Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Ата-аналар үшін сабақтарды өткізудің әдістемелік тәсілдерінің ерекшеліктері



бет5/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Ата-аналар үшін сабақтарды өткізудің әдістемелік тәсілдерінің ерекшеліктері

Ересектердің тән белгілері мен ерекшеліктерін ескере отырып, ата-аналарды педагогикалық қолдаудың мақсатына білім беруді ұйымдастыруға және білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуге, оқыту әдістері мен формаларын таңдауға жүйелі көзқарас сақталған жағдайда қол жеткізіледі.


Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсетудің өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Тыңдаушылар белгілі бір өмірлік және кәсіби тәжірибесі мен дүниетанымы қалыптасқан, бала тәрбиелеуде өзіндік тәсілдері бар ересектер.
2. Ересек аудитория оқуға ынталы – оның оқуға дайындығы баланы отбасында тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне және практикада қолдануға қажетті нақты білім алуына байланысты.
3. Оқытуды жоспарлау мен ұйымдастырудың ерекшелігі педагогикалық ағарту ғана емес, сонымен қатар оқытушылар құрамының әртүрлілігіне – мұғалімдерге, психологтарға, әртүрлі профильдегі сарапшыларға байланысты.
Ересектермен бірге оқытуды ұйымдастырған кезде мамандар андрагогиканың негізгі ережелерін ескеруге кеңес береді:
1) ересек адам – білім алушы (білім беруші емес) – оқу процесінде жетекші рөлге ие;
2) ересек адам қалыптасқан тұлға бола отырып, өзіне оқытудың нақты мақсаттарын қояды, дербестікке, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі бақылауға ұмтылады;
3) ересек адамның оқу процесінде пайдаланылуы тиіс кәсіби және өмірлік тәжірибесі, білімі, іскерлігі, дағдылары болады;
4) ересек адам білім мен дағдыларды оқыту кезінде алған білімдерін тезірек қолдануды іздейді;
5) оқыту процесі негізінен оны шектейтін немесе оған ықпал ететін уақытша, кеңістіктік, тұрмыстық, кәсіптік, әлеуметтік факторлармен айқындалады;
6) оқыту процесі білім алушы мен білім берушінің бірлескен қызметі түрінде ұйымдастырылады.
Әдетте, ересектер оқудың қажеттілігін және оны нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қолдану мүмкіндігін көрсе, оқығысы келеді. Сонымен қатар, ересектер оқуға белсенді қатысуға тырысады, оқу жағдайларына өздерінің тәжірибелері мен өмірлік құндылықтарын ендіреді, оқу жағдайын олардың мақсаттары мен міндеттерімен байланыстыруға тырысады.
Ересек адамның көптеген отбасылық және әлеуметтік міндеттері бар, сондықтан ол негізгі кәсіби қызметінен қол үзбей оқи алады. Ересектер жаңа білім мен дағдыларды әртүрлі жылдамдықпен игереді, сондықтан олармен жұмыс істеу кезінде оқытуды дараландыруға, өзін-өзі бағалауды және әр адамның өзін-өзі бағалауын арттыруға ерекше назар аудару қажет.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау процесінде мұғалімнің міндеті – тыңдаушылар өздерін оқу процесінің бірлескен авторлары болатындай етіп ұйымдастыру.
Ересектерді оқыту тыңдаушының алдында қосымша практикалық мүмкіндіктерді ашуға және интерактивті режимде жаңа дағдылар мен іскерлікті игеруге бағытталуы керек.
Оқыту интерактивтілігі және қажеттіліктерді алдын-ала бағалау, нақты тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруға, ересектерге оқытуды тиімді етіп мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет