүздеген есе үлкен.Мысалы,Сарышаянның r (Антарестегі) радиусы Күн радиусынан 750 еседен артық үлкен.Радиусы Күн радиусынан ондаған есе үлкен жұлдыздар алыптар деп аталады.Өлшемдері Күн шамалас немесе одан кіші жұлдыздар ергедейлілер деп аталады.Ергежейлілер арасында Жерден,тіпті Айдан да кішілері бар.Одан да кіші жұлдыздар ашылуда.
Жұлдыздар массалары
Жұлдыздар массалары-олардың ең басты сипаттамаларының бірі.Жұлдыздар массалары әр түрлі. Бірақ жарқырағыштықтары мен өлшемдеріне қарағанда жұлдыз массалары едәуір мөлшерде шектеулі:ең ауыр деген жұлдыздар әдетте Күн массасынан бар болғаны ондаған есе үлкен де,жұлдыздың ең кіші массасы 0,06 М.Жұлдыз массасын анықтаудың басты (негізгі) тәсілін қос жұлдыздарды зерттеу береді:сонымен қатар жарқырағыштық пен жұлдыз массасы аралығында тәуелділік бар екендігі айқындалды.
Жұлдыз ғылымы-астрономия ерте замандарда ,мал жайылған жазық далаларда, жойқын өзендердің егін салған аңғарларында туған.Оны тудырушылар-өмір талаптары,өндіріс процестері.Жаратылыстанудың жеке салаларының жүйелі дамуын зерттеп білу қажет,-дейді Фридрих Энгельс.-Әуелі астрономия, ол мал өсіретін және егін салатын халықтарға тіпті жыл мезгілдерін айыру үшін-ақ сөзсіз қажет.Астрономия тек математиканың көмегімен ғана дами алады. Сондықтан осы соңғымен де шұғылдануға тура келеді.Одан әрі жер кәсібінің дамуының белгілі сатысында және белгілі елдерде (Мысырда жер суару үшін суды жоғары көтеру),әсіресе қалалардың,ірі құрылыстардың пайда болуымен және қолөнер кәсібінің дамуымен бірге механика да дамыды.
Сонымен,аспан ғылымының тарихы ғасырлар түпкірінде басталды.Оның бізге белгілі алғашқы отаны-Мысыр(Египет).Ниль өзенінің тасуы мысырлықтарды үнемі күйзеліске ұшыратып отырды.Бертін Мысыр абыздары Сүмбіле жұлдызы туған кезде таситынын аңғарған.Міне,жұлдыздардың осындай ерекшеліктері де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |