Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!



бет16/24
Дата17.06.2016
өлшемі1.71 Mb.
#142170
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Тәурат заңын (немесе құранды арапша) үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге тым ыңғайсыз борыштарды ( арапша құранды жаттату, шариғат деп ғұрыптық істерге тиым салу, әр түрлі дұғалар, тек арап еліне ғұмыра жасату т.б) арқалатып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұштарында тигізбейсіңдер.» (11 тарау 45,46) Бұндай жағдайдың діннің және халқымыздың армандарының бөлшектенумен, біріміз араптық, біріміз европалық, жаңа қазақ, бай қазақ, шала қазақтарға айналуымен, ата жолының қазақтың біртұтас ғұмырлық дәстүрін өліктердің тылсымнан хабар берумен ерекше хикмет болып, халықтардың біртұтас арман жүктерін, аруақтарын алуға шақырумен, артық хайыр, құрбандық қандарымен борыштарды өтеумен басталуы да тарихи шежіремен белгіленген заңдылық болды. Осындай алғашқы кезде бір қызық, ертегі болып ,қазақ елінің бүкіл алыс ауылдарына дейін өркен жайып, кейінен білімді, ілімді топтағылырдың, ел басқарушыларының ызасы келіп, қудаланған ата жолының сырын, маңызын енді өткенмен салыстыру үшін жеткен жетістіктеріміз де болу шарт. Бұндай оқиғаның Інжіл тарихында дәл осы қазақ еліндей көшірмесі болғанын және көптеген жылдарға созылған оқиғаның енді бір оншақты жылдар ішіне сиғызған, біздің елімізге тағдырлық сынақ болып келгенін, зертеп білген, бірде-бір философ, тиелог немесе білім және дін мектептері болған жоқ. Барлық болатын оқиғалар, ел және адам баласының жеке тағдырлары да шындық болып, аянмен, уахимен көрсетіліп және уахи болып батамен оқылуы Алла тағаланың үш түрлі жағдайда адам баласымен тілдесуі болатынын 42-сүре 51-аят хикметтер негізі болып, осы үш жағдайдағы рухани өлім сатысынан өту, әрбір адам баласына міндетті болып саналады. Дін ғалымдарының бұл аятты тәпсірлей білмеуінің себебі де жоғарыдағы; «Сендерге түсіну үшін барлық нәрсені парымен жараттық» деген аяттың астарлы сыры да аяттардың сандық мәндеріне де қатысты. Мысалға 42-ші санның пары 24-ші сан болып енді бұл аяттың; «Алла тағала адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді..» (42-51) аятқа біздердің ғана емес бүкіл әлем дін ғалымдарының назарынан тыс қалып, аруақ заңдылығына, құдай патшалығынан, қазақтың асыл діні тура жолының, ібілістің қапанына түсіп, өз ел басшыларының қолымен қудалануына себеп болған да насихатын түсінуге, парын табуға дін ғалымдарымыздың сандар тағлымынан инсандығы жетпеуінен ғана болды. Енді бұл аяттың бір ғана парына назар салсақ; «Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім берілуге (батаға, аян, уахи Алла тағаламен сөйлесуге) шақырылғанда, олардың сөздері: «Естідік бой ұсындық» деу болады. Міне бұлар құтылушылар.» (24-51) Ата жолына келіп әулиелер тарапынан түсірілген батаға яғни үкімдерге мойын ұсынып, иманға келгендер мүмін болып саналып, оларды «инсандылыққа» жетуге, санасын тазартып, рухани ұйқы өлімді жеңушілер, тақуа болуға талаптанушылар, ар білімін қалыптастырушылар деп атауға болады. Аллаға бой ұсынудың негізгі шарты да осыдан басталып, және Алла тағаламен жүрек көзімен үнсіз тілдеспей, жанның тазару да, рухани зейнет алуы да мүмкін емес екенін де естен шығармаңыз. «Тарықанда тау-кие, Тұңғиықтан үн қатты; Кереметін әулие Мойындамау –биғат-ты!» дене аталарымыздың да аманаты болған. Яғни тәурат ғылымын меңгергенін де ескертіп тұр. Енді дін жолының қандай да бір түрлері мейлі християн, рәурат куәгерлері, буддалық т.б топтарының түрлері болсын, негзінен осы 3-негіздегі рухани жетістікке жеткізуге ғана негізделген тылсым үнін меңгеру арқылы ғана ар-білімінің яғни шариғат ұстаным қағидасы болу шартты үкім. Шариғаттың қандай да бір шаралары діни істер қағидасы яғни тылсым сырын Раббымыздың заманға қарай түсіретін үкімдерін тыңдап бой ұсыну арқылы қалыптасқан ғұмыр-тағдырлық, шежірелік тәжірибе болып, әр халықтың үмметік ерекшелгімен оның ғұмырлық мектебін яғни әдет-ғұрыптық тарихи естілігіне тікелей байланысты болуы, жаратқаннан берілген шартты үкім және нұр сүресінің аяттары парыз екенін де түсінгеніміз абзал. Нұр сүресінің ішінде жасырылған осындай 24-негізгі адам баласының зейнет қуатарының бұлағын енді масхабтық бес парызға қосаңыз, пайғамбарымыздың құлшылығының кітабы және екі жолдың тарихат пен мағрипат белестерінің негізі, 70-бұтақты иманға өту сүресі болған 29-санның құпиясы шығып тұрғаны хақ. Сондықтан дін құлшылығының негізгі иман келтіру парызы масхабымыз көрсеткендей 5-парызбен ғана шектелмейді, керісінше 29-парызбен құран насихаты ескертеді. Сондықтан ата жолы осы иман келтіру парыздарының негізін қалаушы дін мектебінің жоғарғы сатысы бола алады және ата жолының бастауыш мектебі болып, масхаб шариғат білімі болу тиісті еді. Бұл дін негіздерінің біртұтастығын қалыптастыру үшін де, әрбір үмметке Раббынан түсірілген өз араларынан шықан жол бастаушылары болып, тілдік, сөздік аманаттарды орындау барысында, қалыптасқан философиялық ілімі және шариғат ерекшеліктері тұрмыстық ырым, жоралғылары дәстүр ерекшеліктері сақталу да шарт. Енді неге бірден ислам ірге тасы болған, арап шежіресіне хаж-умра арқылы жалғануға болмайды деген сұрақ қойыңыз? Бұл жағдайдың негізгі себебі де, адам баласының ек сөзді, екі тағдырына, ұлттық, жерлік ерекшелігіне байланысты ақирет өмірінің де есіктері өмірден өткен әке-шеше, сосын ата-ана және Алланың араларымыздан ардақты еткен құлдары әулие-әмбилерімізге байланысты, хаж ағашының яғни көке тіліктерімізді, дұғаларымызды көтеретін жолдары рухани ағашымыз, осы ақирет өмірінің рухани қақпасы болып саналады. Сондықтан рухани да, қияметтік ажалдан кейін де осы ата-аналарымыздық жандары жалпы адамзаттың ортақ ақирет тіршілігіне жалғанып, Алла қасына жиналамыз. Жанның негізі білім арқылы ғана өсіп жетілетін болса, онда осындай халықтар тектерінің ерекшеліктерін, ұлттық болмысын сақтап, өздеріне өлшеп берген аймақта тіршілік базарын жүргізу үшін, жартқанның ең әділетті үкімі ол- діл біліміз, яғни ана сүтімен берілетін қандық ерекшелігіміздің мыңдаған жылдар ана тілімен бірге жетілумен бірге енді жоғалып, бір-бірімізді құлданудан және өзіміздің ата-аналарымыздың жинаған қазынасынан рухани азғымыздың көктің несібенің тек өз ұрпақтарын ған тиісті болып сақталуын қамтамасыз етуге бағыталғаны хақ. Ал мұндай жағдайды, құдайдан артық әділеттілік заңды адам ақылы ешқашан ойлап қалыптастыра да алмасы хақ. Сондықтан бүгінгі несібесі ерекше болып, жерді тесіп, көкті бағындырмақ болып, мақтаннан, тәкәпарлықтан бойымызды бояп, бірақ арымызды жоғалтып, жер бетіне симай жүрген барлық жер тұрғындары да өзінің бұрынғы замандарда әділетті, арлы тіршілігімен, ізгілікті істермен өсіріп кеткен, діл бақшасының дайын жемісін ған жеумен ғана өсіп-өніп жатқанымыз хақтық. Ал енді біз өзіміз болашаққа қандай рухани егін егіп беріп жатқанымызды мүлде қаперімізге де алмай жүргендеріміз жеткілікте жер бетінде. Бұндай ар бақшасын жан өсірсе, ал жанды діл білімі ған өсіреді. Рух оның азығы және қызметшісі. Сондықтан пайғамбарымыз; «Білім имандылыққа алып барады, білім діннің ұстаны болып есептеледі.» (567) «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде (қанында, тегінде) ол адамға пайдалы болып есептелінеді. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет) Олай болса біздер өз ойымыздан білім шығара алмаймыз және біздің білімізде осы аталарымыздың меңгерген ар білімі арқылы жазылған кітаптарды оқумен ғана заманға сай ақыл-оймыз, біліміз қалыптасады екен. Бірақ енді осы екі түрлі білімнің яғни тіл мен діл білім болып табылатын сөзіміздің арасын жалғап тұратын ойымызды, яғни армандық, арлылық білімізді қалыптастыра алмасақ, онда оймен тілдің арасы бөлініп, діл білімі өсіп, өніп өз жемісін көрсете алмайды. Енді имандылық дегеніміз ана тілі, ата сөзі аманатарына ғана байланысты түрде қалыптасатын, ұлттық ғұрыптық сипатағы; арлылық, ұяттылық болып, ал оның негізгі жаны адам баласының қаны мен тілінде діл білімінде яғни соған байланысты көрніс беретін сөз байлығында болу керек екен. Енді жоғарыда мысалдармен келтірген рухани дәрежелену яғни Алламен тілдесу үшін қанды тазарту құлшылықтары мен сөз байлығын меңгеруде, тілді де тазартуда осы біздердің шариғатымыздың, масхабымыздың негізгі ірге тасы болу керек екен. Егемендік алып, енді тура жолымызды рухани жетістіктерімізді қалыптастырады деген масхабтық шариғат біліміз, осы негізгі рухани өлім сатыларына әкелетін тәрбие бермек түгіл, әлі кезге дейін өздері құдайға қарсы шығып, халықты мүлде шежіресінен, ділінен ажыратуға әрекет жасап жатқанын мойындар емес. Қазақ еліне келген мұндай сорақылықтың да тарихи оқиғалардың үмметтер арасына айналып жүретіндігі және бұрын болған құбылыс екендігіне Інжілден мысал берсек; «Тәурат заңын (құранды) үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер құтқарылу туралы білімнің кілтін (аруақ заңдылығын) тартып алдыңдар, өздеріңде кірмедіңдер (зираттамадыңдар) кіргісі келгендерге кедергі жасадыңдар.» (11-тарау 52) Енді бұл жағдайдың хақиқатығына және исламдін ғалымдарының Інжілге қарсы шықандығына қазіргі таңдағы жеткілікті дәлелдерді өздері қамтамасыз етіп: Ислам ғалымхалы, Имани гүл, Дін мен Діл т,б шығармашылықтары нақты қазақ елінің мүфтияттық дін саясатын айқын көрсетіп бергені даусыз. Дін мен Діл кітабын ғана алып оқып көрсеңіз жалпы діл туралы дін ғалымының мүлде білімі түгіл, жалпы діннің де сипатын толық білмейтінімен қоса құтқарылу заңдылығын 99-таспихпен айқын белгіленген рухани өлім дәрежелерінде, өздері меңгерулерін былай қойғанда, тіпті халықтан дінін тартып алғанын және қазақ еліндегі бүкіл дін ғалымдығының тек аты мен дәрежесі ғана бар: Нұр Мүббәрак діни жоғары оқу орындарының атақты ұстаздары да жан, рух ілімнен мүлде сауатсыз екенін «бес парызбен» жаннатарды армандаулары ашық әшкере білдіріп тұр. Егер ішкі жан дүниеңізде осындай пәтуаның мықты отырып алып, қарсылығын білдіріп, ашуыңыз келсе де, әзірге сабыр сақтасаңыз оқушым дегім келеді. Себебі оларға деген аруақтардың арнаулы сыйы да, Раббымыздың көрсетіп, оқытып жатқан хикметті діл білімі, жан ғылымы да бар алдағы басылымдарда баяндайтын. Енді бұл кісілерге халықтың несібесін бөліп беріп, жоғарғы орындармен, тақтармен, марапатаулармен қамтамасыз етіп, өз халқына ит құсатып айдап салып отырған ел басшылары мен, ғалымдарымыздың ойларында не тұрғанын, армандарының сипатын, ар-намыстылықтарын өзіңіз бағдарлап, сабырмен «Ақырын бер жартқан» деп тілеңіз. Ал ата жолы осы уақытқа дейін не берді?-деп енді сұрайтын да уақыт та жауап бертін мезгіл де келді. Ата жолының негізгі ұстанымы да; «Бірінші байлық ден саулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» болып, осы қызыл, сары, ақ түсті болған үш арманың да жемісін алып, тұрақты байлыққа да иелікке жеткен, арамыздан дарынды киелі ұрапақтар да жүздеп санауға болады және әлі жете алмай бірін алсақ, екіншісіне қол жетпей немесе ар қуаттымыздың, рухани сезіміздің жетілмеуінен керісінше сынақтарға түсіп, ит болып керуенге үріп, шайтан жамағаттарына жәрдемге тұрумен, ата-анасына аруағына, діл білімі, ар білімі, ғұрып-ғұмырына ашықтай қарсы шыққандарымыз да арамыздан мыңдап кездеседі. Ата жолы негізінен сөз байлығын меңгеруге талаптылар мен, тілді тазарту, тәнді тазарту, шариғаттық, діни ұлттық ұстанымдарды, құлшылықтарын, намаздарын жетілдіру сияқты алғашқы 3-жылдық кезеңмен, алғашқы негізгі рухани өлім дәрежесінен (субуханалла-Аланың шақыруына келу арқылы) ізгілік, қайрымдылық, жомартық сияқты қазақи болмысын табу арқылы өту шарт. Енді осы кезеңде рухани тазалығына, қабілеттілігіне байласты Ақ ұлға берілген жүрек ашу мұғжизасымен яғни; «Немесе бір елші жіберіп өз бұйрығымен қалағанын (бір перденің артынан аруақтар арқылы бата) уахи етеді.» (42-51) аяттың бір үкімімен Аққу, Сұңқар аталып немесе солар арқылы Алла Тағаламен бір перденің артынан аманаттармен жүктеліп, оны намаз қылып орындау ерекшелігімен, белгілі бір рухани дәрежелерді, дарындылықтарды меңгерумен келесі (әлхамдулла) яғни Алла жолында білім, ілім арқылы қажырлы күрескер яғни Ғиса пайғамбарымызға ерген сахабалар сияқты елшілік істерді толық меңгерумен көрнісін береді. Ал бұл сатыдан енді аяндар арқылы Алламен тікелей тілдесуді меңгерумен жан білімін жетілдіру сөз сөйлеу өнерін меңгеру міндетті болып және жаратқанның: «Сендермен көкейге салу арқылы сөйлесемін» деген (42-51) аяттың бір үкімін яғни шешендік өнерді меңгерумен де байланысты болмақ. Ал енді соңғы 6-жыл мен 9-жыл арасында әулие-әмиблердің, пайғамбарлардың кітаптарына жалғанумен және рухани тез жетілген жағдайда өзіңе тән кітап алумен, ғылым берілумен яғни Құран насихатын терең меңгерумен; «Сендермен санада(ойға салу) періштелер арқылы сөйлесемін» деген аяттың үкімін меңгеріп; Ілияс, Зікірия, Яхия, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымызға берілген кітапты және Мұхаммед пайғамбар кітабы, шапағаты аруағына тұрақты жалғанумен ерекшеленеді. Енді осындай сипатты дарындылықтарды меңгерген арамызда санаулы ғана ұл, қыздарымыз, аққу, сұңқарларымыз бар. Енді дінің жетістігін арамыздан бір ғана адам меңгерсе де, бұл бағыттыңда, жолдың да хақиқатын білдіріп, онда ол дін жолы тура және хақтық деп саналу керек. Қандай да білім, ілім саласы әуелі бір ғана данышпанның шығуымен, кейінен шәкірттері сол еңбектің білімін жетілдіріп, бүкіл адамзатқа ортақ білімге, ілімге айналатыны да даусыз. Менделеев ғалымның аян арқылы жасаған кестесін, әлі кезге дейін адамзат білімінен қызмет етіп келе жатқаны Раббымыздың түсірген білімі емес пе? Сондықтан қазақ философия сөз өнерін, ғылымын неге Абай атамыз ғана меңгеріп, жазып, сол заманның бүкіл ақындары да солай жазбағасын біздің дін және ар біліміздің негізі бола алмайды деген пәтуа берсек, онда надандық, және сөз ғылымына деген зұлымдық болып табылады. Енді ата жолының осындай сипаттық ерекшелігімізде болып жатқан құбылыстардың нақты айқын дәлелі болмаса, құр сөзбен айтылған, жазылған дәріптелген пайымдау, пәтуалар ой жору болып, хақиқатқа саналмайды. Бірақ әрбір дәлелденуге тиісті хикметті істердің екінші жағы яғни таразы басына қоятын өлшемі де болу да шарт. Бірақ ондай жағдайға да белгілі бір бәсекелес ата жолына ұқсас дін тобы болу керек. Ондай жағдай қазақ елінде мүлде мүмкін емес және ондай мүфтият біліміне, дін ұстанымына ұқсас болған жағдайда және кейбір амалдары жоғары болса, онда шам алып соңына түсіп, арасына ши жүгіртумен, түрлі жалаларды ойлап тауып, бірден соттап, айдап жібере салатын салтымыз яғни жындылығымыз бар. Және құқық қорғау орындарының осындай жындылығына Раббымыздан түсіріп, сыналып әлем халқы алдында мазаққа айналған жағдайларымызда жетікілікті және күн санап көбейе де бермек. Сондықтан теңдесі жоқ, тура даңғыл жолдың мұрагеріміз деп есептеп, өздерінің білімділігінен мардамсыған қазақ елінің философ, психолог, тиолог, дін хазіретеріне ата жолының қарапайым білімін түсіндірген және олардық қателіктерін түсетін сынақтарды да ескертіп, көрсеткен үн парақтарды 7-8 жыл бойы баспасөз, теле арна мәдени құзырлы орындарына ашық тартып көргенмен, пікір талас басылымға жіберуді сөз етпей-ақ, «бұны қайдан алып және неге жаздың?»,- деп сұраған бір пенде болған жоқ. Ең бір ақыл жетпейтін жағдай; Құранның Халифа Алтай аудармасының 2-225-аятты неге түсіп қалған және пәтуаларындағы, намаздарындағы, сөз ғылымына ашық қарсы әрекеттермен, дәлелдерді келтіріп, сұрау салғанмен арланған, намыстанған бір де бір осы топтың арасынан шыққан, жалпы дендік арын былай қойғанда қойғанда, басына еге болатын бетінің ғана ары, ұлтына сай адамгершілігі бар пендені де діншілер арасынан кездестіре алмадым. Бұл жағдайдың өзі адам баласы масхаб ұсынған бес парызбен екі жұзділік, «мұнафықтық» мұсылмандық алғашқы болмысын да өзгерте алмайды және алғашқы рухани өлім сатысынан әрі өткізуге жолға шығаруға, бағыт беруге мектебі қалыптаспаған десек өтірік болмайды. Сондықтан еліміздің бес парызбен иман келтірген барлық сауатты тұрғындарымен, ата жолының жоғарғы иман дәрежесін дәлелдемек болып, жасаған шараларым, тек құр ауамен жұдырықтасқан, өзімен-өзі сөйлесіп жүрген жындының нағыз өзі болып жүрген жайым да бар. «Мұнафықтық», екі жүзділік болған жерде, сөз түсінудің парлап ойланудың, инсандықтың құны болмай, сондықтан ондай пенделердің арлы, парсатты дегені ойдан құрастырып атақ, дәрежелермен өз-ара келісімен адам қолымен құрастырылған, сыртының бояуымен ғана көрікті болған арлылықтың ғана сипаты болады. Сондықтан да Шәкәрім атамыз; «...Анық қара; жан-өзің, дене киім, Мақтан бояу-денеге берген сиың. Жанға мұндай бояуың азық емес, Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?» деген өсиетпен денсаулығың бар, ақ жаулығың бар ал енді он саулығың, он тиының қайда?-деп сауал қояды. Ал жалаңбастық салт бар жерде алдыңғы екеудің байлығы болған, ақ жаулық пен бірге денсаулықта жоғалып, бетің ары тұрақтауы да мүмкін емес. Бұндай байлық қорған болмағанда, ондайлардың малдық құлағының көздері тілініп, созылып, ұйқы безінің жанмен арасында қуат алмасуы тоқтап, сөз қуатын тұшынып ұялумен арлық қасиеті жоғалады. Бұндай пенделердің тылсымнан көрсеткен, білдірген ар білімі бойынша көбіне қандары азу, қант аурулары т.б жыныстық түрлі ауруларға ұшырауымен тәнде арсыздықтың өнім берумен белгілі болады. Егер ер азаматтың жыныстық қабілеті төмендеп, түрлі ауруларға ұшыраса да онда ұлттық намысы-ары тоқтап, аян кітабы ар жібі үзіліп, қысқарып, екі жүзділіктің қапанына түскен деп біліңіз. Бұндай жан ғылымынан терең хабарлардың әзірше тек сыртқы белгісін баяндап қана әзірге ондай жағдайдан қалай құтылуға болатын ата жолындағы бақсылық, хикметті дәлелдерімізді жасырын ұстап, ата-жолының жалпыға бірдей шапағаты көрінбей жатқан себептерін ғана яғни өзімізге-өзіміз сын айтумен ғана шектелгеніміз жөн. Жоғарыдағы парыз болған 24-51 аяттың үкімін аталарымыз; «Шақырғанда бармасаң,онда шақырғанға зар боласың» деген нахыл қалдырған екен. Әулиелер аруақтарының шақыруын алып, дұрыстыққа жорып, алыстан құр тілмен ортақ қосып, ой жорымай, ата жолына келіп, көріп, салыстырып пікір таласқа түсіп, ақ пен қарасын, жақсы мен жаманын ажыратуға қабілетті ел, көш басшыларының дүние қызығын түгелдеп, өзге құдыққа құлап жатқан елдермен жарысқа түсуден қолдары әзірге босамай, бірақ түбінде бәрібір маңдайлары тасқа тиіп, немесе құзға жолығып, ал кейбіреулері мұндай дүние қызығынан, бос мақтаннан жалығумен бәрінің баянсыз екенін біліп, енді қалай бұрылсам деген кезде, аяқ астынынан бір пәлеге душар болып, немесе өлім періштесі, аруақ түсіне еніп; «..жинал! Не ажалыңды қабылдап өлесің, не өліміңді тоқтата тұру үшін айтқаныммен жүресің»,- деген Құдайдың пәрмені келгенше осындай әрекеттермен ғана шектеліп, Мұхаммед пайғамбарымыздың «Қиямет мезгілі бір діндегі елдің өз ара қарсылық пәтуаға келгенде қиямет мезгілі болады» деген өсиетінен аталарымыздың, мұндай жағдайда; «Көктен Ғиса түсіп, жерден Мәді шығады» деп ескертіпті. Әулие аруақтарының бір тұтас Мәді болып, елді тура дінге шақырғанда, Ғиса пайғамбарымыз рухы періштелер болып сөйлегенде де мойындамайтындардың, қарсы шығатындардың болатыны ескертіп; «Сендерге айтамын: Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде Құдайдың періштелерінің алдында мойындаймын. Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелері алдында танбақпын. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухына қорлаушыларға кешірім болмайды.» (12-тарау 8-10) Сонымен аталарымыз; «Құдай кешіргенмен, аруақ кешірмейді, аруақ атқан оңбайды» деген даналықтарының қияметтік мезгілі басталып та кеткенін күндегі болып жатқан апатар мен сынақтар, ажалды өлімдер куә болары сөзсіз.

Ата жолы мектебінің парыздық қағида шартары.

Масхабшылар яғни дін муфтиятымыздың пәтуасымен мұсылмандық бес парыз деген қағиданы негізгі шарты болып саналса, ата жолының ең басты ерекшелігі де маңызы да бірінші адам баласының ұлттық ар-намыс, ұятын, арлылық болмысын қалыптастырумен, тіл, ойдың арасын бөлмей сөйлеу даналықтарын, сұхбатты меңгерумен бірге масхаб шариғат білімін көлемді түрде түркілік болмыстағы Ясауи ілімінен нәр алып, 9-жолдың бәрін тоғыстыруды насихатайды. Енді масхаб имамдарымыз еліміздегі жалпы халықтың имандылыққа бет бұруын, мешіттердің көптеп салынып, имамадардың сол мешітерде жұмасына бір рет уағыз айтуымен, баспасөз бетеріндегі өздерінің жартылай сауатсыз пәтуаларының жемісі деп түсіндіреді. Бірақ сол мешіттердегі намаз оқушы қауымның бәрінің аруағы болып, көп жағдайда ата жолының батасынан, зираттау арқылы алғашқы рухани өлім дәрежесінен өткендердің басым көпшілікті құрайтынын және ата жолындағы көпшілік сарбаздардың ешқандай масхабтың, имамдардың ақылынсыз-ақ жоғары дәрежелі имандылық сатыларын меңгеріп жатқандарын, біздердің шәкіртеріміздің орындаған намаздарын, құран насихатарын меңгергендердің ең жоғарғы білімді имамдарының өзі меңгер алмағандарын біле бермейді. Сондықтан діни сауттылық тұрғысынан әлде қайда хазіретіміздің өзі де ата жолының негізгі ілімдерінен, масхаб білімінің әлде қайда арта қалғанын аңғарар емес. Егер сенбестік болса, онда ашық бар хазіретті хикмет көрсетіп дінің хақиқатын білдіруге, Мұса пайғамбарымыздың мұғжизыса әулие басында кездесуге шақыруға да болады. Сондықтан ата жолының намаз қағидалары масхабтың ұсынған мешітте отырып алып жарысу емес, ата жолының жалпыға бірдей тіптен ұлттық ерекшелігіне де қарамай батамен жетектеп, әрбір пенденің өз аруағын, ақыл-ойын қосқан мұндай аламан жарыста; «Әуел бір ат келіп, сосын көп аттың келетіні», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығару» сияқты ғұрыптық, салт-дәстүріміз негізінде Раббымыздың хикметтерінің көрінуімен, ашық дәлелдермен атқарылады. Әрине мұндай аламан доданың алғашқы басында тұрғандардың көп қателіктермен, және қара бақсылық істерге өтіп кетіп шығынға да ұшырауы заңдылық. Сондықтан ата жолының негізінен мұндай тұлпарлар мен сұңғыла сүңқарларды дайындау барысында өзіндік иман қағидасы яғни 9-жылдық мектебінің ақ бақсылық істерін, хикметерді меңгерудің емтихандық шарлары да бар. Алғашқы бұл адамзатқа келген үлкен рухани өзгерісті бастаған ата жолының сенімнің рухани батырлары болған топтағыларға, тек ғұмыр заңдылығы яғни ата жолының негізгі шарттарын, ата салт, дәстүрін жаңғыртып, діннің шариғат білімімен негіздеу жүктеліп, қалған жағынан жеңілдіктер және дүниелік нығметер де беріліп, түрлі әулиелік, қасиетік дәрежелермен алдын-ала марапталып, иманмен зейнетеліп отырғаны да даусыз. Сондықтан мұндай жағдай талай жыл масхабты, тақуалықты ненесе түрлі шығармашылық, дарындылық қабілетерді меңгеруде көз майын тауысып, тер төкендерді әуеліде таң қалдырып, артынан ызаларын келтіріп, екі жүзділіктің көре аламастықтың бой көрсетумен, ата жолына ашық қарсылыққа дейін тірегені де даусыз. Енді бұл жағдайдың жаратқанан сынақ болып, арты көптеген өздерін сауатты атаған пенделердің қарсылығын тудырған сынақтармен, жан ұяларына келген қайғы-қасіретермен және әлем алдында ақымақ болып көрінуімен, келе жатқан рухани алапат дауылдың бар екенін білдірумен, жіберген әлі де өзгеріссіз қайталанып жатқан, хикметті көрністерді негізгі жеткен жетістіктеріміз, алған ілім-білім дәрежесімен салыстырып, бағалап, ақ қарсын ажыратып алғанымыз да жөн. Ол үшінде әуелі сөз білімін атаулар ұғымын, сөз түсінгімізді жетік білуміз шарт.

Ата жолы философия мектебі.

Қарапайм ғана дін құлшылғындағы дұға, тілек және жалбарыну амлдары әрбір ұлттың сөз ұғымын меңгерудегі жеткен шыңы болып сондай көркем сөздермен жалбарыну арқылы дұға, тілектерің Раббыларыңның қолдауы арқылы ғана Алланың алдына жетеді деп, түсіндіреді құран насихатында. Ал енді ақсақалдарымыздан, әулиелерімізден, абыздарымыздан, үлкендерімізден кішілеріміз алатын баталарымыз да осы философия мектебіміздің білімін көрсетені де хақ. Ал енді тылсым арқылы аруақтардан бата алу, бұл енді философия мектебінің жоғарғы дәрежесі болып саналу керек. Оған себеп, екі дүниенің арасын көркем сөз арқылы жалғау пенденің қолынан келетін іс емес. Сондықтан муфтиятық масхаб, мешіт дін имамдарының да көрсетіп, айтып жатқанын философия мектебінің сабағы емес деп айтуға да болмайды, бірақ тура жолдың жетілген мектебі деп тағы да айта алмаймыз. Мұхаммед пайғамбарымыз жалпы бүкіл пайғамбарлардан дәрежесінің артық болуы да, құран философиясын терең меңгеріп, және тылсымнан аруақтар арқылы бата болып оқылуын сол қалпында жеткізе білуімен ерекшеленеді, бағаланады. Сондықтан жаратушымыз «сендерге құраннан артық қандай мұғжиза керек»,- деп айт деген аятта бар. Қазіргі таңдағы қазақ елінде тылсымнан аруақтар арқылы құран үгітінің көркем сөзбен бата болып оқылып жатқан ақирет және дүние өмірінің тіршілік намаздарының насихаты болып, енді осы Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған мұғжизаның екінші көрнісі деп түсінуге де болады. Барлық нәрсені жұп және парымен жараттым деген құран философиясын негізге алсақ, онда бұл заңдылықтың бұрын жеке-жеке әулиелерге уахи болып оқылса, енді аққу, сұңқарлар арқылы бата болып жалпы халыққа ортақ оқылып жатқаны даусыз. Енді аз ғана мысалмен масхаф философиялық сөз түсініктермен салыстырып көрейік. Діннің тірегі намаз деген дін құлшылығының философиялық түсінігі бар. Енді бұл үғымның намаз орындау, намаз оқу және намаздарды толық орындау болып ретімен берілген аяттар бар. Бұл намаз ұғымының мықты сөз екенін өз пайдасына пайдаланытын сөз жүзінде, ой жүзінде екі жүзділіктің қараңғылығынан шыға алмай муфтияттық, мазхабтық «тәкледи» иманды діншілеріміз,

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет