Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


II. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ



бет2/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

II. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ


Ұйымдастырушылық-әдістемелік тәсілдері

Әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрделілігіне қарамастан, отбасы балаларды әлеуметтендірудің негізгі институты болып қала береді. Ата-аналардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық шындыққа қаншалық бейімделе алатынынан және позитивті ата-ана болу құзыретін қаншалық дамыта алатынынан біздің мемлекетіміздің балалары мен жастарының толыққанды дамуы мен жалпы әл-ауқаты қамтамасыз етілетін болады.


Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту республиканың білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылуы мүмкін. Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда.
Позитивті ата-ана – достық қарым-қатынасқа негізделген ата-ана стилі, бала мен ересек адамның қолдауы, өзара ынтымақтастығы. Мұндай тәсілдің нәтижесі – орталықтың мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табатын біздің қоғамның басты байлығы ретінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.
Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) отбасылық тәрбие процессінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.
Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет