Ата-аналар назар аударатын ұлттық құндылықтар
Ұлттық құндылықтар мәдениет жүйесінде ерекше орын алады. Құндылық қатынастары адам қызметінің негізгі түрлеріне сәйкес келетіні белгілі. Сондықтан жекелеген ұлттық мәдениет шеңберінде өндіріс пен тұрмыс құндылықтары, саяси, эстетикалық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, этникалық, діни, адамгершілік-тәрбиелік құндылықтар ерекшеленеді. Ұлттың барлық құндылықтарында, соның ішінде материалдық құндылықтардың барлық түрлеріне енетін рухани бастама бар.
Ұлттық құндылықтардың жиынтығы материалдық объектілерді, рәміздерді, этникалық қауымдастық өмірлік маңызды деп таныған белгілерді де, психо-эмоционалды сипаттағы құбылыстарды да қамтиды: тек осы этносқа тән темперамент үйлесімі мен қатынасы, ойлау түрі, дүниетанымы.
Ұлттық құндылықтар қажеттіліктердің, мүдделердің, көзқарастардың, құндылық бағдарларының, нанымдар мен идеалдардың, сенімнің, моральдың, осы халықтың өмірі ғасырлар бойы сақталған және оның мінезін анықтайтын ең қасиетті негіздердің жиынтығымен анықталады.
Бұл идеялық-дүниетанымдық стереотип ұлт өкіліне алдыңғы ұрпақтардан мұра болып, адам санасына «өте терең» еніп, осы халықтың сезімдері мен эмоцияларымен боялған.
Ұлттық құндылықтар халық шығармашылығында – эпоста, жырау шығармаларында, фольклорда, әйгілі шешендердің сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ ойшылдар мен ағартушылардың шығармаларында айқын көрінеді. Осылайша, ұлттың идеалдары, сенімі, моральдық-адамгершілік негіздері бекітіліп, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Ата-аналарға арналған сабақтардың мазмұнында:
Ертегі, аңыз-әңгімелер, батырлар жырларынан үзінділер келтіру (Ер Төстік, Алтын сақа, Алдар көсенің, Қожанасырдың әңгімелері, т.б.)
мақал-мәтелдер, әр түрлі жанрдағы халық әндері;
Дала ділмарларының шешендік сөздерінен, жыраулардың шығармаларынан мысалдар;
Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов және т. б. шығармаларынан үзінділер;
Күні бүгінге дейін сақталып келген немесе өзгеріске ұшыраған салт-дәстүр, ғұрыптарды енгізу;
материалдық мәдениеттің мысалдары (ұлттық тағамдар, киім-кешек, сәндік-қолданбалы өнер заттары, қазіргі уақыттағы ұлттық өнер туындылары). Осы материалдардың барлығы халықтың сан ғасырлық тәжірибесінде қалыптасқан адамгершілік тәрбиесінің негіздерін енгізуге мүмкіндік береді:
ұрпақтар тізбегіндегі өз орнын білу (шежіре),
аға буын тәжірибесі,
негізгі адамгершілік ұғымдар,
ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдерінің мәні (тарихи тұлғалардың мысалында),
отбасындағы туыстық қатынастардың ерекшеліктері.
Ұлттық құндылықтар – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгі шындығын анықтайтын және өскелең ұрпақты тәрбиелеуде туындап отырған мәселелерге қатынасын айқындайтын құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |