Қатаев назбек сейсенбайұЛЫ



бет5/6
Дата03.01.2022
өлшемі420.57 Kb.
#451496
1   2   3   4   5   6
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАНАУИ ТРЕНД Қатаев Н.С. Еркінқызы А

Сурет 1. Сілтеме: https://www.pixton.com/

Pixton пайдаланушының өз әңгімелерімен бөлісуіне және комикстер арқылы өз пікірлерін білдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде кеңінен танымал ресурс. Дайын көптеген кейіпкерлер үлгісі берілген. Өз қалауымызбен кейіпкерлерді өзгерте аламыз. Кейіпкерлерді өзіміздің білім алушыларымызға ұқсатып жасасақ бұл кез-келген білім алушыға ұнары сөзсіз. Pixton қызметі тек фон мен мәтін, дайын кейіпкерлермен шектелмейді. Сол кейіпкерлердің әрбір қозғалысын, эмоциясын арнайы менюден таңдап өзімізге қажеттісін ала аламыз. Pixton-да жағдаятты білім алушыға жеткізуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Сілтеме: https://www.pixton.com/.



Flippity – бұл Google кестелері негізінде жасалған, әртүрлі интерактивті тапсырмалар (ойындар, тесттер т.б.) әзірлеуге арналған онлайн-сервис. Flashcards, Quiz Show, Random NamePicker, Randomizer, Scavenger Hunt, Board Game, Manipulatives, Matching Game, Timeline, Bingo, Badge Tracker, Leader Board, Typing Test, Spelling Words, Word Search, Crossword Puzzle, Word Scramble, Snowman, Progress Indicator, Word Cloud, Fun with Words, MadLibs, Tournament Bracket, Certificate Quiz, Self Assessment интерактивті тапсырмаларын жасап, тегін қолдану мүмкіндігіңіз бар (2- сурет). Әрбір тапсырманы әзірлеу үшін нұсқаулық, шаблон мен мысалдар көрсетілген. Сілтеме: https://www.flippity.net/ .



Сурет 2. https://www.flippity.net/

Socrative – тест, викторина және сауалнамаларды жылдам құруға мүмкіндік беретін қызметші сервис. Сонымен бірге, Socrative тест нәтижелерін сол сәтте көрсетіп, тек бүкіл сыныптың ғана емес, әрбір білім алушының сабақ үлгерімін бағалау мүмкіндігін ұсынады. Бұл сервис әрбір мұғалімнің сабағын қызықты, әрі нәтижелі өткізіп, бағалауда уақыт үнемдеуіне көмекші. Сервистің тегін түрде ұсынатын қызметінде тек 1 тестті ғана пайдаланып, қосылатын білім алушы саны 50-ден аспаса, ақылы түрде бір уақытта 20 тестті қосуға мүмкіндік алып, 200-ге жуық білім алушының білімін бағалай аламыз. Тапсырманы үш түрде дайындауға болады: көп нұсқалы, ақиқат/жалған; қысқа жауапты. Нәтижелер жүйеде сақталады. Немесе алынған нәтижелерді PDF, XLSX форматтарында сақтау мүмкіндіктері қарастырылған. Socrative сервисінің пайдалы жағы тестті тек орындап қана қоймай, дұрыс жауаптарды әр білім алушы тест барысында, немесе тест соңында көре алады. Бұл сервис қатемен жұмыс жасауда, білім алушының өз білімін бағалауда өте тиімді. Сілтеме: https://www.socrative.com/ .

Hot potatoes – интерактивті тапсырмалар мен тесттер, сөзжұмбақтар әзірлеуге арналған электронды ресурс. Бұл ресурсты қолдану үшін арнайы программалау тілін білудің аса қажетілігі жоқ. Дыбыс, бейне, мәтіндік және графикалық ақпараттарды қолдана отырып, интерактивті тапсырмалардың 10 түрін жасауға болады:

  • JQuiz – Викторина – бірнеше жауап таңдауы бар сұрақтар.

  • JCloze – бос орындарды толтыру.

  • JMatch – сәйкестік орнату.

  • JCross – сөзжұмбақ құру.

  • Jmix – тізбекті қалпына келтіру т.б.

Бағдарлама 1997-2003 жылдары Канададағы Виктория университетінің ақпараттық технологиялар орталығында әзірленген.

Бағдарлама авторлары:

  • Стюарт Арней– HTML, JavaScript, Macintosh үшін бағдарламалау;

  • Мартин Холмс – HTML, JavaScript, Windows үшін бағдарламалау;

  • Хилари Стрит ("Interdesign Media" компаниясы) –графика [Шмыр А.С., 2008].

Ресурстың бір ерекшелігі – дайын тапсырмаларымыздың веб-парақ форматында сақталуы. Яғни, арнайы программаны орнату қажет емес, интерактивті тапсырмаларды браузерлердің көмегімен оңай ашып, орындай аламыз. Әрине, бұл тапсырманы орындаушы үшін орындалатын әрекет, ал тапсырманы әзірлеуші ресурсты сайттан жүктеп алып, тапсырмаларды дайындайды. Сілтеме: http://web.uvic.ca/hrd/hotpot .

No Hands утилитасы – Windows үшін арналған кездейсоқ оқушыны таңдау мүмкіндігіне ие сервис. Мұғалім кері байланыс ретінде өзі дайындаған тапсырмаға, сұрақтарға кімнің жауап беретінін No Hands көмегімен анықтай алады. Бұл әрбір оқушының сабаққа белсенді түрде қатысуына, сабақ барысын мұқият қадағалауына өз септігін тигізеді. Және қазіргі кезде бұл утилита, әділ және тез таңдау тәсілі ретінде көптеген мектептерде қолданыс тауып, білім алушыларды сабаққа қызықтырып, ынталанандыруда. Жұмыс үстеліне Nohands.exe файлын орналастырып, блокнотқа (PowerPoint, MS Word немесе Smart Board ортасында да іске қосуға болады) сынып тізімін жазып, пайдалансаңыз болғаны. Сілтеме: https://www.ehyde.com/No%20Hands/ .

Quizizz – викторина, тест және де сауалнамалар әзірлеуге арналған онлайн сервис. Quizizz сервисінің мүмкіндіктері:

  • интерактивті тапсырмаларды әзірлеу (викторина, сауалнама, тест т.б.).

  • білім сапасын арттыру, әрбір сабақты қызықты, тиімді өткізе білу.

  • сабақты ойын түрінде өткізу.

  • сабақтан тыс уақытта өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру (үй тапсырмалары).

  • білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту.

  • білім алушылардың тақырыпты түсінуіне оң ықпалын тигізу.

  • мұғалім үшін уақытты үнемдеп, білім алушылардың білім деңгейін анықтау.

Интерактивті тапсырмалардың төмендегідей түрлері ұсынылған:

  • Big choice – бір дұрыс жауапты тест;

  • Checkbox – бірнеше дұрыс жауапты тест;

  • Fill in the form – бос орындарды толтыру;

  • Interview – сауалнама т.б.

Тапсырмаларды орындау 2 түрде жүзеге асады: сабақ үстінде ойын түрінде орындау; үй тапсырмасы ретінде әр білім алушының өз бетінше сабақтан тыс уақытта орындауы. Quizizz сервисінің бір тиімді жағы – тест нәтижелерін MS EXCEL кестелік редакторында сақтап, шығарып алуға болады. Сондай-ақ, ата-аналар да өз балаларының білім деңгейін, қалай жауап бергендігін көре алады. Ол үшін мұғалім сервис ұсынған ата-аналарға пошта арқылы жіберу батырмасын басса болғаны. Сілтеме: https://quizizz.com/ .

Learnis – көпфункционалды білім беру платформасы мектептердегі цифрлық оқытуды дамытуға бағытталған. Learnis ыңғайлы, қарапайым және қолдануға қолайлы электронды білім беру құралдарының жиынтығы.

Learnis жобасының негізі – веб-квесттер, викториналар, тесттер, сауалнамалар және білім беру ойындары. Сілтеме: https://www.learnis.ru/ .



Цифрлық сауаттылық ХХІ ғасырда іс жүзінде кез келген лауазымда талап етілетін базалық дағдылар тізбесінде басым орын алады. Цифрлық сауаттылық жазу және оқу қабілеті сияқты сұранысқа ие болады [Бороненко Т.А., Кайсина А.В., Федотова В.С., 2019, с.169].

Аналитиктер атап өткендей цифрландыру адам өмірінің әлеуметтік парадигмасын түрлендіреді, ол жаңа білім алуға, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндіктер ашады. Ал, цифрлық технологиялар – бұл тек құрал ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүруінің жаңа ортасы [Ахметжанова Г. В, Юрьев А. В., 2018, с. 335].

Қорытындылай келе, цифрландыру: қазіргі дамыған заманның басты қажеттілігі, бұл – барлығына қолжетімді сапалы білім. Цифрландырудың негізгі мақсаты – еліміздің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқу-тәрбие үдерісін жеделдетіп, мұғалімнің, ата-ананың, білім алушының жұмысын жеңілдету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет