Телегония Ислам тұрғысынан. Бізден ұрпаққа мұраға не қалады?
Біздің Әлем, біздің Ғалам, ғарыш, бізді қоршағанның бәрі біздер, адамдар аз білетін заңдармен өмір сүреді. Бұл заңдардың өз за ңшығарушысы бар, ол – Құдай, Дана, бәрі білетін Жаратушы, Әлемнің Билеушісі. Жасағанның сондай заңдарының бірі – телегония.
Ілімді дәлелдеу
Ерте кезде-ақ әйел мен ердің қатынасы екеуі үшін де айтарлықтай салдары бар екенін білген, оны генетик ғалымдар дәлелдеді. 1985 жылы СССР ҒА физико-техникалық проблемалар Институтының белгілі қызметкері, қазіргі Ресей нақты ғылымдар академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы Петр Гаряев қызық мәліметке тап болды. Ол лазерлік спектроскопия әдісі арқылы ДНҚ молекулаларының тұқымқуалаушылық қасиетін зерттейді. ДНҚ ерітіндісінен лазерлік фотонды өткізіп, молекулалардың көлемі мен салмағы жөніндегі ақпаратты жазып алады.
Бірде Гаряев бірнеше спектр түсірген соң ДНҚ-сы бар шыны түтіктің орынына бос түтікті қойды. Сөйтті де, қатты таңғалды. Бос түтіктегі спектрлер алдыңғысына қатты ұқсайтын еді. Тек сигналдың күші әлсіздеу. Қайтадан ДНҚ іздері қалған ыдысқа бос түтік салды. Мұнда да солай.
Петр Гаряевтың айтуынша, спектрометрде тұқымқуалаушылық қасиетін сақтаған ақпарат қалып қойған. Зерттеушілер оны қайта-қайта сүртіп, тіпті таза азотпен желдендіреді. Сонда ғана ДНҚ спектрі кеткендей болады. Бірақ 3-4 минуттан кейін қайта шыққан. Оларды тіпті жою мүмкін емес сияқты.
Петр Гаряев бұл экспериментті жыл бойы жүргізеді. Ақырында ДНҚ-ны жойғаннан кейін де ыдыста ДНҚ молекулаларының елесі (көрінбейтін із) қалатынына күмәні қалмайды.
Петр Гаряев алғашқы жақындасқан ері қыздың генетикалық кодына ешқашан өшірілмейтін із қалдырып кететінін айтады. Ер адам үшін де солай. Бұл толқынды бағдарлама эмбрионның тәні мен жанын қалыптастырмаса да, оған әсерін тигізбей қоймайды. «Алла адамды не нәрседен жаратты? Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі. Сосын оның жолын оңайластырды». (Құран, 80:18-20). Аяттағы «бейнеледі» сөзі араб тілінде «каддере» деп айтылады. «Кадаре» етістігі «дайындау, өлшеу, жобалау, жоспарлау, Құдайдың пешенеге жазған тағдырын болжау» дегенді білдіреді.
Медицина ғылымының докторы, профессор Владимир Барабаш «Мәңгілік өмір» газетіне берген сұхбатында: «Біздің аталарымыз генетика тәртібін айнымас жол ретінде ұстанған: алғашқы серігі қыздың өмір бойғы генетикалық тұқым қуалау жүйесіне өшірілмейтін із қалдырады. Мәселе бала тууға қабілетті кезде тұқымқуалау механизмін өзгертетін гармондар мен ферменттердің ағзаға түсетінінде емес. Сонымен қатар, алғашқы түн адамның психикасына, генетикалық тұқымқуалау жүйесі мен иммунитетіне әсер етеді. Ал, кездейсоқ кездесуден пайда болған шарана генетикалық, психологиялық, биологиялық тұрғыдан да нашар болады», – деді.
(Камшат БАТЫРБЕКҚЫЗЫ)
Достарыңызбен бөлісу: |