Модератор: «Атадан бата алмай, үй болмас, Ордадан үлгі алмай, би болмас», «Аталы сөз — баталы сөз», «Тегін білген текті адам», «Жеті атасын білген ер, жеті елдің қамын жер». «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер», «Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі» деген сөздерді ата-балаларымыз бекер айтпаған болар. Осы сөздердің тәрбиелік мәні өте зор.
«Мына бала жақсы екен кімнің баласы, тегі жақсы ау деймін бала негізінде тегіне тартады» деп жатады үлкен қариялар. Немерелеріміз жайлы осындай жақсы сөз естігіміз келсе, олар да кейін балаларына, немерелеріне өнегелі сөз айтсын десек, оны осы бастан қолға алуымыз керек. Жоғарыда үш спикер жеті ата мәселесінде, шежіре, қан тазалығы, әулет тарихы туралы біраз дүние айтып өтті. Енді осы жайындағы ойларымызды ортаға салып, пікір алмассақ. (Модератор ниет білдірген адамдарға сөз береді).
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
Қорытынды сөз:
Модератор: Сонымен бүгінгі алқалы жиынға қатысқан аталар кештен алған әсерлеріңіз мол болды деп ойлаймын. Немереміздің бойына бағы заманнан жібі үзілмей келе жатқан ұлттың рухани құндылықтарын сіңіретін өзіміз. Соған орай бүгін өтіп жатқан алқалы жиын аталық міндетімізді дұрыс атқарайық деген ниеттен туып жатыр. Осымен іс-шарамыз аяқталды. Мектеп өміріне, соның ішінде «Даналық мектебінің» жұмысына белсене араласқандарыңыз үшін көптен-көп рахмет! Барлықтарыңыздың отбастарыңызға бірлік, береке тату-тәтті өмір тілей отырып, ешқашан шыққан тегімізді ұмытпай есте сақтап жүрейік деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!
Алқалы жиынның (дөңгелек үстелдің) аяқталуы
Ата өсиеті
(шебер сабақ)
Тақырып: Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет
Мақсаты: Бабаларымыздан келе жатқан рухани дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды насихаттау.
Міндеттер:
Озық салт- дәстүрлерді талдап түсіндіру, дәріптеу;
Ұлттың рухани құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне айналдыру;
Отбасы тәрбиесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
Жоспар:
Амандасу.
Модератордың кіріспе сөзі.
Топқа бөлу, материалдар тарату
Материалмен танысу, талқылау
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |