Асубұлақ кенті әкімінің 2012 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенты Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың



Дата24.02.2016
өлшемі101.72 Kb.
#13098
Асубұлақ кенті әкімінің 2012 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Құрметті кент тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Президенты Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу туралы» тапсырмасын орындауға Ұлан ауданында жыл сайын әкімдердің өздеріне сеніп тасырылған аумақтарында кездесулер өткізілуде.
Өнеркәсіп
Кент аумағында 100-ден астам адамды жұмыспен қамтылып «Белогорстрой» ЖШС жекеше өндірістік кәсіпорын жұмыс істеген. Кәсіпорын тротуар плиталарын, жақтаулар, поребрикетер,вазондар, опорлар, қабырға тастарының жиынтығын өндірген.Оған қоса кәсіпорын брус ретінде ағаш өнімдерін тілінген тақтайлар, вагоншалар, еден тақтайлары және т.б. өндірді. «Саржомарт»ЖШС әртүрлі мөлшердегі тақтайлар, қашалар шығарады. «Ұлан жолдары» КМК жұмыс істейді.Жаз айларында жолдарға жөндеу жұмыстарын, қыс кезінде кент аумағында қардан арылту жұмыстарын жүргізеді. 2013 жылы М.Айбатова наубайхана және жаңадан екі азық-түлік дүкендер ашылуы жоспарлануда .ЖШС «Красный Кардон», ЖШС «Тау-2002», ЖШС «ГРК БГОК», Орман шаруашылығы, Қазақтелеком, Алтайэнерго, Өрт сөндіру бөлімі,полиция бөлімшесі, Казпошта, «Ұлан жолдары»
Ауыл шаруашылығы
Жеке шаруашылықта немесе жеке меншік секторда ірі қара – 1201 бас, оның ішінде 514 сиыр, қой мен ешкі – 993 бас, шошқа – 15 бас, жылқы – 81 бас,құс – 1911 бас. Ауылшаруашылығын өсімдік жағынан қорытындыласақ: картоп отырғызу алаңы -49,9 га құрайды,өнім алу - 7500 ц. Көкөніс отырғызу алаңы- 4,0 га құрайды, 13,75 ц өнім алынды. Әлеуметтік тақырыпты айтар болсақ кент аумағында 1 ҰОС ардагерлері, 127 тыл еңбеккерлері тұрып жатыр. Зейнеткерлердің жалпы саны 650, оларға мемлекет ай сайын 16941000 теңге зейнетақы төлеп отыр. 2012 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алып отырған отбасы – 54, оларға 1368400 теңге төленді, әлеуметтік көмек алушылар 14 адам 837300 теңге төленді, тұрғын үй көмек 1174,0 теңге көрсетілді. 2012 жылға 1 қаңтарға жұмыссыздар саны 14 адам болды. Жыл ішінде 10 адам жұмысқа орналастырылды. 2011 жылы лицей ашылған, директоры Жакупов Б.С. Лицей штукатур - сылақшы, ВС категориялы жүргізушілер, газ және электрмен дәнекерлеушілерді даярлайды. Мұнда 15 адам газбен және электрмен дәнекершілеушілер, 24 адам сылақшы, 9 адам жүргізуші болып даярланып шықты. «2020 –Бағдарламасы» бойынша тегін оқытылып,12 мың теңге стипендия төленді.

Жергілікті бюджетті толықтырудың басты құралы салық болып табылады. 2012 жылы мүлік және жер бойынша салық 100 пайызға орындалды. Жер салығы жоспары 168855 орындалуы 100 %. Мүліктік – 82496 орындалуы 100 %. Бір реттік талондар жоспар бойынша 100 000, орындалуы 100 850, 100,8%.


Кенттегі бизнес
Кентте шағын бизнестің 27 субъекті тіркелген, олардың істеп тұрғаны – 20. Олар 19 дүкен, біреу дәмхана, шаштараз, аяқ-киім жөндейтін, дөңгелек жөндеу нүктелері, бизнеспен айналысатындар саны 37 адам. Инфляциялық процестерді ұстап тұру үшін субъектілермен 10 пайыздық қосымша баға қоюға меморандум жасалған. Бірінші қажеттілік тауарларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Бюджет
2012 жылға 14727900 теңге бөлінді, аппарат қызметіне 9350300 теңге, бұл статьяға салықтар, аударылым мен еңбек ақы, әкім аппаратын ұстау. Көшелерді жарықтандыруға 819000 теңге бөлінді, 2013 жылы көше жарықтандыруға 876000 тенге бөлінді. Санитарлық тазалық сақтауға 150000 теңге, 2013 жылы 210000 тенге бөлінді, сумен қамтамасыз етуге 1514000 теңге, К.Кайсенова, Клубная, Мира, Школьная көшелерінде және Казаченко көшісінде 2 су құбырлары қазылды. Кентті аббатандыруға 260000 тенге бөлінді.
Білім беру
Кент аумағында 267 оқушы қамтылған, бір орта мектеп орналасқан. Мектеп ішінде мини орталық ашылған, толық күнге 25 бала, толық емес күнге 18 бала тартылған. Былтырғы жылы мектепті 28 оқушы бітірді. БҰТ орта балы 73% пайыз

құрады, 3 мектеп бітіруші 100 балдан жоғарыға ие болды. Бүгінгі күнге мұғалімдер жеткілікті; ұстаздардың біліктілік деңгейі: 8 адам жоғары категориялы, 13 адам - 1 категория, 7 адам -2 категория, 4 адам категориясыз. Балардың білім алуы үшін толық жағдай жасалған, компьютерлік сыныпта 17 компьютер бар, оларды интернетке қосылған, интерактивтік тақта бар.Бүгінгі күнге 65 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, 63 оқушы отбасы жағдайлары нашар және көпбалалы отбасыларынан.


Медициналық қызмет
Халыққа медициналық қызметті учаскелік аурухана көрсетеді, онда 65 адам жұмыс істейді, олардын ішінде- 6 дәрігер, 25 медбике. Олар 3500 адамды қамтиды, Қызмет көрсету радиусы 100 км., Огневка, Актау, Таргын ауылдарда осы аурухана қарайды.

Стационарда 20 төсек, күндізгі стационар 10 төсек. Аурухана электр энергиясымен жылыту қондырғысы бар типтік ғимаратта орналасқан УДТ, флюрогафия рентгенкабинет, зертхана, кеңестік диагностикалық емхана, ЭКГ жұмыс істейді, сондай-ақ жедел жәрдем пункті істейді, шақыртуларға бірі 2001 жылғы, екіншісі 2005 жылғы автомабиль шығады. Медициналық көмек алуға 2012 жылы 11730 адам қабылданған. Стационарда ем алып 506 адам, күндізгі станционарда 363 адам ем алап шыққты, жедел жәрдем 4547 шақыруға қызмет көрсетті. Есеп беру уақытында кентте 31 адам бала дүниеге келді, 48 адам қайтыс болды, өлгендердің жасы орташа 70,4 жасты құрады. Қатерлі ісік ауруымен 45 адам есепте тұр. Тұрғындар тарапынан медициналық қызмет көрсету шағымдар жоқ. Қазақстан Республикасының 2011-2015 жж денсаулық сақтауды дамытуға арналған «Салауатты Қазақстан» бағдарламасында салауатты өмір салтын одан ары дамыту көзделген. Ауруханада көрнекті үгіт-насихат құралдарымен жабдықталған салауатты өмір салтының кабинеті бар. Медициналық көмекті жоғары категориялы учаскелік терапевт, педиатр көрсетеді. Дәрігерлер мен фельдшерлер ауруларды қабылдайды, үйге шақыртуларға қызмет көрсетеді, мектеп оқушылармен жасөспірімдердің жоспарлы медициналық тексерулерден өтуді қамтамасыз етеді. Ай сайын жоспарлы түрде жақын елді мекендерге барып тұрғылықты халықты жоспарлы имунизация өткізеді.


Кенттің инфрақұрылымы.
Кентте барлығы 6 қоғамдық ұңғымалар бұрғыланған, олар К.Кайсенова, Клубная, Мира, Школьная және Казаченко көшелері. Су құбырларының суғаруға арналған желісі жақсарта түсуді қажет етеді. Құбырлар 40 жыл бұрын тартылған, металл шіріді, жаңғыртуды талап етеді. Осы мәселені шешуге ақсақалдар кеңесі үлкен жұмыс атқарды, 90 метр трубаны Қ.Кайсенова кентінен алғызды және 40 метр труба өз арамызда табылды. Осы 2013 жылы біздің жерлесіміз, батыр атағын алған Қ.Қайсенов атындағы көшеге жарық орнатылады. «Казтелеком» балансында 697 абоненттік нөмер бар. Сымсыз абоненттер 126. Қаламен кент арасында телебайланыс жақсы. Барлық үйлерде интернет бар.
Құқық қорғау
Асубұлақ кентінде 9 елді мекенді қамтитын кенттік полиция бөлімі орналасқан. Кентті учаскелік инспектор аға лейтенант Алексей Казак. Аумақта 2829 адам тұрып жатыр. Есеп беру кезеңінде полиция қызметкерлері қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, мақсатты түрде оперативтік-профилактикалық шаралар өткізіп тұрды. Өткен кезеңде 203 ұсыныстар мен шағымдар қаралды.




КУЗ бойынша қабылданған шешімдер

саны

1.

Барлық тіркелгені

64

2.

Қылмыстық іс қозғалды

49

3.

Қылмыстық іс қозғалудан бас тартылды

26

4.

ашылған

38

5.

ашылмаған

11

Кент бойынша профилактикалық есепте 106 адам тұр, оның ішінде:

УДО - 1

Бұрын сотталған – 1;

Спирттык ішімдіктерді шектен тыс пайдаланушылар – 72;

Кәмелетке толмағандар есепте – 13;

Жайсыз жанұялар – 6.

Еріксіз емделуге 2 адам жіберілді. 14 оперативтық-профилактиқалық шарлар өткізілді.

Барлық хаттамалар 133, олардың ішінде:


  • 79 бап – 5 – 15 адам (жанұялық құқықбұзушылық);

  • 79 бап – 3 – 8 адам (денсаулыққа жеңіл залал келтіру);

  • 330 бап –14 адам (ұсақ бұзушыдық);

  • 336 бап 1,2,3 2б – 56 адам (қоғамдық орындарда мас кейіпте пайда болу);

  • 338,369,371 – 1 адам (аңшылар бойынша).

Кентте түнгі уақытта сағат 8-ден 11-ге дейін мұғалімдер, ата-аналар, ардагерлер кеңесі мүшелері тарапынан кезешілік ұйымдастырылған. Олар әсіресе жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмауға аз көмек көрсетпейді.
Азаматтар өтінішімен жұмыстар
Өтініштер саны – 27

  • жер рәсімдеу сұрақтары бойынша – 11;

  • су туралы – 1;

  • ескі ағаштарды кесу жөнінде – 5;

Ауызша хабарласу – 10.
Кентті санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру жөнінде
Облыс әкімі жариялаған 2-айлық санитарлық тазалық кезінде сенбіліктер өткізілді. Заңсыз қоқыс жинағыштар үлкен проблемалар тудыруда. Үнгірлі өзен бойында көктемгі және күзгі тазалау жұмыстары жүргізілді. Мира көшесінен құрылыс қалдықтары аздапшығарылды, Казаченко көшесіндегі Нургалиевтер үйі жанында көктемде өзен шайып кеткен жағалауға бекініс жасалды. Ушанов, Ленина, Октябрьская, Токтарова көшелерінде су ағарлар үнемі тазаланады. Азаматтардың өміріне және тұрғын үйлерге қауіп төндіретін қураған ескі теректердің басы кесілді. Сенбілік уақытында соғысқа қатысушыларға ескерткіш қойылған әскери Даңқ саябағы тәртіпке келтіріліп тазаланды. Санитарлық тазалық жұмыс күндерінде де өткіәзілді. Сенбілік сайын кентті тазалау жұмыстарында әркім өз үлесін қосты. Сенбілік өткізуде қоқыс шығару мақсатында техника пайдаланылды. Кентте 50 қарағай, 50 қайың көшеттері отырғызылды. Және әр мекемелердің алдында ауданнан алғызылған гүлдердер егілді. Жол бойындағы шөп шабылды. Кенттегі спорт кешені ЖӨСМ балансына беріліп, ағымдық жөндеу жұмыстарынан кейін ғимарат жылытылып қолданыста. Спорт кешенінде 14 адам жұмыс істейді, оның ішінде 3 еркін күреспен волейболдан жаттықтырушылар. Мұнда кенттік кітапхана орналасқан. Жергілікті, аудандық, облыстық спорт шаралары өткізіліп тұрады. Ұйымдар бойынша қатынас кестесі жасалған. Мүгедек балалар тенниспен шұғылданады.

Облыс әкімінің ұйғарымы бойынша өткізіліп жатқан «Туған елге тағзым» акциясы аясында кентке788 мың теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкерлер Е.Иванова, З.Сейсебаева, Е.Сембинов, Н.Ибрашева, Л.Кучерявая, К.Даутов, К.Курманкулова, А.Байжанов. «Туған елге тағзым» акциясына белсене қатысқан орман шаруашылығының директоры М.Кусаинов, ол 6 зейнеткерге 82500 тенгеге отын түсіріп берді, жасалған меморандум 200 мын тенге бойынша ЖШС «Белогорстрой» мектеп алдынан қоқыстарды шығару үшін автокөлік Камаз бөлді. Акция жалғасуда және жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның Тәуелсіздігінің 21 жылдығын мерекелеу аясында «21 жарқын іс» акциясы өтуде. Кентте жалғызбасты зейнеткерлермен мүгедектерге көмек көрсету бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Отындарын шабу және жинау жұмыстары бойынша Сейсенова Н., Жампеисова А., Сейльгумарова Р., Абишева К., Мазова Е. көмек көрсетілді көрсетті. Аудан маслихатының депутаты Кусаинов М. қиын жағдайда қалған азқамтылған отбасы Болгариналарға, әжесі мен немересіне, 10-шы сынып оқушысы, көмек көрсетті. Жұмыс жалғасуда. 25 жалғызбасты қарт адамдармен мүгедектерге әлеуметтік жұмысшылармен көмек көрсетіледі. жылдың. Кент әкімшілігі ұйымдастыруымен тұрғындарға Өскемен қаласынан әлеуметтік үн және жем әкелінді.



Кетте ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Лукпанов, ардагерлер алқасы төрайымы Н.Савельева қоғамдық ұйымдар кентте қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда. Барлық өткізілетін қоғамдық шараларға қатыса жүріп, олар Елбасының Жолдауын іс жүзінде асыруд айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.Олар мектепте сынып сағаттарына қатысады, мектеп оқушыларымен әңгімелер өткізіледі. Кентте өткізілетін мерекелік шараларға қатысады. Есеп беру кезеңінде ақсақалдар кеңесі 10 отырыс өткізді, оларға полиция бөлімінен 7 іс және кент тұрғындарынан түскен 4 өтініштерді қарады. Әрбір іс бойынша нақты шешімдер қабылданды, ақсақалдар кеңесінің шешімі бойыншпа 4 адам ішімдіктен еріксіз емделуге жіберілді. Ақсақалдар кеңесінің арқасында кентте қоқыс шығару мәселесі шешілді. Қазірғі уақытта ардагерлер кеңесінің төрайымы мемориалдық тақтаны орнату үшін спонсорлық көмек қарастыру жұмысын жалғастыруда.
Ақпаратты насихат тобы:
2012 жылы АНТ мүшелері тұрғылықты халықпен кездесулер өткізіп, онда Елбасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге қалаймыз» және "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары" деген тақырыптажолдауын талқылады. Кенттегі қоғамдық саяси ахуалды сараптарды, тендірлік саясат тәрбиесі, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», алкогольдік ішімдік, шылым шегу, есірткі пайдалану сияқты жағымсыз қылықтардан аулақ болу, діндік ахуал және басқа мәселелер бойынша көптеген жұмыста атқарылды.

Кентінің мәдени іс-шараларын айта кетсек, барлық мерекелер спонсорлық көмекпен өткізіліп жатыр. Мәдени орталық жоқ болғандықтан, барлық шаралар мектепте және спорткешенде өтеді. 15 ақпан айында Асубұлақ кентінде әкімшілік мекемесінде Ауған ардагерлерімен кездесу өтті. Ардагерлер төрайымы Савельева Нина Яковлевна құттықтады. Рахишбаев Мурат, Есполов Арестанбек, Курмангалиев Адилхан бұл азаматтар Отан алдындағы борыштарын өтеді. Спонсорлық комек көрсеткен жеке касыпкер К Мухтарова. 8 Наурыз және 22 Наурыз мейрамы – көктем мерекесі күндері салтанатты түрде өтті. Спонсорлық көмекті Наурыз мейрамін өткізуге жергілікті әкімшілікпен, кәсіпкерлер Ибрашова Н, өрт сөндіру бөлімі, көрсетті. Спорттық ойындарға спонсорлық көмекті Д.Ахметов, ЖШС «Тау-2002» директоры Б.Адилов, жеке кәсіпкер З.Сейсебаева. 1-ші мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні салтанатты түрде аталып өтті. Барлықтары шарларымен, лозунгтарымен және жалауларымен орталық көшелерді салтанатты жүрумен өтті. Мейрам, вокальдық топ «Сударушки» және оқушылар қатысуыда, концертпен жалғасты 9-ші Мамыр күні салтанатты түрде Женіс күні мерекесі аталып өтті. Мереке Асубұлақ орта мектебінде өтті, мектеп алды жалаулар, шарлар ілініп, матаға «Ештене де еш нәрседе ұмытылмайды» деген сөз сахнаға жазылды. «Мерекелерінізбен» деген банер жарқырап көңілді көтеруде. Кентте жалғыз ҰОС ардагері М.Мухинге жеке кәсіпкер Л.Кучерявая азық-түлік түрінде сыйлық, ЖШС «Белогорстрой» ақшалай сыйлық және аудан әкімінің атынан ақшалай сыйлық табыс етілді. Қазан айының 22-ші жұлдызында орта мектептің мәжіліс залында Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Кент әкімшілігінің шақыруы бойынша осы жылы да жарқын мейрамға аудан орталығының мәдениет үйінің артистері келді. Әкімшілік қызметкерлері әрбір қартқа қалампыр гүлін сыйлады. Кент әкімшілігі Кусаинова Ф. 100 жасқа толған мерейтойына сыйлық және Жаңа жыл қарсанында жаңа жылдық сыйлық табыс етті. Желтоқсан айында салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті, концертке Касымханов жанұясы шақырылды.Әр мейрамдарда спорттық жарыстар, волейболдан, теннистан өткізіліп, барлық жүлделі орындар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 30 желтоқсан спорткешенінде тұрғындарға арнайы бал-маскарад өтті. Кешкі сағат 6-дан бастап адамдар орталыққа жинала бастады. Ең жақсы музыкалық нөмерге, биге, жұмбақтарға конкурстар өткізілді. Әр конкурстың жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды. Осы мерекеге спонсорлық көмек көрсеткендер кент әкімшілігі, аурухана, мектеп, өрман шаруашылығы, өрт сөндіру бөлімі, ЖК Жангербаева, ЖК Ибрашева, ЖК Сейсебаева, ЖК Даутова.

2013 алдымызда көптеген жоспарланған жұмыстар бар,атап айтқанда:

1. Бұзылып орнын тазаламай кеткен тұлғаларды тауып тазалату, бойынша жұмыс жалғастыру;

2. Сіздермен бірлесе отырып өз күшімізбен кентімізден ҰОС қатысқан адамдардың ата - тегі жазылған мемориалдық тақтай Даңқ саябағына орналастыру және жерлесіміз Халық Қаһарманы Қ.Қайсеновке ескерткіш қою;

3. Жазғы бау-бақша суаратын құбырларды ске қосу;

4. Жаз уақытында мал жаюды ұйымдастыру;

5. Жеке кәсіпкерлікті дамыту;

6. Көшелерді жарықтандыру;



7. Жолдардың тесіктерін жамау.
Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет