Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет103/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Командалардың сөз сөйлеуі
Талқылауға арналған сұрақтар: Жағдайларыңыға қатысты оңтайлы шешім табу қиын болды ма? Шешімді таңдағанда неге сүйендіңіз (практикалық тәжірибе, әдебиет, фильмдер)? Біз, ата-аналар, мұндай жағдайды шешуге қалай әсер ете аламыз?
Сіздің ойыңызша, қазіргі балалар мұндай жағымсыз тәжірибені жеңу үшін қандай дағдыларға ие болуы керек?
(Ата-аналардың жауаптары. Маңызды дағдылардың бірі – өзін-өзі реттеу. Пайдалы бейнежазба: https://www.youtube.com/watch?v=hW6M6Fk1wMk)




17 минут

Жасөспірімдер субмәдениеті пікірлес қауымдастық құруға және балалық шақтан да, ересек адамнан да ерекшеленетін өзіндік өмір салтын қалыптастыруға деген ұмтылыспен байланысты.
Ең үлкен қауіп – бұл субмәдениеттің өзі емес, мұндай қоғамдастық, отбасында болмауына байланысты қауіпсіздік пен беделдің жалғыз орнына айналатын жасөспірімдердің психологиялық дайындығы. Бұл өз кезегінде отбасындағы қолайсыз жағдайға немесе ата-аналардың өсіп келе жатқан баланың жаңа мәртебесіне деген теріс көзқарасына байланысты.  
Отбасындағы психологиялық жағдай көбінесе баланың мектептегі қорлауға қатысуын анықтайды!
Егер ата-аналар балаларын басып тастаса немесе оларды үлкен аға/әпкелері қорқытса, бұл қарым-қатынас үлгісін әдетте билік иерархиясын басқаруға тырысатын балала мектепке апарады. Ата-ананың жеке теріс үлгісі балалардың агрессиясын тудырады.
Сондықтан, талқылауға ашық, кез келген уақытта қолдау көрсетуге және балаңызға қамқорлық жасауға дайын екендігіңізді білдіру маңызды. Осыған байланысты біз балаларыңызбен қарым-қатынаста қолдануға болатын бірнеше жаттығуды ұсынамыз.
1-топқа арналған жаттығу: «ДАСТАРХАН БАСЫНДА»
«Дастархан» ұғымы Орталық Азия аумағында кең таралған. Дастархан әр түрлі халықтар арасында маңызды мәдени маңызға ие, онымен байланысты көптеген дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен ережелер бар. Мысалы, қазақтың дәстүрлі мәдениетінде оған әрдайым ерекше талап және құрметпен, қасиетті зат ретінде қарайтын. Дастархан басып өтуге / аттауға тыйым салынады. Қазіргі жағдайда отбасылар жалпы дастархан басында аз жиналады. Бұл әдетте кешкі ас кезінде болады. Жалпы тамақтану кезінде ата-аналар ортақ тақырыптарды бірлесіп талқылау арқылы ұзақ күннен кейін баласымен эмоционалды байланыс орната алады. Мұндай мазмұнды әңгімелер ашықтық пен ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
ӨТІНІШ, СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗДЫҢ ДОСТАРЫ, ОРТАҚ СЕНІМДЕРІ МЕН ХОББИІ, ЖАРҚЫН СӘТТЕРІ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК АЙТА АЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕ ОТЫРЫП, СҰРАҚТАР ҚОЙЫҢЫЗ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет