Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!


Оян қазақ ата жол келді еліңе!



бет2/24
Дата17.06.2016
өлшемі1.71 Mb.
#142170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Оян қазақ ата жол келді еліңе!» деп Момбай ұлы Қыдырәлінің «Ақ ұл» аталып, дін әлемінде үлкен хикметті жаңалықтың яғни жүрек ашу мұғжизасын көрсетіп, мыңдаған қазақтың қарапайым ұл, қыздарын рухани ұйқыдан оятып иманға, тазалыққа бастаған ісі қазақ елін үлкен апаттар мен сынақтардан құрдымға құлау қаупінен сақтап қалғаны да сөзсіз. Мемлекет тұрғындарының жаппай арсыздық, ұятсыздық салттармен қатыгездік, мейрімсіздік, надандық құрсауына түсіп, Ібіліс жолына түсуінен ондай елдерде не қарумен болатын соғыс, болмаса рухани ақ пен қараның арасындағы тылсымнан көрінбейтін белгісіз аруақтық соғыстың болатыны ақиқат. Сондай әлемге әлі белгісіз болып, қанша өзге елдің ғалымдары да дін басшылары да сырын ұғып таба алмай «Бұл ел, бізден рухани да, білім де жағынан әлде қайда төмен тұрып, соншама ұлттардан құралығанымен қандай бірлікте және жоғары жетістіктерге жетіп жатыр?..» дегендей сұрақтардың туындап, әлемнің көш басшылары өздеріндегі бар, көшірмесін алған қай салтымыздан үлгі аларын білмей, бастары шарадай болып жатқаны да сөзсіз. Оны енді Құдайдың назары түсіп, аруақтың қолдауымен жетіп жатқанымызды көп ойлы ел тұрғындарының іштей мойындағанмен, сыртымыз қампайып, бәрі ел және дін басшыларының ойшылдығы, ақылдылығы мен ел басшымыздың ерекше жаратылысынан деп асыра мақтанумен, баяғы замандарда арты қайғымен аяқталып отырған тойшыл, сауықшыл, күлкішіл ескі салтымызды әлемге паш етумен айналысып кеттік. Біздердей бақ қонған ұпақтарына өсіріп, өндіріп, жетілдіріп берген көктегі қазынамызды, ақыл, қуат, ұрпақ болып бейнеленіп жатқан жүректерімізді және түрлі жағдайдағы сепші «Бірлерімізді», рухани тірілген жауқазын гүлдерімізді, аяқ асты қылып таптап, қолға бергенін оңды-солды шашып, «аруақ» деген сөзге табынатын, шүкірлік амалдарын ұмытқанымызбен қоймай, әулиелерімізді, даналарымызды көше бойына жалаңбас мүсіндерін салып, басына той жасаған сайын « құрметіміз,еске алуымыз осындай, сыбағаң осы» деп, мал сияқты шөп салып, немесе мұражай-музей мен ойын-сауық орындарына айналдырып алатын арсыздық, малға шоқынған жат жұрттан алған ескі тәңірлік салтымыз қайта өркендей бастады. Ал енді өзі аруаққа айналған «Ақ ұлдың» артында қалдырған аяқталмаған істері мен өсиеттерін одан ары қарай бас көтертпей тұншықтыру үшін; мәдениет, дін құзырлы орындары арқылы халыққа жауыз, елдің қазынасын тонаушылар қылып көрсету іс шарлары әлі жалғасын тауып келе жатқаны да даусыз. Сондықтан да жүрегінің көзі ашық, ата-салтын, ғұрпын қадірлеп, дәстүрін жетілдіруге талпынған қарапайым халық үшін; ел, дін, сөз басшыларының мұндай арсыз, ұятсыз пайымдаулары мүлде түсініксіз. Олардың істері дұрыс дейін десе, аталар аманаттары, нақыл, мақалымыз және Ясауи бабамыздың ашық түсіндірген Құран насихатын былай қойғанда, Құран аяттары мен, Абай-Шәкәрім сияқты әулие-әбилер еңбектерінің өзін ашық мазаққа айналдырып, тіптен Құранға ашық жала жауып қалай хазірет, теолог, философ, психолог, дінші аталып, өтірікті көбірек айтқандардың, жалған кітап жазғандардың неге ел басшыларының марапаты мен жоғары дәрежелі қызметерін атқаруға лайық болып, ұсынылып жатқаны мүлде ақылға сыйғыза алмай жатқаны да сөзсіз. Сондықтанда; Ат аттатырып сүйек сындырмайық ағайын! деп іштей ағайлаудан басқа шарасы жоқ бұқара халықтың.

Ілім, білім ортасы-Ғылым!

Бұл тақырып халыққа таратылып жатқан басылымдардың негізгі ірге тасы болғанымен «Қайталау білім анасы» деп тағы бір қысқаша мысалдармен тоқтала кетейік. Бұл үш негізден адам баласының сауаттылық деген қабілет, қасиет белгісі пайда болмақ. Енді дін ғалымдарымыздың, имамдарымыздың «Діни сауаттылық» деген түсінігі бар. Және бұл түсінікті ислам елдерінде арап тілімен байланысты пайдалану философиялық қағидаға айналғаны да даусыз. Жуық арада Астана күнінде Әзіреті Сұлтан бабамыздың атымен ашылған мешітте дін ғалымы және бүкіл масхабшылардың бірегей мойындаған ғұламасы, философ, тиологы болып саналатын муфтият діни білімінің жетістігінің халық алдындағы айнасы болып негізінен осы ғалымның еңбегі арқылы масхаб жетістігімен халықты тура жолға бастаушыларды бірі деп санайтын; Қайрат Жолдыбай ұлының осы еңбектеріне орай ел, дін басшыларының үлкен құрмет тұтып, қазақ елінің ең үлкен басты мешіттерінің бірі болып саналуға тиісті құрметті орынға бас имам болып тағайындалыпты. Сондықтан діни философия тұрғысынан басты тұлға ретінде көгілдір терезе арқылы берген сұхбатында; «Мешітте намаз оқу залдарынан басқа сауат ашу мектебі де бар... Адамдар және жазғы дем алысында баларда келіп құран оқу және ислам құндылықтарынан сауат ашуына болады...» дегендей пікірін білдірді. Енді бұл сөздердің қарапайым философиялық астарына үңілсек; Мемлекет тұрғындары мейлі қандай білімді, немесе дәрежесі болсын, арапша оқу білмесек сауатсыз аталады екенбіз. Яғни менің қазақша алған білімім және қазақ емлесі, ұлттық тілім, Аланың бабаларыма түсірген уәдесі арап тілінің алдында дін болып саналмай және жалпы сауатсыздық болып есептелінетін көрінеді. Осындай «ібілістік», тәкәпарлық қағидалармен өз басым өмірімді екі рет кездесіп, ал қырықтан кейін діннің құлшылық намаздарына қарай бет бұруыммен бірге бұл үшіншісі болып саналады. Біріншісі; ауылдан мектеп бітіріп Алматы қаласына оқуды жалғастыруға келгенде «Орыс тілін білмеген сауатсыз» деген келеке мен мазаққа ұшырап, бірақ сауатылық орыс тілінде емес, ойыңда бейнелей біліу өнерінде екенін және ғылымды білімді меңгеру жатап алып айтып беру емес, керісінше сөздің астарын, құпия сырларын есептік жүйесін меңгерумен білінетін дәлелдеу үшін және қазақтық намысты жоғары көтеру үшін де білім жолындағы орыс ұлтты замандастарымнан жоғары тұруға күресте пайдалы болғаны да сөзсіз. Екінші; әскер қатарында осындай орыс «шевонистік» ортаға түсіп, қазақтың әскер құпия техникасын және әскери білімді меңгеруде сауатты әлде қайда жоғары болатынын ділдік, рухтық қуаты өзге халықтан жоғары екенін дәлелдеуде де намыс қуаты болғаны да растық. Енді құранды зертеу барысында араптық «шевонизм» ауруымен ауырған қандастарымен тірескеніме 10-жылдан асып барады. Барлық имам, хазірет және қатардағы діншілердің негізгі пікір таластағы маған қарсы қоятын дәлелдері; «Құранды арапша жүргізіп оқып, арапша тәпсірлей алмасаң түк емесің» деген шартты қояды. Ал құранға жүгінсек Раббымыз; «Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұсаның кітабы бар еді. Міне осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап.» (46-12) Арап тілінде оқылумен үндердің құпиясы Құран болғанымен философиялық насихаты Мұса пайғамбарымызға берілген яғни оның түп нұсқаға көшірілген бейнесі 5-ші кітап «Ізбөрі» деген атпен Укаша сахабаның бастауымен қыпшақтардың пайғамбарымызға апарып таныстырған шариғат негіздерін, кейінен пайғамбарымыз «Бес таңба» деп атаған екен. Олай болса құран насихаты астарлы сөздерге аударылып қана «Кітап» аталды екен де ол кітап негізінен Мұса пайғамбарға жинақталып беріліп, Құран кітап түрінде оны тек растаушы болады. Сондықтан құранның негізгі философиялық насихаты мен тура жолдың игілктері Мұса пайғамбарымызға берілген кітаптардан, намаз орындау үлгілерінен іздеу керек екенін ескертеді. Ал Мұса пайғамбарымыз өмір сүрген кезінде арап атты халықтың тұтас тілі де сөзі де қалыптаспаған кезі еді. Сондықтан аятта; «Мұхаммед оларға айт: «Әй Кітап иелері Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарпынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Олай болса арап тілінде ғана құранды заертеуден азғындыққа түсіп жаңылсу қаупі зор болып, тек інжіл, тәурат нұсқаларын зертеу арқылы салыстыра отыра намздарды толықтырмаса онда тура жол болып саналмайды. Ал енді Інжіл, Тәураттың қазіргі заманға дейін арап тілінде аудармасы болмағанына, жалпы кейінгі кезде араптық масхаб ғалымдарының бұл салада еңбегі де болмағанына да бәс тігуге болады. Ал енді Раббыларымыздың әрбір үмметіне тек өз араларынан жол басшылар, елшілер және өз тілдерінде пайғамбарлар жіберіп, ғұрыптарын жол-жобаларын қалыптастырғанын ескерткен Құранда көптеген аяттар бар. Пайғамбарымызда сахабаларына ұлттық құндылықтарың ғұрыптық салттарды орындауды қатаң тапсырған хадисі де бар. Бұл ескетулермен, үкімдермен жартушымыз тілдердің, сөз атау ұғымдарының маңыздылығын және соған байланысты түсірілген нұсқау кітаптардың өз ара несібе нығметерінің теңдігін ескертеді. Олай болса; әрбір адам баласы өз тілінде жазып, сызып оқи білген адам баласы сауатты болып есептеледі. Себебі белгілі мемлекеттік шекарасы, тілі, ұлты және ғұрыптық, салт-дәстүрлік өмір сүру ортасымен ерекшеленетін әрбір мұсылман қауымы өзінше үмметтік топ болып саналады. Сондықтан әрбір үмметтің өөз арларынан шыққан жол басшылары болып, өз тілдері мен сөздерін байыту арқылы Құраннан аяттарды алып құпиясын шешу арқылы дінді өркендетумен жақсылықтар жасауда, сауаттылықта білімде тек қарама-қарсылық жағдайда ғана жарысу керек. Ал діншілеріміздің, арап танушы мамандарымыз, ғалымдарымыз арап тілін білмеген діни сауатсыз деген ұғымен, дүние танымдық, жаратылыстық түр-түстік қарсылық даму, өркендеу заңдылығының ғылымына қарсылық білдірумен бірге Раббымыздың үкімдеріне де жала жауып және Құранға қарсылық білдірумен, ортақ қосып кәпір болып саналады. Сондықтан «арапша сауат ашу» деген қазақ елінің арап емлесін пайдаланған замандарда жазу, сызу іргелі пәндік білімдерді меңгеруге байланысты қалыптасқан ұғымын, сол қалпымен мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан өркениет заңдылығын, бекіген сөз ғылымын, философия білімінің ой мен тіл арасының тұтастығын дінін бөлшектеуге пайдалану «ібіліс жолы» яғни шайтан жамағаттарының адамзаттың сөз ғылымы арқылы ортақ ойлана білумен, дінде бір мәмлеге келуден ажыратуғы тырысқан; әлемдік тіл, сөз, философия ғылымдарының құран ілімі арқылы өркендеп кемелденуіне жасап жатқан қастандық әрекеттері болып саналады. Әрбір мектеп көріп оқып жаза білген, әрбір жер әлеміндегі мемелекет тұрғындары мейлі қандай ұлтта, тілде болмасын жаратқан алдында сауатты болып есептеледі. Ал өзге тілді ұлттар үшін арапша оқып үйрену қосымша тіл үйрену, мамандық қана болып саналу керек. Бұндай пәтуаның екінші астарлы түрдегі құпия сыры да, ислам дін имамдарының өз сауатсыздығын бүркемелеп және аудармашылық ғалымдығының ішіндегі ең жауапты, күрделі және арнаулы сопылық, тақуалық дәрежедегі Алланың сүйген құлына ғана тиісті болып. аятта ашық ескертілген пайғамбарлық қасиетті меңгерген құлдарына тән жұмыс екенін де жалғанға шығарумен көрнісін береді. Аятта; «Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, (Мұхаммед пайғамбарымыз да алғашқы бой ұсынушы.) Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген сопылармен (Исламдық) ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар (Тәураттағы нұрға) оған куәгер еді. Ендеше адамдардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! (Білімсіз, ғылымсыз тәпсірлеп, аудармаламаңдар!) Кім Алланың түсіргенімен (құпия аяттардың, түспен берілген аянын жорып) үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар.» (5-44) Енді діни сауатсыз ұғымын Тәурат, Інжілмен байланысты екенін аятпен растап тұрса, онда діни сауатсыздар біздердің дін көш басшылары мен дін ғалымдарымыз, телог, философтарымыз және аруақ заңдылығына яғни Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ғиса т,б көптеген пайғамбарларға берілген кітаптарға қарсылық білдірушілер, дінді бөлшектеп Тәурат, Зәбур, Інжілдегі нұрлардан, пайғамбарларға түсірген мұғжиза мен тура жол нұсқауларынан бас тартумен, Аллаға ортақ қосып өздерін тозаққа салушылар екенін, «Арап көктемі» әшкерелеп тұр. Онда біздің мемлекеттеріміздің кемеңгер көш бастаушыларының жетілген дін қағидасы масхабымыздың жағдайы қалай болып шығады. Олар өздерін шариғатты ғана меңгерумен тура жолда екеніне кепілдік беріп және әлемді мойындатқан кемеңгер ел басшымызды да сендіріп заңмен бекітілген жоқ па?- деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Қысқа ғана дәлел келтіре кетсек; «Ислам өркениеті» басылымынан тура жолды бастаушы арап тілінің бірінші маманы, дін ғылымының шоқтығы яғни құранды ең жетік меңгергендіктен хазірет, шейх дәрежесімен марапаталған, ел басымыздың да ең сенімді адамы болған Әбсаттар қажының, үлкен басын кішірейтіп, ең басты баспасөз бетінде халық зиялы қоғамының басты тұлғалары қатарынан табылатын Сауытбек Абдрахманов мырзаның алған сұхбатынан және мақала аты «Ислам адамзаттың асыл тәжі» деп аталады. Осы мақала барлық мешіттерімізде дәріптеліп және бұл мақаланы жариялаған «Егемен қазақстан» басылым ұжымы да мемлекет ақпарат басшылығынан, ел басшыларының саясатының нақты айнасы ретінде жоғары марапат алғанын да көпшілікке мәлім. Бұл жағдайларды тәппіштеп баядап отығанымыздың мәнісі де, дін ұстанымыздың, жалпы құраннан түсінігіміздің және мемлекет саясатының ата-салт дәстүрлі дінімізді қалай түсініп, қандай діни ілім сауаттылық дәрежесі бар екенін, болашаққа бағытын, халықты қайда бастап апара жатқанын, рухани сана сезіміздің даму еркшелігімен, жалпы қазақ ғалымдарының, зиялы қауымның, ел басқарушыларының да діни ілім сауатылығының бейнесін бұдан артық басқа жерден таба алмасыңыз хақ. Қош енді қысқа мысалдар келтіре кетейік; Әбсаттар қажы сұхбатынан; «Сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік» деп оған ерекше ілтипат танытты. Сондықтан Алланың соңғы елшісі...» (И.өркен. №13 (265) 1-10 мамыр басылымынан). Жалпы дін адамдарының пайымдауымен арапша тіл білмегендіктен дін ілімінен сауатсыз болғанмен, құдайға шүкір қазақ тілінің қадірін біліп, жастайымнан шал емшегін де емуді үйренгендіктен ой, сөз, тіл арасын бөлмей, сөз астарын, қуатын, иісін, дәмін ажырату қабілетім барына мақтаныш ету ата-баба рухымен келеген дерт десе де болғандай. Сондықтан дін адамдарына түсініксіз қазақ философиясына тән ауру сөздерді айтуым да мүмкін. Жалпы Құран философиясының қазақша түсінігі бойынша Мұхаммед пайғамбарымыз әуелден жалғастырушы елші, ескертуші, тазартушы, садақаларды қабылдап беректендіруші т,б көптеген іс басындағы періштелік Алла үкімдерін орындаушы қызметтерді атқарылуға жіберілгенін мәлімдейді. Сонымен бірге Құранды оқушы дінің жаңадан ұғымын, сөз атауларының насихатын жеткізуші соңғы пайғамбар екенін растайды. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз бұрынғы жалғасты келе жатқан елшілік қасиетін меңгерген әмір иелері, әулие-әмбилер сипатында болып, әулиелердің әулиесі дәрежесін меңгерген соңғы пайғамбар. Ал пайғамбарлық сөз ұғымдарын жетілдіруші, арап тіліне қосымша сөз атауларын енгізумен дін ғылымына өзгерістер әкелуші болып, сөз ғылымының жетілдірумен және дінің қағидаларының жаңару өзгерістері Құранмен толықтырылып, бекіп адамзатқа тоқтағанын ескертеді. Әрбір пайғамбар белгілі бір істерді орындаушы, жаманшылықтан тосушы ескертуші, елшілікті жалғастырушы болуы мүмкін, ал әрбір елші яғни өз армыздан пайда болатын ескертуші, әмір иелері әулие-әмбилер дінге яғни сөз ғылымына жаңадан атаулар енгізіп, жан ғылымына жаңалық әкелетін пайғамбар болып саналмайды. Сондықтан жартушымыз пайғамбарымызға; «Мен елшілердің тұңғышы емеспін деп айт» деп бұйырған. Олай болса сен егерде ата-анаңның тұңғышы болмасаң, онда соңы да болуың мүмкін емес те, онда ортасы әйтеуір бір сандық орның болары сөзсіз. Қазақ сөз түсінігінде баланың әрі тұңғышы әрі соңы деген ұғым жоқ, ондай жағдайда «жалғызы» деп атаған. Тағы аятта; «Пайғамбарды тамақ жемейтін дене қылмадық, ол базарларда жүретін» деген сияқты насихаттармен пайғамбарлық адамзаттық жер бетіне тән болмыс екенін есертеді. Ал, «Адамдардан да періштелерден де елшілер тағайындадық» деген аятпен елшіліктің сан алуан түрлері мен, екі дүниелік сипаттары мен өлшемдері барын Құраннан көруге болады. Сондықтан Ыбырайым пайғамбарға елшілер келіп, бұзауды пісіріп алдына қойғанда, олар жеуден бас тартқан екен. Себебі олар адам бейнесіндегі періштелер яғни елшілер еді. Егер олар пайғамбарлар болғанда әрине дәмнен ауыз тиуге тиіс еді. Менің ақылым жетпей жүрген жері, хазірет, ғалымдарымыз, философтарымыз осындай құран философиясының қарапайым ашық аяттармен берілген үгітін, философиялық мәнін шеше алмайтын болса онда арап тілін меңгеріп діни сауатты аталғаннан не пайда келеді? Әлде арапша білгеннен кейін ана тілін меңгеру міндетті емес деген масхабта шарт бар ма? Құранның, кітаптардың үгіті тұрмақ, терең сырлы насихаттары мен олардың жұбы болған көместік кітаптардағы аянын алып, сөздің құпиясын, ғылымдық маңызын шеше білмеген қандай діни сауаттылық? Алдағы басылымда Құран мен кітаптар ерекшелігіне арнаулы тоқталып насихатын тұсіндіре жатармыз, әзірше осындай жүздеген аяттарды өз біліміңізбен зертеп, салыстырып растығын қазақ тіліндегі Халифа Алтай аудармасынан, арнаулы дін жоғарғы орнының білімінсіз-ақ, мектеп білімімен анық түсінуге болатынына куәлік береміз. Сонымен діни жоғарғы білімді Хазіретіміз қарапайым ұғымдағы елші мен пайғамбарлықтың ара-жігін ажыратпай, Раббымызға жала қойып, аяттарға ортақ қосып; «Мұхаммед пайғамбар, пайғамбарларлықтың емес елшілердің соңы» деп, бүкіл сөз жаратылыстың да себеп заңдылығына да, Құдай патшалығын насихаттайтын Інжіл кітабымен Ғиса пайғамбардың көктен елші болып жер бетіне түсіп, Мәді елшілігінің жерден пайда болатына да, оны ескерткен Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеттеріне де ашық қарсы шығып отыр. Әрі қарай тыңдаңыз; «Мүбәрәк Құран болса, жер бетіне өзінен бұрын түскен қасиетті кітаптар мен парақтардың (сухуф) мазмұнын толықтай қамтыды. Оларда берілген діни үкімдерді бекіте келді және алдыңғы кітаптардың үкімін жойған соңғы түскен қасиетті кітап болды.» Астапыралла деп аузыңызға кәлима салыңыз. Себебі алдыңғы Құран кітаптардың үкімінің мазмұнын сандар ғылымымен қамтығаны хақ болғанымен онда қалай үкімін жояды және жоғарыдағы аяттағы «Әй Кітап иелері Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!», «арап тілінде Құран растаушы» деп ішкі сыры мен мазмұнын яғни намаз орындау тәсілдерін толық қамти алмайтынын дін басшымыз неге жалғанға шығарды? Мысалға жоғарыдағы (5-44) (49) аятта Тәурат үкімдері исламдық ғалымдар мен сопы тақуаларға түсіріліп, көрсетілетін аяндар жүйесі аят-кітапқа айналғанын ескертіп, оның ой жорумен арзан ақша-мал-параға айналмауын, ал аянды меңгермеушілер Алланың қасындағы ахирет Кітабына яғни Тәурат үкімдеріне қарсы болып кәпір, тозақтық болатынын ескертеді және аятта; «Мұхаммед саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына өзіңе түсіргеніңмен ( бұрынғыларға берілген нұсқауларды көрсетілумен) үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан (аяннан, кітаптан, жіптен) айрылып, олардың ойларына (тәпсірлеген пәтуаларына) еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет (арап тілі арқылы ғана Құранды, кітапты оқып түсінуші) қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы.( өз тілдеріңде елшілерге берілген үкім хикметтермен, әулиелеріңе көрсетілген дін істерімен) Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің (аян, уахи алатын, ұжмақ, жаннатарың жіптеріңнің ұшы) Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) Сонда осындай жоғарғы дәрежелі дін ғалымының өзі қарапайым ашық түсірілген құран аяттарына қарсы болып, кітап пен Құран мағынасын ажырата алмағаны ма, әлде халықты адастыру үшін қазақтың бабаларымыздың иман келтірген ата дінінің негізгі ұстанымына әдейі дінді бөлшектеу үшін ұйымдастырылған қастандық әрекеттерінің демеушісі ме?-деген пікірдің пайда болуы да сөзсіз. Құранда артық, бос сөз келмейді-деп күдіксіз иман келтіру масхаб білімінің бес парыздық ұстанымдарының ең маңызды шарты емес пе? Олай болса Мұхаммед пайғамбарымызға түскен үкімнің яғни иман парызының шарты аятта; «Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірлген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яқұптарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғисаға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (Бәріне де сеніп, иман келтіреміз) Және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз.» деңдер.» (2-136) Олай болса қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне де иман келтіріп, бой ұсынуға пайғамбарымызға ескертіпті. Себебі Ар мен Ғұндардан тараған Ыбырайым, Ысқақ пайғамбарымыздың жерленеген орны Маңғыстауда, ал Жақып пайғамбарымыз Балхашта, сол сияқты Мұса пайғамбарымыздың екі ұлы Еділ мен Есіл біздің аталарымыз болса, басқа қандай дәлел керек? Ең сорақысы осы аятқа ашық жала қойуға дін хазіретін кім мәжбүрлеп әлде Халифа Алтай атамыздың арап тілінен білім, сауатылығына күмән нақты дәлел бар ма? Болмаса; бұрынғы кітап аяттары-үкімдері күшін жойды деген аят құранда бар ма? Осындай аяттарға зұлымдықпен ашық жала ортақ қосумен, жүректері мөрленген жоғарғы діни білімді ғалымдарда ең басты халыққа беретін уәжі және үнемі баспасөз бетінен түпейтін мысалдары «..Білмесеңдер, білгендерден сұраңдар..» (16-43) деген аятты алға тартып, масхаб ғалымдарынан сұрап қана тура жол табу керек деп түсіндіреді. Енді осынадай арап тілін әлсіреткен аудармашылардың сауатсыздығынан немесе өз мүдделеріне қарай бұрмалап өзгертіп алған. Ал шындығында аятта; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) Негізінен бұл аят бұрын уахи алып дін істерін өркендеткендердің енді Алла досы болып, Мұхаммед пайғамбардан бұрын жер бетінен өткен елшілер туралы және олардың кітап берілгендер екенін растап, олардан енді қалай сұрау керек екенін де пайғамбар намаздарының орындау ерекшелігінен тақуалықты меңгеру барысындағы тарихат, мағрипат сатыларынан алатын хикметтер болатынын ескертіп тұр. Осындай ақирет, аруақ заңдылығын, Құдай патшалығын, Тәурат, Інжіл аяттарын растайтын жүздеген ашық аяттарға қарсылық білдіріп, Аллаға теңдес жасап, ортақ қосылған пікірлердің, тәпсірлердің әсерінен бе еліміздің ата заңымызбен, ата дініміздің Адам атадан бері жалғасты дамытылып отырған, ата жолының ғұрпына қарсы үкімет тарапынан аруағын қорлаған, Алланың жер бетіндегі ұлықтық белгілерін «шерікке»-арамға айналдырған заңның шығуы? Егер бұл заңға бағынатын болсақ, онда Алла тағала барлық періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтіріңдер деп бұйырып тұрып хазіреттеріміз, масхабымыз арқылы біздерге білдірмей пайғамбарларына берген нұсқауларын жойып жіберген болғаны ма? (Раббымыз Алла шайтаннан өзіңе ғана сиынатынымызды қабыл ете көр! Өзге діндегілерге ислам ғалымдарының мұндай әрекетерін әшкере қыла көрме деп тілеңіз!) Керісінше Құранның, бұрынғы берілген кітаптардың барлық ғылымы, насихат мазмұны қасымыздағы арнаулы кітапта және оны қалаған құлына аян арқылы көрсетіп білдіреді деп үгіттейді Раббымыз. Және соңғы арап тіліндегі Құран (кітаптардың құпия үндер жинағы-ілім) деп аталғанмен, қалай соңғы қасиетті кітап білімі болып адамзаттың ақыл-білімін, жаратылыс дамуын жартушымыз қалайша тоқтатып қояды? Онда уахи және елшілер жіберіп кітап берілу Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін тоқтаған деген надандық пікірдің ислам елінде және қазақ жерінде де қасірет болып жабысуы осындай тәпсірлерден болса керек. Оған дәлел: «соңғы түскен қасиетті кітап болдыдеген ұғымды; «Соңғы түскен кітаптар жинағы Құран болды»-деп түсіндіруі керек еді дін басшымыз. Олай болса дін мектептері Құран мен кітап ерекшеліктерін, білім мен ілімнің ерекшелігін және оның ортасындағы шындығын, ақиқатының қалай оқылу керек екенін, ортасын табу намзадардың ордалу тәртібін, пайғамбарымыздың сүннеттерін өздері де толық білмейді. Аталарымыз надандықтың шектен тыс қылықтарын көргенде; «Әкесін сабағанды талай көргенмін, ал әкесін талға байлап сабағанды бірінші көруім» деп астарлы мақал қалдырған екен. Енді Құранды және жартушымызды қалай астарлы түрде мазақтауға болатынын көргіңіз келе ме? Онда оқып ақыл-ойыңыздың және тілмен сөздің арасын бөлмей қазақша ойланып көріңіз. «Мәзһаб-жол, мектеп, бағыт деген мағынаны білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда, арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүнеттен шығарылған үкімдер мен Ислам ғұламаларының көзқарастар жиынтығын масһаб дейміз...» (Әбсаттар қажы). Егер қазақша қысқа ақылмен ойлансақ адамзатқа қиямет-қайымға дейін берілген және алдағы мыңдаған жылдар бойы берілетін сөздер мен істердің қағидасы жол болып ол тек масхабты меңгеруші мың жыл бұрынғы ислам ғұламаларының көзқарсынан ғана тұратын болса, онда Құранды сандыққа салып, қиямет-қайымда бір-ақ ашуға неге сақтап қоймаймыз? Ал пенделік ақыл аясында; Масһаб жол деп түсінсек, онда шариғат дегеніміз құранның намаздарын, ғылымын, құлшылық істерін қиямет қайымға дейін қамтыған жоғары сопылық ұстанымдардың, дін ғылымының шыңы, үлгісі болу керек. Оған себеп «Шариғатты жол қылып алмаңдар!» деген ескертумен және аятта; «Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені (жолды) оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине арларында іс (жол-жобалары) бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.» (42-21) Демек шариғат бекіген дін істері мен шектеулер мен тиымдар ережесі болып аятта; «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Ендеше Мұхаммед олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің.» (22-67) Әрбір ұлт тіл, сөз ғұрыптық, ғұмыр-шежірелік ерекшелігімен үммет болып есептеледі де сондықтан әр үметтің шариғатты орындау ереже ерекшеліктерін қалыптастыратын жол-басшылар, ескертуші елшілер жіберіп өз араларыңнан болған әмір иелеріне бағынып, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, арнаулы батасымен ғана тура жолға түсіресіңдер деп ескертеді Раббымыз. Сондықтан үстеріңде жеті жол және өздеріңде екі жол кедергіні (90-10 аятпен) түсіргенін де ескертеді. Және; «Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Алла қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге (аруақ күзетшілерін,аян көрсетуші періштелерді) хақ Кітап жіберді. Сол кітап берілгендер, ашық дәлел келгеннен кейін (өліктердің сөйлеуі, хикмет, елші, ескертушілер) араларындағы кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Алла иман келтіргендерді, олар тартысқан шындыққа өз ұйғарумен жеткізеді. Алла қалағанын даңғыл жолға салады.» (2-213) Бұл аятпен Раббымыз адаммен бірге өмір сүретін, аруағы болып сол кітабы арқылы хикмет, мұғжиза, жүрек ашу, өліктерді тірілтіп, жүректерін сөйлету сияқты хикметермен кереметтерін көрсету арқылы өзі ғана жолға салатынын ашық ескертеді. Ал масхаб яғни біздер үшін Имам Ағзам әулие тура жолға салатын болса, онда құдай қылып, күдіксіз серік қосып, ортақ қосумен тағы кәпірге айналамыз. Имам Ағзам атамыз қандай әулиелік дәрежеде болғанымен жеке алғанда Алламен бірге тәңір болуы мүмкін емес! Тек біздерің өлшем ақылымыз жетпейтін, милиардтаған бірліктерден пайда болатын денелердің жүректер арқылы ғана «Бірге» бірленумен, және іс атқарушы Алланың сүйікті достары «Біздерге», Раббының нұрына қосылып барып, шапағатшы дәрежесіне Алла үкімін, кітабын белгіленген сүйікті құлдарына ғана шындықты жеткізуші болуы әбден мүмкін. Және бұл аралықтағы істерді меңгеру үшін біздің жыл санауымызбен 1000-жыл керек екенін де ашық ескертеді. Сондықтан да әрбір пендесіне, сүйген құлына аталарымыз ескерткен «Тоғыз жолдың торабынан» яғни тәубенің тоғыз сатысынан өтіп барып, тура жолда Алла жолында жанымен соғысу дәрежесіне еге болу керек. Алланың сынағынан өтіп, тақуалықты меңгермеген пендесіне көрсетпеген жолды, қалай жер бетіндегі тұрақты бекіген дін ісі- шариғатпен және арап нәсілді үмметерге арналған ғана ғұрыптық масхаб ережелерімен, тек намаз оқумен, жер тесігі мен көк есігін іздеп тауып, мұғжиза келтірумен тура жолға, өзгермейтін даңғыл жолға алғандарына мен өз басым түсіне алмаймын. Әрине бұл пікірлерге құраннан аяттармен ашық дәлелдер берілгенмен, қызылбастық жоба масхабпен және араптарға құранның кітап болып оқылу үгіті ғана тура жол деп түсінумен, жүректеріне аманат жүгі ана тілі, ата сөзі қарсылық болып және жындарды да мазаққа алып жүктеліп, жүректерге арақ, мастық болып сіңіп алған «намазхан» ағайындар да, ашық қолдау көрсеткен масхабшы білімді ғалымдарымызда келіспейтіні даусыз. Оған себеп аудармашылық дарындылыққа байланысты діндегі ғылым берілу ұғымының өлшемі және ондай қасиетке, қабілетке де Алланың ұлықсаты үкімі болу керек деген ұғымды да мүлде масхаб білімінен, шариғаттан шығарып тастаған. Енді аталарымыз; «Ілімен білім ортасын тапасаң бүлін» деп неге айтқан?-деген сұрақ қойсаңыз болады. Әрбір біздерге берілген білімдердің негізгі әлі ашылмаған көмес сырларын, философиялық түсініктерін, сөз нахылын оның ілімі деп атаймыз. Құран негізінен сөз ғылымы яғни ілімдер жинағы. Ал оның білімі әрбір жер бетіндегі негізгі сөз білімі, атаулары дамыған елдерге аудару арқылы ғана құпия сыры айқындалу керек. Сондықтан өзге тілге аударылған аяттардың екінші, үшінші жұбын табу арқылы парға айналдырып түсіну үшін; түрлі жағдайдағы сызықтық, сандық, оқиғалық бейнелерін ақиретпен кездесіп аянмен көру арқылы ғана білімі қалыптасып адамзат өркениетін қалыптастыру керек. Сондықтан осы аяндарды оқушы қандай ұлт, нәсіл дінде болсын ақирет тылысым тілі ортақ және адамзатқа бірдей пәтуаны көріп иман келтірумен, діннің бірлігінің қалыптасуы осындай ортақ ғылымға жүгіну арқылы ғана мүмкін болатынын Раббымыз қатаң ескертеді. Енді мұндай жолдармен иман келтіру арқылы және әрбір еліміздің сауатты тұрғындарының өз тілінде бір кітапты тікелей оқып, амал қылып, ой-өрісін, сана сезімін жетілдіріп рухани жетілген ұрпақтарды қалыптастыруға, әділетті заңдар шығарып, зана өркениетін қалыптастыруға не кедергі болды? Әрине іс басындағы, көш, білім басындағы ағайындарымыздың ғылымды меңгере алмауымен, сөз жүзіндегі даналықтың, ойшылдықтық өлуімен, жалған ғалымдықтың әсерінен ғана туындап отырғаны хақ. Енді бұл жағдайға бір ғана дәлел бере кетсек; «Аңыз адам» айлық басылымында еліміздің барлық алға ұстар даналарымыздың өмір философиясы мен дінге, салтымызға қатысты пікірлері жарияланып тұрады. Бұл халқымыздың даналығының айнасы десе да болғандай және бұл басылымды шығарып жатқан азаматтараға бір жағынан алғысымызда шексіз. Екінші жағынан қазақ сөз саясатын қалыптастырушы зиялы қоғамның да ақыл-ойының алуандығы және қоғамдағы негізгі дертіміздің де көрнісін ашық көрсетіп отырғаны да сөзсіз. Енді осы басылымдағы Қайрат Жолдыбайұлының сұхбатынан; «24-мың пайғамбар жіберілді деп айтылады. 224-мың деген руаяттар бар... Күлі ерекшеліктер мен кемелдіктері бойына дарыған соңғы елші(?)...жалпы адамзат қара түнекте еді(?)...» «Ғылым сөзінің өзі арапша.(?) Ең қажетті құрал кітап, ол да арабша.(?) Дәптер, қалам, мәдениет, мектеп, медіресе, ұстаз, дәріс-бәрі араб сөздері(?). Көрдіңіз бе? Демек, ғылым бізге дін арқылы келген, сосын одан әрі көркейген (?)... Иман-ең киелі де қастерлі нәрсе болса, сол иманның жатысы тазалық. Пайғамбарымызда хадисінде «Тазалық-иманның жартысы» деген.» (Аңыз адам №-16 Тамыз айы) Бір қарағанда діннің жанашыры ғұламасы деп ойлауға да болады. Ал Раббымыздың насихатымен аяттарымен салыстырсаңыз ұлттың тамырына, діліне балта шауып жүрген жансыз шеріктің өзі болып табылады. Біріншіден; Пайғамбарлық пен тілдің және адамдық әулиелік негізгі қасиетердің тікелей қатысы болып сондықтан құранда 24-пайғамбардың ғана аты аталып, 25-ші Мұхаммед пайғамбарымыздың соңғы болып аталуда ғылым. Екіншіден; «бойына дарыған соңғы елші» деп дін ғалымыз Аллаға ортақ қосып, құран ғылымынан ашық жала жауып отыр. Үшіншіден; «жалпы адамзат қара түнекте еді.» деген пікірмен әлем дініне жала жауып, бүкіл әлем араптар сияқты исламға дейін надан болды деген пікірмен, дін ғылымынан, әлем тарихынан түсінігі мүлде қара түнекте екенін әшкере жариялап отыр. Және арап елінде исламның бекіп, шариғатының кең насихаталып, надандықтан құтылып, арап түбегінде ең өркениетті елге айналаған уақытында; « Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар (дін таратуда, Алла жолында кәпірлермен соғысуда), расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алланың олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. (Тура жолға түсіп жердің мұрагері болу) Алла (Т) толық білуші, хикмет иесі.» (4-104) (108) деген аятымен әлі толық мемлекет болып қалыптаспаған, дінді араптардан да жоғары дәрежеде меңгерген 108-ші, ділдік саны арптардан 4-еуі артық қазақ деген қауымның бар екенін және ол қауымды іздеп тауып құрманы тапсыруға Арыстан бабамызды жұмсағанын да, қыпшақ пайғамбарымыздың аталарымыздың алғашқы сахабалары болып, ислам дінінің шарттарын да араптармен бірге меңгергенімізді және Раббымыздың өзін өтірікке ұйғарып отырғанынан масахаб ғалымдарын кім деп атуға болады? Төртіншіден; «Ғылым сөзінің өзі арапша. Ең қажетті құрал кітап, ол да арабша. Дәптер, қалам, мәдениет, мектеп, медіресе, ұстаз, дәріс-бәрі араб сөздері. Көрдіңіз бе? Демек, ғылым бізге дін арқылы келген, сосын одан әрі көркейген» «Олар сөзді зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) (91) Бұл аяттың қазақтың бабаларының бірі Салих пайғамбарымыздың, (Арқада жерленген!) абыздар еліне байланысты ескертілген сандық тағлымы түгіл, сөз жүзіндегі ортақ ашық ескертуіне де жала қойып, біздің аталарымызға дін де сөзде келмеген және араптардың арқасында ғана адамдық дәрежеге жетік деп насихатайды. Ал, пайғамбарымыз «Ғұрыптарыңда орындаңдар, аталарың кесірткенің ініне кірсе, сендер де кіріңдер», «Мен бір сөзге көптеген ұғымдарды сыйғызуға келдім» деген өсиеттерін мүлде жоққа шығарып, мысалы; «Арап» атауының өзі «Ар» және «Ап» жерден көтеруші, «Ғыл»-Қыл, жаса, үйрен; «Лығ»-лық, толтыр, лық толы; «Ым»- «Ымды (аян, түсті) білмеген дымды білмейді». «Кітап»-кісісін, бейнесін, ұғымын тап. «Медір», «есе»-ақыл, ойыңды еселе, көбейт. «Қа»-Ақ, «Лам»; ақтың үні, «Қал»-белгі таңба, «Ма»-ал немесе теріс қарай оқысаң өмір бастауы. Осындай бұрынғы сақтардың, ғұндардың, садақтармен, пірғауындық шолақтардың да екі, үш буынды сөз атуларынан күрделі түрде арап тіліне енгізген Мұхаммед пайғамбарымыздың философ, абыз, әулиелікті меңгерген еңбегің жемісін және құран тілін тек өзге елдердің тіліне ғана аударылып насихат ғылым ашылатын жасырғанмен сандар тағлымы бәрібір мұндай залым ғалымдарымыз әшкерелейтінін қайда тығып қояр екен. Және Адам атамызға берілген алғашқы сөз ғылымын меңгеруді; «Алла Адамға біртұтас атауларды үйретті (көкейге салу, ғылым берілу) де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтыпберіңдер.» деді» (2-31) Әрбір жартылыс нәрсесінің қасиетіне қарай ат қойып, білімін көрсетуді ғылым берілу болып, Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан адамдық қасиетті біздің аталарымыз меңгермеген деген әлемде ат қойудан алдына жан салмайтын ұлттық қасиетімізді, өз ұлттымыздың ана сүтін емген ұрпағының аузынан мындай зұлымдық сөз шығады деп аталарымыздың; «Үш ұйықтаса да түсіне де кірмеген шығар». Енді ғылым сөзінің балама атаулары; Шындық көріну, аят, атау сөздерді үйрету-уахи берілу, ақиқат, хақиқат, Алланың «Бір» сипаты, ғылым-хикмет, құдірет болып; Аланың пендесіне көрсеткен жолы болып та саналады. Және Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымызға да араптар әлі тұтас ел, бір тілді халық болмай тұрғанда ғылым беріліп, дауға билік айту қасиеті дарыған екен. Сондықтан әрбір шабыт шығармашылық, ақындық қасиеттері де жаратақанның берген сыйы ғылымы болып саналады. Енді осымен ғана қорытындыласақ; «Ілімен білім ортасын тапасаң» бүлін деп ортасы аян болып; Үш ұйықтап, тылсымнан сұраққа жауап алмайтын болсаңыз онда ешқандайда ілімді жетік меңгеріп, халыққа ақыл айтуға да құқығыңыздың болмағаны деп біліңіз. Осындай философ ғалымдарымыздың жастарды европа елдеріне еліктету пәтуасымен, дін ғалымдарымыздың жансыздық әрекетімен өз ұлтының ар-намысына қарсы қойып, ата-баба дінін де ойланбай сата салатын ұрпақтарды жарыса дайындап, халықтың өз қаражатымен санасын жауып, тұқымын тоздыруға жәрдем беруші ел басшыларын да дінін, рухын, ар намысын, аманат ділін саудаға салған опасыздар қатарынан табылатына шәк келтіруге де болмайды. Бұған дәлел дін ғалымыздың өзі көрсетіп; «Иман-ең киелі де қастерлі нәрсе болса, сол иманның жатысы тазалық. Пайғамбарымызда хадисінде «Тазалық-иманның жартысы» деген.» пәтуасына пайғамбарымыздың; «Діннің басында білікті адам отырғанда дін үшін алаңдамаңдар; бірақ дін басында қабілетсіз адам отырса жылайтын болыңдар.» (944-өсиет) «Әрбір нәрсені өлімге, қайғыға апартын себеп бар!; Ислам үшін қайғы-нашар имамдар» (660) «Менің қауымым үшін жаман мінезді, өтірікші діндар-оқымыстылар аса қауіпті, олар дажалдардан да жаман.» (572) Кім өзінің діл тазалығын жоятын екі тілде сөйлеп, ойлайтын болса және ата амантын, ана сүтін, жер-дінін, көк отанының, ұлтының тарихын қадірлей алмаса, ондай пенделер іс басында отыратын болса онда дажалдан да қауіпті ұлттың жауын іздеп керегі де жоқ. Бұндай пенделерді аталарымыз; «Тілеуің бірі от, бірі су, Сөйледің екі түрлі тілінде адам. «Тілі екеудің діні екеу» деген сөз бар. Аңдамай бұзып алма діліңді адам.» Иманның жартысы дегеніміз осы екенін ұмытпаңыз ағайын.

Жол мен жолдар туралы қазақша пайымдаулар.

Енді Алланың «Бір» сипатын мегеріп, ғылым берілумен, ғылымның негізі жол туралы адамзатқа ортақ қарапайым ғана мектептік білімімен түсіндіріп көрсек; Егер хазіретіміз жоғарыдағы түсіндіргеніндей масхабымыз тура жол болса және әрі жалпыға бірдей тура жол туралы білім беретін әрі мектеп болып саналатын болса және бұл мектептің ортақ біліміен барлық оқушысы тура жолда болып саналу керек. Яғни «намазхан» болу дегеніміз тура жолда болу болып есептеледі екен. Олай болса, құран философиясымен салыстырып көрейік; Негізінен тура жол дегеніміз көктегі жеті жолмен әрбір үмметік ерекшелік діл білімі мен, іргелі білімдердің негізі болған жол-жобамен 9-санмен ғана тәубелік белгіні құрау керек. Ал, хазіретіміздің тура жол білімін жіктеп көрсек; аспанда 7-түрлі қөзқарас, бағыт, мектеп болып, енді оған жер бетіндегі тағы 2-түрлі көзқарас, бағыт, мектепен 9-түрлі шым-шытырық діндердің таласы мен әлемде болмаған жаңалықты ислам дін ғалымдары ашып, соған байланысты әр бағыттың, көзқарастың, мектептің басқарушы, әмір иелері, өз құдайлары және дін басшылары да болу тиіс. Себебі масхаб білімінде 9-мектепті, көзқарастарды, бағыттарды қалай бірлейтін ережелерін өз басым оқыған да көрген де емеспін. (Я! Раббым кешіре көр осындай абайсыз амал жоқ айтылған сөздерімді!) Енді жоғарыдағы басылмға берген хазіретіміздің сұхбатында; қалған 3-масхабты да мойындау керек екенін де ескеріпті дін басшымыз. Ондай жағдайда, сөз бойынша оларда өздерінше жол болып саналу керек те, сонда осы 9-жол шарттары да олардың бес парыздық нанымына егер кіретін болса, барлығы 36-жол болып және енді міндетті түрде жұбы немесе пары болу керектігі жартылыстың бұзылмайтын заңдылығы мен құран үкімен расталады да, онда 72-түрлі топтың; «маған ерсең жаннатқа қарай жолды көрсетемін»- деп өзінен өзі сұранып тұрғаны да даусыз. Сондықтан әрбір топтың өз елінде жоғары дәрежелі атақтармен шейх, хазірет, дін ғалымы аталып, марапталуы заңдылық және біз сияқты арап тілін білмейтін, құранды аудармашы ғалымдар еңбегінен оқып түсініп, өз елінің тылсым ақирет заңдылығын жол –жобасын біліп, меңгеріп қоймау үшін, арап тілін білмеген «діни сауатсыз» деген құран философиясына қарсы ұғымды аю қақпан қылып міндеттеп қоюмен, қандай білімді, ғылымды адамды да құранға, арап тіліне ақылсыз шоқындырып, кемсітіп ұстаумен халықты арқандап қойуға да керек шара. Енді бұндай істерді үнемі қадағалап, оп-оңай басқарып отыруға және шайтан жамағаттарына көмекке тұрған ел, дін басшыларының осындай зұлымдық әрекеттерін бүркемелеп, жәрдем беру үшін халықтың мұңын жоқтап, қолдаушы ретінде көрсетіп және тағы да сол масхабтық жүйеге маталған шариғат істерінің мекемесі болып, халықтың маңдай терінен көлеңкеде отырып несібесін айыруға міндеттелген 200-ден астам қызметкерлері бар мекеме тек қазақ елінде және қазақтың европалық ойшылдық салтына ғана тән болатын мақтанарлық жағдай. Сондықтан өздерінің тәңірлік сипаттарын көрсету үшін жоғарғы үкіметтің бекітуімен Қайрат Лама Шәріп атты дін ғалымыз және ол да дін басшысы болып есептеліп; «Дініміз мемлекеттен бөлек, (біздер ата-баба аруағын мойындамайтын қайырсыз болсақта) зайырлы елміз.. европада солай қалыптасқан..» деген ұранмен баспасөз беттерінде сендердің құлшылық қылатын Құдайларыңды мемлекеттің өздері табынатын «тәңірлері» қадағалайтынын қатаң ескерткені де рас. Демек мемлекетіміз діннен бөлек, оларды ел басқарушыларын өлтіретін де, жазалайтын да, жарылқайтын да тәңірлері халықтың табынатын тәңірінен бөлек және қайда тұратынын өздері ғана білуі тиіс болу керек. Оған жазбалар бетінде қазақтың ұлттық рухани дүниесі түгіл, әлем философиясына да қарсы шығу себептерімен, дінді мүлде теріске алушылар екендіктеріне мысалдар беріп, алда әлі мүмкін еңбегін де талдап көрерміз. Енді баспасөз және «көгілдір терезе» беттерінен осы мысалға алған дін басшыларын сынап, ел басымызға ізгі ниетпен кітап жазып, әрі Абайды зертеуші екенімен танымал болған дін танушы ұлт жаншыры осындай болсын деп сыртай тілектес болып жүрген; Бейбіт Сапарәлі атты мырза бірде Алматы теле арнасындағы тұрақты берілетін «Бес парызға» (мамыр 11 жұлдыз) берген сұхбатында; «Зиратқа ақша жинау «маркетинг»...Аруақтан бата беру шерік қосу..(Яғни аруақ сөзі де, беретін көрсететін аян, уахи, батасы да арам) Тек бес уақыт намаз оқып өзің барып құран бағыштауға болады... Себебі кәпір жын бар, мұсылман жын бар. Кәпір жын кірсе шықпай қалуы мүмкін сосын өзіне-өзі қол салу немесе өлер алдында қиын болады...» Бұрынғы сөздеріне қарап осындай ұлтжанды елбасының рахметін алған дін танушымен сыртай бір кездесіп сұхбат құрсам деген дін қандасымның ендігі мұндай пікірін естігенде жүрегім тоқтап қала жаздағаны хақ. Енді «Жыласаң тағы сабаймын..»дегендей бұндай ел тұрғындарының соңынан ерген қаншама дін танушы, имам, ғалымдарды қойғанда әлі ақылы жетілмеген еліктегіш жастарға бұндай дінсіздік, рухани соқырлық пайымдаулардан асқан зұлымдықты ойлап табу мүмкін емес. Егер халықтан ақша жинап, ел арлатып зиратау «маркетинг-алдау» болса онда түсінде көріп шақыратын кіндігіне жер арқылы жалғанған өз ата-анасы, әулие-әмбилерінің зияраттары түгіл, өмірінде көрмеген жерлерге «Умра қажылық» жасап, бірде-бір құрбан да шалмай, тек құран оқып, саяхаттап, қызықтап қайту да «маркетингтің» өзі болып және 10-есе шығынға артық батырмай ма? Әлде ондай хаж амалдарына қызмет жасаушылар ол халық ақшасынан несібесін айырмай ауамен қоректене ме? Арап нәсілді әулиелер ғана шапағатшы болып саналып, ал қазақты олар кірген жаннатқа кіргізбейді, «шеріктерге айналып, арамдар кәпірлер» болып саналады деген аят, хадис бар ма? Әулиелер және жер есігі, жер ана рухы, көктің суы, Алланың ардақты еткен белгілері арам болса онда кімдер адал, өздері ме? Аятта; «Мұхаммед егер олардың оңғарылуына құштар болсаң да рас Алла адастырған біреуді оңғармайды. Әрі олар үшін жәрдемші жоқ. (37) Және де олар: «Алла, өлген біреуді (аруақты) тірілтпейді» (сондықтанда ата-бабаларын сөйлеп тылсымнан бата бермейді) деп, Алланың атымен ант ішті. Олай емес. Өлікті тірілту (және сендермен тілдестіру!) Алланың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі (жүрегі мөрленіп, әулиеге зираттап ашылудан бас тартқандар) білмейді.» (16-38) Бұндай ата жолын, ата дінімізді бөлшектеп, қазақтың басына талай қиындық, сынақтарды, соғыстарды, ашаршылықтардың, ауру, азаптардың келуіне себепші болып, тек арап нәсілен тарағандар ғана қожа яғни кітап берілгендер деген сылтаумен қазақтың басына келген талай нәубеттерден тек Құдайдан Алла достары арқылы ғана келетін хикметермен, мұғжизалармен бақсылық істердің өркендеуімен ғана құтқарылып отырғанымызға тарих, шежіреміз куә. Сондықтан осы жағдайды Абай атамыз; «Танымассың, көрмессің, (хикметпен, кітабыңды, аяныңды) Қаптаған соң көзді шел. Имансыздық намазда- Қызылбастың салған жол.» Жасынан әулие-әмбидің шапағатына бөленіп, аруақпен келетін хикметті танымайтын, Алланың әрбір пендесіне түсіргенін көріп, жорып Алланың жаңадан түсірген аяттарын білмеуге тірейтін және халықты ғұрпынан, артық хайыр жасап жинаған дүниесін арамнан тазартып, жобасын алып, жолына көретін аяндарын есіктерін ашудан, қосымша пітір садақа беруден, кедей болып қаласың, деп сараңдыққа шақыру «Қызылбастық жол» болып саналған. Аталарымыз әрбір құлшылық істерінің де жұбы, пары болатынын ескеріп, пітір садақаның жұбын осындай әулие-әмбилерге зияраттау арқылы; «Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып» беріп отырған. Ал, жын мәселесіне келсек; құранда «шайтан немесе ібіліс» аты сүре жоқ, себебі олар Алладан өзге қарсылық періштелердің жартысы болып табылады да, бірақ Алланың бір тәңірлік сипатынан, қуатынан да тыс, бөлек емес. Оларды да адамзатты сынау, қажырлылығын сенімін, білімін анықтау үшін де Алла жаратқан. Қарама-қарсылық жағдайындағы жеке біреу болып, аталармыз; «Білікті (қажырлы, ғылымды) бірді (ібілісті) жығады, білімді мыңды (әліф) жығады» деп ескерткен. Ал «Жын» атты сүре бар және реттік сандық мәнімен «Мұхаммед» сүресінен де жоғары тұруының өзі, жындардың таза періштелік дәрежелеріне бірленумен (72-28; =100) Алланың өзі (жүзі) сипатына кіретінін көрсетеді. Себебі Құран 114-кітаптардан тұрса Алланың өзі дегеніміздің бір сипаты кітап болып түсіндіріледі. Ал адам баласының 3/1 бөлігі жындардан тұрып, ал жаратылыста жын қуатының 8-сипаты болып Абай атамыз (72-28) аяттың насихатын; «Алла мықты жаратқан сегіз батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.» деп барлық жақсылық жамандық қозғалыс негізінен басталатын қуат көзі деп; «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені екі сөзбен атқан», (72-6) аяттың; «Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?...» «Қатының ойнасын (жынын) Көрсең, білсең қоймасың, Не ойлар еді өз басың Сонымен тең бе біз енді.» Жын негізі «малдан» басталып, жынның адам тән ағза қозғалысын қалыптастыру барысында денеге, сосын періге, сонан кейін ғана адам баласы періште қылып бірлей білген дін адамын «Лама-Шәріп» деп атайтынын, нәпсілік болмыстың жартысы жынға, жартысы шайтанға тиісті екенін алдағы 7-басылымда білім- ғылымын құран аяттары арқылы дәлелдейміз. Аталарымыз бұл рухани сүнетелу дін құпиясын, жан сырын; «Бас екеу болмай мал(жын) екеу болмайды!» деп астарлы түрде нақыл қалдырған. Сондықтан жаралыс басы қозғалыстан, қозғалысқа көмек қолқабыс тағдырға айналатын нәсіл болып берілетін екі сөз «Жынды» өсіріп, тазартып меңгеру үшін шариғат талабына сай отау құрып, некемен малыңды өсіріп, одан пайда болатын жан қуатының іс атқарушысы «қайрат- жыныңды», ағашыңды күтіп, қорғап және шайтани сезімдік ләззәт (жан құмары) «ыстық» (жыныстық) қатынас жасап, жын ағаштарының үйкелумен от шығып, одан жалын пайда болып, жалынмен бірге жаңадан жын баласы да адам жанымен қосылып, өмірге ұпақ әкеліп яғни жынды да көбейтіп, шайтанмен арасын қоспай, ақылдың адамдық қалпына бағындырып өсіріп, жетілдіру және жаннатқа «Бір»-ге айналып ену адамзаттың басты сынағы болып бекітілген. Сондықтан да ақиреттегі адамның нәпсілік өнімі, бейнеленген қуаттық көздерді, яғни өзіңде немесе жалаңаш ашық тесік көшеге шығарып жіберген қызыңды, қатыныңды аңдыған ойнасшы кәпір жыныңды көрмей, әулие басына барып ешнәрсе де сезіп, біліп ала алмайтын, құдайдың Алла достарына берген, түсірген хикметтін сезбейтін, жүректеріңнің жабықтығынан және Алланың сүйікті құлдары-қанатты періштелерді «маркетинг-ауа сатушыға» теңеп және тағдырыңның да басты себепшісі жарлыс басы «мантық» екі сөзің, ата-анаң (әке-шеше емес) адамдық еліңнің айнасы әулиелерді кәпір жынды атап, Алланың өзіне, сүйген құлдары періштелеріне, құран аяттарына ортақ қосушы пендеден артық жындылық, мастық та, дінсіздік те жер бетінде болмайтын шығар. Бұндай жолсыз діншілердің надандық әрекеттеріне жаратушы тарапынан ашық белгілер түсіріп, ойланыңдар деп ескерткенін мойындамақ түгіл, қарсылықты артырудан елімізге, дінге енді сынақтың үлкені түсуі де хақ. Егер масхаб тура жол болып жан ғылымы болып, кәпір жындардан қорғайтын болса онда жоғарғы Нұр Мүбәрак дін мектебін бітірген «намазхан» бауырымыз Алматы қаласында қанша адамның қанын төкті? Сол сияқты әулие түгіл, әке шешінің зиратына да «шерік қосылады» деп бармайтындар; Тараз қаласында, Ақтөбе, Бұрындай, Атырау т,б көптеген бүліктер осы бес уақыт намазын ғана орындайтындар Қызылбастық иман келтіргендер арасынан шықпай қайдан шықты? Жастарымыз өздеріне өздері қол салып, түрлі азғындықтарға бой алдырып жатқаны да әулиелердің басына барғанан болды ма екен, әлде осындай әулиесін еске алмай дүниесін қимағандардың, жаңаша өмір сүруді қалайтын ата ғұрпын, дәстүрін ұмытқандардың, берген ескерту аяндарды жори алмай ар ісін, жаулықтарын аяқ асты қылғандардың ұрпақтары емес пе екен? Және мақтаулы әулиелерін, ата-аналарын зираттамақ түгіл мешіттерде де құран бағыштамайтын, Алла достарын еске алуды ұмытқан, Масхаб сүниттері неге бір ұлттың ішіндегі өз бауыры шейіттермен арасында мешіттен шыға сала қан төгіп жатыр? Құдайға тапсырып, бір бетінен ұрса екінші бетін тосып бес уақыт намазы дұғамен, мал-жаны арқылы неге соғыспайды? Демек Құдайдың құдірет қолы әскері аруағы бар екенін, оларды басқаратын Алла достары әулиелердің болатынын және солар арқылы қорғануға да, қолдау сұрауға да болатын жолдарға жалғануға болатын намаздарының орындау амалдарын білмейді. Енді себепсіз жапырақ та жерге түсірмейтін жартушы Алланың жіберген азабы ма әлде одай діншілерді басқаратын басқалай тәңірлері бар ма? Және алдағы уақыттарда масхабшыл «намзхан» дін қандастарымызға Алланың азабы түсіп, өздеріне қол жұмсап, түрлі мастық әрекетермен бүліншілікке түсіп жастарымыздың масқара болмайтынына Алланың тұрақты дін сынағынан қорғайтын «Масхаб-тәңір» деген уәдесі, жолдары бар ма? 15-жылдан асты осындай ашық қарсылықпен; аруақшы, Құдайшылдарды «шерік қосушы», дінді бұзушы «серік қосушы» және «өліктер тылсымнан сөйлемейді», «Рухқа табыну шайтани іс» деп Інжіл құндылығы мен Ғиса пайғамбарға бекітілген мұғжизаларды, хикметтерді де ашық мазақтап, қудалап, соттап көзімізді бақырайтып қойып мешітерден, баспасөздерден әулие-әмбилермен, елшілермен мұғжиза, хикметермен ашық бекіген ата дінімізге жала жауып жатқанмен, қай қазақтың баласы ең болмаса жұдырығын ала жүгірді? Осындай Абай танытушылар, құр сөзін сатып, сырын алмай жан бағушы ғалымдарға құлақ қағыс; Ата жолын дәріптеп, ашық, айқын дәлелдеген Шәкәрімдей ғұламасын түсінбей Абайдай данасын тану мүмкін емес екенін ескерген жөн. Және Абай-Шәкәрім аталарымыздың артында қалдырған дайын құран тәпсірі арқылы абырой бедел жинап, астарлы түрде аманатын, ұстанған дінін мазаққа айналдырғаннан қандай опа табасың? Сондықтан Шәкәрім атамыздың сөзімен осындай табаны тайғақ, жер емшегі мен көк емшегін емуді білмейтін дін қандастарымызға жауап берсек; «...Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, Бірін тастап, бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсын, сенде шын?» «Сөз мінезі құбылса, Ар, иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сыдырса, (ел, халқының ғұрпынан бөлінсе) Оны ойыңмен айуан қыл. Дұспанға да бол әділ, Түсірме ойға тат пен ніл. Ұмытпа, болсаң біздің ұл, Осы өлеңді құлаққа іл!» Әулие бабамыз біздің ұл болсаң-ата жолыңды ұстан!- деп ескертеді. Олай болса Абай-Шәкәрім, Ясауи сияқты жүздеген әулие-әмбилердің ұлы болу үшін не істеу керек? Ал енді әрбір үметтің өз арасынан шыққан елшілері арқылы түсірілген жол-жобасы деп әдет-ғұрпы, ғұмыр жолы деп атайды. Бұл ұлтымыздың біртұтас жүретін жолымыз болып, «Көп адам жүретін жолды кесірлі нәрседен тазала.» (134-өсиет) «Өз әкеңнің достығын сақта (әдет-ғұрпын), оның дос көңіліне көлеңке түсірмеуге тырыс. Егер әкеңнің достармен (әулие-әмбилермен) қатынасыңды үзсең, өз кеудеңдегі сәулені де өшіргенің.» (48-өсиет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет