5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
8 – САБАҚ
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Сабақ мақсаты: Ата-аналардың отбасы бақыты мен ұрпақтар сабақтастығының негізі ретінде отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру
Міндеттері:
Ата-аналарға отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
Отбасында жағымды психологиялық ахуал орнатуда отбасылық құндылықтардың әлеуетін ашу;
Ата-аналардың отбасында және баламен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар және тұлғаның жеке қасиеттері:
Ашықтық, құрмет, қонақжайлылық, мейірімділік
Жоспар
I. Ұйымдастырушылық кезең
Сәлемдесу
Мақсаты мен міндеттері
Топтарға бөлу
Тақырыптың өзектілігі
II. Негізгі кезең
Бейнеролик. «Отбасындағы тәрбие бастаулары». Талқылау
Ақпараттық блок
Топтық жұмыс «Отбасылық құндылықтар қобдишасы»
Қатысушылардың жеке жұмысы
III. Қорытынды кезең
Бейнеролик. «Отбасы – адамдағы ең басты құндылық». Талқылау
Рефлексия
Қорытындылау
Күтілетін нәтижелер:
ата-аналардың отбасылық құндылықтарға қызығушылығы артады;
ата-аналар бақытты отбасын құрудағы отбасылық құндылықтардың мәні мен рөлін ұғынады
ата-аналар бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, отбасындағы және балалармен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын қолданады.
Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.
Достарыңызбен бөлісу: |