Тренер ата-аналарға жүгінеді:
Енді мен сіздермен лудоманияның белгілері туралы сөйлескім келеді.
4-слайд. Басқа да кез-келген ауру сияқты құмар ойындарға тәуелділіктің де өзіндік белгілері бар. Әрине, олардың барлығы тәуелділіктің болуы туралы тікелей сигнал бермейді, бірақ олар іс жүзінде барлық лудомандарда байқалады:
- бақылауды жоғалту және салдарын болжай алмау;
- зейіннің, қозғалыстың, координацияның бұзылуы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы;
- физикалық тұрғыда азап шегу (жүрек тұсының ауруы, дұрыс тамақтанбау);
- ойлар мен әрекеттердің ойын төңірегінде шоғырлануы;
- ойын жағдайды жақсарту құралы ретінде;
- қоршаған ортадағы мәселелер (проблемалар) (отбасындағы жанжалдар, оқудағы, жұмыстағы мәселелер);
- кінәлі сезіну, өкіну;
- өзін-өзі аяу, «эмоционалдық ауытқулар» - кенеттен масайраумен (эйфория) алмасатын депрессия.
|
1-4-слайдтар
|
4 мин.
|
Тренер ата-аналарға жүгінеді:
Енді мен сіздерге құмар ойындарға тәуелділікті диагностикалау әдісін беремін. Сіздер оны үйде өздеріңіздің жоғары сынып оқитын балаларыңыздың құмар ойындарға тәуелділігін анықтау үшін пайдаланыңыз.
5-слайд. Нұсқаулық: сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Құмар ойын ойнау үшін жұмыстан немесе оқудан қалған кезіңіз болды ма?
Құмар ойындар сізге бақытсыздық әкелген кездер болды ма?
Құмар ойындар сіздің беделіңізге нұқсан келтірген кезі болды ма?
Ойыннан кейін өкінген кезіңіз болды ма?
Сіз қарыздарыңызды өтеу үшін ойнадыңыз ба?
Құмар ойындар сіздің атаққұмарлығыңызды (амбицияларды) азайтты ма?
Сіз ұтылыстан кейін мүмкіндігінше тезірек оралып, қайтару, өтеу керек екенін сезіндіңіз бе?
Жеңіске жеткеннен кейін қайтып оралып, одан да көп жеңіске жету керек деген сеніміңіз болды ма?
Сіз бәрін жоғалтқанша қаншалықты жиі ойнайсыз?
Сіз құмар ойын ойнау үшін қарызға ақша алдыңыз ба?
Ойнау үшін бірдеңе сату керек кездер болды ма?
Сізде тек құмар ойындар үшін қолданатын «ойынға арналған ақша» деген ұғым бар ма?
Құмар ойындар сізге немесе сіздің отбасыңызға айтарлықтай қаржылық зиян келтірді ме?
Сіз жоспарлаған уақыттан ұзағырақ ойнадыңыз ба?
Сіз қиындықтарды ұмыту үшін ойнаған кезіңіз болды ма?
Сіз ойнауға ақша табу үшін заңды бұзған кезіңіз болды ма?
Сіз құмар ойындарға байланысты ұйқысыздықтан зардап шектіңіз бе?
Сіз түңілу немесе көңілсіздік мәселелерінің бәрінен алыстап, ойнағыңыз келеді ме?
Құмар ойындардағы жеңістеріңізді тойлайтын әдетіңіз бар ма?
Сіз жеңілгеннен кейін өз-өзіне қол жұмсау туралы ойладыңыз ба?
|
Достарыңызбен бөлісу: |