Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет140/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

«Тәуелділік» сауалнамасы«Аддиктивная склонность» әдістемесі
(Юсупов В.В., Корзунин В.А.)

Нұсқау: Егер келіссеңіз, таңдалған мәлімдеменің жанындағы белгіні қойыңыз. Тестілеуді аяқтағаннан кейін жалпы балды есептеңіз.

  1. Егер адам зиянды салдары жоқ, психиканы қоздыратын және психикаға әсер ететін заттарды қолданса, бұл қалыпты жағдай.

  2. Егер сіз шынымен бір нәрсені қаласаңыз, кейбір ережелер мен тыйымдарды жоққа шығаруға болады.

  3. Адамның өзі қалағанынша, қалаған жерінде шарап ішуге құқығы болуы керек.

  4. Маған мейрамханада шарап дәмін татушы және даяшы болып жұмыс істеген ұнар еді.

  5. Менің ерекше толқуларды жиі сезінгім келеді.

  6. Менің таныстарымның арасында улайтын заттарды қолданып көргендер бар.

  7. Өмірде «болмайды, бірақ шын қаласаң, көруге болады» деген мақалды ұстанатын адамдарың көзқарасы дұрыс.

  8. Менің ішімдік ішкеннен кейін кездейсоқ жағымсыз оқиғаға немесе төбелеске тап болған сәттерім болады.

  9. Менің балаларым және басқа да адамдар менің аздап ішкенімді айтып, алаңдаушылық білдірген кездер болды.

  10. Адамдар жаңа, әдеттен тыс сезімдер мен тәжірибелерге ұмтылуы – қалыпты жағдай.

  11. Көңілді болу үшін кейбір ережелер мен тыйымдарды бұзған жөн.

  12. Маған аздап ішетін және көңіл көтеретін компанияларда болған ұнайды.

  13. Мен кей жерлерде ішімдік ішуге тыйым салынатынын түсінсем де, ішкім келген.

  14. Қиын кездерде темекі мені тыныштандырады.

  15. Ләззат алуға ұмтылу – өмірдегі басты нәрсе.

  16. Алкоголь мен темекінің адамға тигізетін зияны туралы жалған және асыра сілтеп айтылған.

  17. Жастар өмірінде жыныстық қатынас басты орындардың бірін алуы керек.

  18. Егер менің денсаулығыма зиян келтірмейтінін және жазаға әкеп соқтырмайтынын анық білсем, қандай да бір мас ететін затты қолданып көретін едім.

  19. Менің достарым кей жағдайларда әдеттен тыс күйлерді бастан өткергендерін. түрлі-түсті қызықты көріністер көріп, әдеттен тыс дыбыстарды естігендері және т.б. туралы айтты.

  20. Соңғы кездері мен темекіні көп тарта бастағанымды байқадым. Бұл маған белігілі бір дәрежеде көмектеседі, алаңдаушылық пен уайымнан алшақтатады.

  21. Таңертең (бір күн бұрын ішімдік ішкеннен кейін) қолдарым дірілдеп, басым жарылатындай ауырды.

  22. Темекі шегу зиянды екенін білсем де, оны тастауға өзімді мәжбүрлей алмаймын.

  23. Мен көбінесе мас болғанда, өзімді жеңіл, сыртқы әлемнен алшақ, айналада болып жатқандардың шындыққа сәйкес еместігін сезіндім.

  24. Алкогольді қолданумен байланысты болған бірқатар жағдайларды еске түсіру және ол туралы айту маған ұнамайды.

  25. Менің достарым демалғанды және көңіл көтергенді ұнатады.

  26. Соңғы уақытта «бұзылмау үшін» тыныштандыратын дәрі қабылдауға тура келді.

  27. Мен кейбір тәуелділіктен арылуға тырыстым.

  28. Мен алкогольді іше отырып шектен шығып кететінмін.

  29. Маған аздап алкоголь ішкендегі күйім ұнайды.

  30. Ішімдік ішкендіктен, менде мектепте қиындықтар болды.

Алынған нәтижелерді интерпретациялау:
13 балға дейін – тәуелді мінез-құлық қаупі көрсетілмейді
14-тен 16 балға дейін – тәуелді мінез-құлықтың қаупі орташа
17 балдан және одан да көп – тәуелді мінез-құлыққа бейімділіктің белгілері айқын.
Енді сауалнама нәтижесін балаңызбен талқылаңыз, нәтижеге қараңыз.

Ата-аналарға дайын сауалнама таратылады

1 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет