Енді осы мәтінді оқып болып СВОТ талдау жасаймыз.
SWOT-ТАЛДАУ:
1. Strengths ағылшын сөздерінен қысқарған – күшті жақтары,
2. Weaknesses – әлсіз жақтары,
3. Opportunities – мүмкіндіктері,
4. Threats – қауіп-қатерлер
Талдатып, тақтаға жазып отыруға болады.
Қорытынды: Негізі, «телегонияны» псевдоғылым деушілер де бар, көпшіліктің пікірі екіге жарылады. Дегенмен, бұл зерттеулердің көңілге қонатын тұстары да бар. Халқымыздың қыз балаға қоятын талаптарымен үйлеседі.
Үш қыз асырап-өсіріп, өмірден өз орнын тапқызған ата-ана жұмаққа барады дейді дінімізде. Бұл қыз тәрбиесінің оңай еместігі. Тазалық, пәктік деген ұғымдар құндылық деңгейінде дәріптелген, ұлтымыз мықты болуы үшін дәріптеле бергені дұрыс деген пайымдауларға келісеміз.
Барлық мәліметті бір сағат аясында аша алмаспыз. Сондықтан үйге тапсырма беріледі. С.Керімбайдың еңбектеріндегі «Ұрпақ тазалығы – әйел құрсағынан» деген мәтінді оқып, есейіп қалған қыз балалармен талдасаңыздар деген өтініш бар.
Отбасы бақытының қызға қатысты сырларын аша аламыз ба?
Модератор: «Ұлттық қыз сақтайды» деген – даналардан қалған сөз. Қандай қиын жағдайда да отбасын аман-сақтаудың қыры-сырын ертерден артық ойдамаса, кем меңгерді жеуге болмайды. Бұл қағида қазір күшеймесе, азайған жоқ. Қазір отбасы психологтері, коучтар мен мотиваторлар өте көп. Олардың көбі отбасын сақтап қалу туралы жақсы ынталандыратын аса қызықты кеңестер береді.
Сіздерде сондай рилстар көп деп ойлаймын. Чаттарда бір-бірлеріңізбен бөлісуге болады.
Экранға қарап, біраз кеңестерден хабардар болыңыздар:
Танымал журналист Бейсен Құранбектің өз өмірінен сыр бөлісе отырып ақтарған сырынан хабардар болыңыздаршы:
Отбасының 7 қағидасы
Yйленетін кезімізде отбасының 7 қағидасын жасадық:
1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінеді.
2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады.
3) Қандай сыйлы қонақ келсе де үйімізге ішімдік кіргізбейміз.
4) Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз.
5) Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз.
6) Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын.
7) Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды.
Ағайынның аты – ағайын. Оның көп болғаны жақсы. Өкінішке қарай, ағайынның кінәмшіл, өкпешіл келетіні рас. Бірақ, біз бәрібір оларға ренжімейміз. Сырттарынан сөз айтпаймыз. Қолдан келгенше көмектесеміз. Бұл достарға да қатысты.
Ақшаға қатысты: Еркек ақша табады. Әйел оны шашады. Бар кезде тасымаймыз, жоқ кезде жасымаймыз. Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпейді, сондай кездер болған жағдайда әйел бала-шағаны тентіретпей бағуға қабілетті болуы тиіс.
(Бейсен ҚҰРАНБЕК)
Достарыңызбен бөлісу: |