Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет190/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Аққуды атпайды. Аққу құс – өте сұлу, суға көрiк берушi құс. Сондай-ақ, жұптасып жүргендiгiмен де сәндi. Жұбының бұзылмауын сақтайтындығымен де оны “махаббат символы” деп атаған. Оның үлпiлдеген қауырсынына, ем-домға, басқа да қасиеттерiне қызығып атып алушылар шынымен де табиғаттың қолымен жазаланып, түрлi жағдайға душар болған. Сондықтан аққуды “киелi құс” деп халқымыз құрметтейдi, атпайды. Егер, байқаусызда атып алған жағдайда, қан шығарып, құдайы берiп сақтанған.
Даулы мәселеде ұрыс, төбелеске бармайды, биге, ақсақалдарға жүгiнедi. Ел, ру мейлi топ болсын басшысыз болмайды. Екi адам немесе топ арасында, ауыл арасында болып қалған даулы мәселелердi шешуде үлкендерге, ақылды адамдарға, әдiлеттi жандарға барып дауды шештiрген дұрыс. Олардың әдiл шешiмiне тоқтаған абзал.

Осындай қарапайым халықтық қағидалардан тұратын қарым-қатынастағы төмендегi әдеп нормалары түрлерiнiң де мағынасын түсiну аса қиын емес...


Үнемi балаларға ақыл-кеңес айтып, үйрете бергеннен гөрi, баланы тұлға ретiнде сыйлау отырып пiкiрiн бiлуге де тырысу керек. Бiр адамның бәрiн бiлуi мүмкiн емес.


Үйге тапсырма: Мен уатсаптағы ортақ чатқа төмендегіше тыйым сөздерді салайын, Сіздер сол тыйымдардың мәнін ашуға тырысыңыздаршы. Және отбасында соны балаларымызға, келіндеріміз бен немерелерімізге айтып отырайықшы.
Тапсырма төмендегіше:
НЕГЕ?



  • Сөйлеп жатқанда сөздi бөлмейдi.

  • Ұйқыдағы адамды шошытып оятуға болмайды.

  • Бақытсыздық жасаған адамның жанына тоқтамай, жәрдем жасамай өтуге болмайды.

  • Тәкаппарлық, мақтаншақтық, байлығын айту – барып тұрған сорақылық.

  • Адамдар көзiнше қасынбайды, мұрын, құлағын, тiсiн шұқымайды.

  • Жұрттың көзiнше бергенiн айтпайды, қарызын сұрамайды.

  • Бiреуге жасаған жақсылығын айтпайды, қарызын сұрамайды.

  • Ұстазға, молдаға, қарт кiсiлерге құрмет көрсетедi.

  • Ұстаздың, дiн адамдарының алдында жүрмейдi.

  • Ақсақалға, лауазымды адамдарға, дiн басыларға, ұстаздарға, ата-анаға, көпшiлiкке қарсы сөйлемейдi.

  • Жастар үлкен кiсiге жол бередi, орын бередi.

  • Жасы үлкен кiсiлерден жоғары отырмайды.

  • Үйге жүгiрiп кiрiп, жүгiрiп шықпайды.

  • Бiреудi сыртынан жамандау нағыз жаман, надан адамдардың iсi.

  • Өтiрiк, өсек, ғайбат айтпайды, жала жаппайды.

  • Аманатқа қиянат жасамайды.

  • Өсиетке қарсы тұрмайды.

  • Құмырсқаның илеуiн, қарлығаштың ұясын бұзбайды.

  • Қабiрге қарап қол шошайтпайды.

  • Өзiне де, өзгеге де өлiм тiлемейдi.

  • Өзiне-өзi қол салуға болмайды.

  • Адамның намысына тиiп, кемсiтiп сөйлемейдi.

  • Алыс сапарға аттанғанда ақсақалдан бата тiлеп, қарашаңырақтан дәм татады.

  • Салт бойынша әр адам туған жерiне келгенде аунайды немесе аунатады.

  • Мал қора iшiне, құлаған үй iшiне дәретке отырмайды.

  • Моншаға, дәретханаға сол аяқпен кiредi, сәлемдеспейдi.

  • Дәрет үстiнде адамдар амандаспайды.

  • Ер адамдар түрегеп дәрет сындырмайды.

  • Суға дәретке отырмайды.

  • Малды боқтамайды, зәбiрлемейдi.



Модератор: Рақмет, түсінікті тілмен баяндалған және мағынасы жан-жақты аша білген, бала тәрбиесіне маңызы жоғары дүниелер алдық деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет