Балаға ата — анасы көшбасшы
Ата — ана мен баланың арасында екі түрлі
көзқарас
болмауы тиіс. Бұл әлі өмірге деген өз көзқарасы
қалыптаспаған, жасы кәмелетке
толмаған балаларға
қатысты. Ата — анасы көш бастайтын көсем болуы қажет
бала үшін. Демек, ата — ана әрбір іс — әрекетіне мән
беруі қажет. Білікті, білімді,
қайсыбір жағдай болмасын,
сабырмен қабылдап,
нені болмасын, сабырмен қабылдай
алатын көшбасшының (ата — ананың) соңынан ереді бала
да. Өйтпеген жағдайда бала тарапынан қарама —
қайшылықты анық көретін боласыз.
4 — 5 жасында — ақ өз қалауын ата —
анасына сөзсіз
орындататын бала ерке.
2 жасқа келгенде баланың қалауы (орынды болса ғана)
ата — ана үшін заңды. Одан кейінгісі — еркелік. Демек,
уақыт өткізбей ертерек қателіктердің орнын толтырып,
бала бойындағы еркелікті түзеуге ұмтылған дұрыс
4 — 5жасқа келгенде бала ата —
анасының неге рұқсат
етіп, қай қалауының теріс екендігін түсіне білуі тиіс.
Егер осы жасқа дейін ата — ана мен баланың арасындағы
қарым — қатынас өз деңгейінде қалыптасса, демек, әрі
қарай да олардың арасында қандай да бір үлкен
түсініспеушіліктер болмайды.