Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1 Сынып: 1 Жиналыстың өту күні



бет5/6
Дата21.06.2024
өлшемі32.68 Kb.
#502725
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
ата-а жин хаттама

Қатысуға тиіс ата-ана:22
Қатыспағаны:0
Қатысушы лауазымды тұлғалар: Бисенова Ж.С.


Күн тәртібінде:

  1. «Отбасы - бақыт бесігі» презентация.Есенгалиеваж,Бисенова Ж.

«Мен баламды танимын» Ата-анаға арналған ойын.
2. ІІІ тоқсаны бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы.
3.Ағымдағы мәселелер.



  1. *Тренинг: «Бес қадам»

.* «Отбасы - бақыт бесігі» презентация таныстыра отырып, ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.
*«Мен баламды танимын» Ата-анаға арналған ойында аналары бір-біріне додыкаедрды беру арқылы түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді.Мыс:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 


Қаулы:
*Сынып жетекшінің,тәрбие меңгерушісінің кеңесі мен видеоролик қатерге алынсын. (ата-ана)
* «Мен баламды танимын» ойыны көңілді,әсерлі болды деп бағалансын.


2. ІІІ тоқсан қорытындысы.
Ата-аналарға ІІІ тоқсанныңоқу,тәрбие қорытындысы таныстырылды.
Қаулы: ІІІ тоқсан қорытындысы жақсы деп бағалансын.


3. Ағымдағы мәселелер.
Сынып жетекші оқушылардың сабақ үлгерімі,үй тапсырмасын орындаулары,мектеп формалары,ауа райының қолайсыз кезіндегі оқушы қауіпсіздігі, тәртібі, тазалығы туралы хабарлама жасады.
Сөйлеушілер:
Досакова Р..(Жұбаныштың анасы) Баламыздың қауіпсіздігі бірінші орында қадағалаймыз. Презентация керемет.Көп мәлімет алдым.Әсерлі екен.Балам Жұбаныш барлық әріпті біледі.Тек сәл тілі,сөйлеуі нашарлығынан оқуы төмен болып тұр.Баламды инклюзив деп шығарып жатыр.Алдағы уақытта жұмыстанамын.
Капиева А..(Жанеркенің анасы) Қызым сабағын өз бетінше оқиды. Мен үйдегі шаруаларыма байланысты оқытуға үлгермей жатамын.Алдағы уақытта қадағалаймын.
Мурзахметова А...(Айғанымның анасы)Қызымыздың сабағын қадағалап отырамын. Үйде үй шаруасына көмектеседі.Бала бағады.Далаға көп шығармаймын.Үй айналасында ойнайды.
Қаулы:
3 мәселе бойынша оқушылардың сабағын,қауіпсіздігін үнемі қарау ата-анаға жүктелсін,балалардың дайындығын қадағалау мұғалімге міндеттелсін.
Ата-ананың мектеппен байланысы күшейтілсін.

Сынып жетекші: Есенгалиева Ж.Ж.


Хатшы: Испанова Қ.Т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет