Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Бірінші сұрақ : Әдептілік дегеніміз не?



бет182/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Бірінші сұрақ : Әдептілік дегеніміз не?
Бұл сұрақтың аясында мектебіміздің белсенді аналарының бірі, ... сынып оқушысы, ....... әжесі ...... апай өз ойын бөліседі.
Бірінші әже:
…Ертеде сұлулық пен ұсқынсыздық теңіз жағасында кездесіп қалыпты. Екеуі көлге түсіп шомылайық деп келіседі. Шомылып жүргенде ұсқынсыздық судан ертерек шығады да сұлулықтың киімін киіп алып кетіп қалады. Суда қалған сұлулыққа амалсыздан ұсқынсыздықтың киімін киюге тура келеді. Содан бері жұрт сұлулық пен ұсқынсыздықты шатыстыратын болыпты. Сондықтан да сұлулықты сыртына қарап емес, ішіне қарап тану керек.
Әрине, адамда сырты мен іші, сөзі мен ісі үйлескен сұлулық болғанға не жетсін?! Көбінесе, жан сұлулығы адамның сөзі мен іс-әрекетінен көрінеді. Қазақ оны әдеп-ибасы бар, тәрбиелі, мәдениетті жан деп баға береді.
Әдетте, «этика, этикет» деген сөздердi естiп жүргенмен, дәл қандай мағынаға жауап беретiндiгiне мән бере бермеймiз. Болмаса, тар түсiнiк тұрғысынан қарап, қазақ дүниетанымынан тыс нәрсе деп қабылдауға да даярмыз.
“Этикет” – француз сөзi, екi мағынаға ие:

  • заттың немесе киiмнiң анықтамалық жапсырма қағазы;

  • салтанатты ишаралар.

Ал, “этика” – мораль туралы iлiм деген мағынаны бередi екен. “Мораль” сөзi латын тiлiнен аударғанда, “адамгершiлiк” деген ұғымды бiлдiредi.
Осы сөздер қазақтың “әдеп” сөзiмен үйлесiм табады. Қазақтың “әдеп” сөзiнiң аясында да терең мән жатыр. Әдеп дегенiмiз – өнегелi тәрбие, қалыптасқан мәдениет. Ал әр сөзі мен ісі әдеппен өрілсе – ол әдептілік.
…Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған қарсы әлгі оқымысты да онан да төменірек басын иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай тұрып:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз, сүйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрапты. Сонда ғалым кісі тұрып:
- Ешбір ғылым-білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді, - деген емес пе?!
Демек, әдеп – сыртқы көрініс қана емес, ішкі мәдениет. Бұл әр елде, әр ұлтта өзіндік ерекшеліктерімен көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет