Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет61/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Әлеуметтік ерекшеліктері
Жасөспірімдердің ересектерге қарағанда үлкен беделге ие құрдастар тобымен дос болуға деген ұмтылысы артады. Өз отбасынан тәуелсіз болғанды қалайды. Жасөспірім тезірек есейгісі келеді. Жасөспірімнің өз ұстанымы пайда болады. Ол өзін жеткілікті есейдім деп санайды және өзіне ересек адам ретінде қарайды. Алайда, ол ересек өмірге объективті түрде қосыла алмайды, бірақ ересектер дәрежесіндегі құқыққа ие болғысы келеді. Бұл сырттай ересектерге еліктеуінен көрінеді.
Өз құрдастарының қандай да тәсілдермен болса да мақұлдауына қол қол жеткізуге қабілетті. Сонымен бірге, ол ата-аналардың және басқа ересектердің пікірін сезімталдықпен қабылдайды, олардың тарапынан түсіністікті қалайды.
Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері "жасөспірімдер кешені" деген атауға ие болды: өзінің сырт келбетінің бөгде адамдардың бағалауына сезімтал болып келеді; тым менмендікке салыну және басқаларға қатысты аппеляциясыз пайыдау; зейінділік кейде таңқаларлық қатыгездікпен, басқалар оны мойындап, бағалауды қалау жалған тәуелсіздікпен, беделді адамдармен, жалпыға бірдей ережелермен және кең таралған идеалдармен күрес – кездейсоқ кумирге табынумен бірге жүреді.
Психологиялық қиындықтардың себебі жыныстық жетілумен байланысты, бұл әртүрлі бағыттар бойынша біркелкі дамымау жағдайы. Бұл жас эмоционалдық тұрақсыздықпен және көңіл-күйдің күрт өзгеруімен сипатталады.
Бұл жастағы жетекші қызмет коммуникативтік қызмет болып табылады. Ең алдымен өз құрдастарымен араласып, олардан өмір туралы қажетті білім алады.


1-тапсырма: Презентация материалына және біздің әңгімемізге сүйене отырып, оған тән қасиеттерді атай отырып, "өз балаңыздың портретін" құрыңыз.

  1. жаттығу «Бағдаршам»

Сіздерге қызыл және жасыл карталар таратылды. Келесі мәлімдемелерге өз бағаңызды беріңіз. Егер сіз мәлімдемені әділ деп санасаңыз – жасыл карталарды көтеріңіз (иә). Егер мәлімдеме қате болса қызылды көтеріңіз (жоқ). Сіздің пікірлеріңіз әрқашан сәйкес келе бермеуі мүмкін. Енді даулы жауаптарды талқылайық.
Мәлімдемелер:

  • Жасөспірім немқұрайлылық, тәкаппарлық танытса да, оның көңілі жұқа болып келеді.

  • Жасөспірім эмоционалдық түрде салмақты және тұрақты болуы керек.

  • Жасөспірім өзін-өзі талдауға бейім.

  • Құрдастарымен шамадан тыс қарым-қатынас жасау жасөспірімге зиян болады.

Жасөспірімдік шақ көп жағдайда жанжалдармен, ұрыс-керіспен бірге жүреді.

  • Жасөспірімдердің сұлулыққа деген ұмтылысында қисынсыз, күлкілі жағдайлар болуы мүмкін (қыздардың косметиканы асыра пайдалану және т.б.).

  • Егер жасөспірім ата-анасын елемейтін болса, олар оған да солай істеуі керек.

А4 парақтары, қаламдар, қарындаштар


Қызыл және жасыл түсті карталар


Презентация мәлімдемелер бірінен соң бірі пайда болатындай етіп жасалуы керек





10 мин.


Әнгіме:
Мына жағдайды елестетіп көріңіздер: сіздің үйіңізде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, жиһаз жылжытылған, заттар әдетті орындарында емес, сіз бояумен (ағартумен, тазалаумен және т.б.) айналысып жатырсыз – бір сөзбен айтқанда, айналыңызда ретсіздік. Сіздің жасөспірім қызыңыз (немесе ұлыңыз) мектептен келіп, өзімен бірге досын (дос қызын) ертіп келді. Сіздің сөздеріңіз, әрекеттеріңіз қандай болмақ? (бірнеше жауаптар, педагогтің реакциясы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет