Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Мақсаты: танысу және сенімді атмосфераны құру. Жүргізуші сұрақтар қояды және қатысушылар оның нұсқауына сәйкес залда ауысып отырады. Мысалы



бет46/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Мақсаты: танысу және сенімді атмосфераны құру.
Жүргізуші сұрақтар қояды және қатысушылар оның нұсқауына сәйкес залда ауысып отырады.
Мысалы:
1. Оң бағытқа баласының мектепте қиындықтары жоқ деп санайтындар өтеді. Керісінше, сол бағытқа жауап беруге қиналатындар өтеді.
2. Залдың оң жағына баласы сабақты жақсы оқиды деп сенетіндер өтеді. Керісінше сол бағытқа – баласына сабақ оқу қиынға түседі дейтіндер өтеді.
3. Жүргізушінің оң жағына – балалары мектепке барғанды ұнататындар, ал сол жағына – балалары мектепке баруға зауқы соқпайтындар өтеді.
4. Оң жаққа – балалары сыныпта дос тапқандар, сол жаққа – балалары әлі дос таппай жүргендер өтеді.
5. Оң жаққа – баласының мектептегі мінез-құлқына риза адамдар, сол жаққа – көңілі толмайтын адамдар өтеді.
6. Залдың оң жағына – балалары мектепке барғаннан бері жиі ауыра бастаған ата-аналар, ал сол жақ бетке – баласынан ондайды байқамаған ата-аналар өтеді.

Босаңсытатын музыка

3 минут

Ақпараттық топтама
Бүгінгі біздің мақсатымыз – балаңыздың психологиялық жағдайын, оның ішінде қиын жағдайға тап болған кездегі жағдайын көруді үйрену. Сондай-ақ, оның күшті тұстарына сүйене отырып, қиындықтарды жеңуді үйренуге көмектесу.
Балалар – адамның ең қорғалмаған, әлжуаз келетін санаты.
Бастауыш мектеп жасындағы жүрегі жараланған балалардың жеке мазасыздығы жоғары. Осы кезеңде баланың өмірлік қиын жағдайды бастан кешіруге көмектесетін тұрақты қорғаныс механизмдері әлі қалыптаспаған, сондықтан ол олқылық жасауға шақ тұруы мүмкін, белгісіздіктен дүрбелең қорқынышын сезінуі, шындықпен байланысын жоғалтуы және психопатиялық реакцияларды өткір сезінуі мүмкін. Мұның бәрі ересектерді таң қалдыратын және састыратын балаға тән емес девиантты және типтік емес мінез-құлыққа итермелейді.
Бастауыш сыныптардағы мектепке бейімделу ұдерісі бала үшін көптеген қиын жағдайлардың негізі болып табылады. Бұл баланың мектептегі әлеуметтік жағдайды, өзінің жаңа мәртебесін (мектеп оқушысы) және өзара әрекеттесудің жаңа жүйелерін ("бала – мұғалім", "бала – құрдасы") қабылдау және игеру үдерісі.




20 минут

Негізгі бөлігі
1. Біз сіздерге "Бала мектепке пышақ әкелді" кейсін қарастыруды ұсынамыз: 4 сынып оқушысы мектепке пышақ әкелді. Балалар мұғалім мен ата-аналарға айтты. Әкімшілік баланың ата-анасын мектепке шақырды. Және педагогикалық кеңестің қарауына шығарды. Баланы мектептен шығару қаупі төнді. Бала бұл енді қайталанбайды деп уәде берді. Бір аптадан кейін бала жоғары сынып оқушыларымен төбелесті. (Шын мәнінде, бала бизнеспен айналысқан, сыныптастарына тәттілер сатқан және өзінен жоғарғы сынып оқушылары тапқан табысымен бөліскенін қалаған. Бала өз мүддесін қорғау үшін, мектепке пышақ әкелген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет