Қатаев назбек сейсенбайұЛЫ



бет4/6
Дата03.01.2022
өлшемі420.57 Kb.
#451496
1   2   3   4   5   6
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАНАУИ ТРЕНД Қатаев Н.С. Еркінқызы А

Keywords: digitalization, digital educational technologies, Flippity, Padlet, VideoScribe.

А. Байтұрсынов мұрасынан «Адамның басты қаруы – білімі» деген сөз еріксіз еске түседі. Сапалы білім – дамудың кілті, болашақтың кепілі болса, болашақ жастардың қолында. Ал, жастардың болашағы оларды үлгі-өнегеге тәрбиелейтін, дүниетанымын, көзқарасын, өмірге деген мақсатын қалыптастыратын, сапалы, жан-жақты білім беріп, әлем елдерінің білім саласындағы жетістіктері мен тәжірибелерінен хабардар етіп, оқу-ғылымды үйрететін ұстаздар қауымының қолында. Бұл туралы В.Г.Белинский: «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр», - деп айтқан болатын.

Білім беру саласы көз ілестірмес жылдамдықпен күннен-күнге даму үстінде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде үлкен өзгеріске қадам басып, цифрлық революцияға бет бұрдық. Қазіргі заман әрбір мұғалімнен жан-жақты ізденісті талап етеді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар мақсаты – саяси экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым сөзіне сәйкес білім беру жүйесінде кәсіби жетілген, білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес, өздері меңгеретін және осы арқылы ойлау жүйесін, шығармашылығын, рефлексиялық машығын дамытатын құзіретті ұстаз болуы тиіс [Абилкасимова Г., Жәнтекеева А. А., 2018, б. 249].

Ұлы педагог-ғұлама Я. А. Коменский XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті [Бөрібекова Ф. Б., Жанатбекова Н. Ж., 2014, б. 7-10 ].

Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы. Оқытудың ақпараттық технологиялары ретінде білім алушылардың білімін кеңейтетін және олардың мүмкіндіктерін дамытатын ақпаратты жинаудың, ұйымдастырудың, сақтаудың, өңдеудің, таратудың және ұсынудың әдістері мен техникалық құралдарының жиынтығын түсінеміз [Игенбаева Р. Т., Асанова Ж. С., 2019, б. 16-22].

«Қазақстан-2050» стратегиясында: «Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз», - деп келтірілген [Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2018, c. 15].

Білім берудегі цифрлық технологияларды зерттей келе, Google қосымшаларының бірі – Google Form-да сауалнама әзірлеп, 42 мұғалімнің қатысуымен сауалнама жүргіздік. Сауалнама жүргізудегі негізгі мақсат – мұғалімдердің заманауи, озық технологияларды қаншалықты меңгергендігін бақылау, және өз тәжірибемізде қолданған бағдарламалармен сауалнамаға қатысушыларды хабардар ету, өзара тәжірибе алмасу болатын. Сауалнама нәтижесінде кең қолданыста жүрген, ең үздік сервистер анықталды және бұл сервистерді өз тәжірибемізде қолдану үстіндеміз.



Videoscribe – Sparkol компаниясы құрған графикалық, мәтіндік ақпараттарды дайындау мен өңдеуге арналған бағдарлама.

Ежелден адамның жадын жақсартудың және оқып-үйрену процесін тиімді етудің бірден-бір жолы – жаңа мәліметтерді көзбен көріп қабылдау екендігін жақсы білеміз. Жалпы адамдардың көпшілігі естігенінің 5% жəне көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио жəне бейне ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Сол себептен де, тоқтап тұрған күйдегі заттарға емес, қозғалыстағы заттарға басты назар аударамыз. Сабақты тиімді өткізуге, білім алушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыруға анимациялық роликтер жасауға арналған Sparkol Videoscribe бағдарламасының пайдасы орасан. Дайындаған видеоролигіңізді Full HD (1080) Flash FLV (Lossles), Quicktime MOV ™ форматтарында сақтай аласыз. Сілтеме: https://www.videoscribe.co/en .



Padlet желілік қызметі – виртуалды тақталарды құрудағы ең танымал онлайн құралдарының бірі.

Дәстүрлі оқытуда қолданып жүрген қарапайым тақтаның, қағаз түрінде шығарылған көрнекіліктердің орнын ауыстырған, және уақыт үнемдеуде көмекші Padlet визуалды тақтасының артықшылықтарына келесілерді жатқыза аламыз:



  • сабақты ұтымды, қызықты, тиімді ұйымдастыру мүмкіндігі;

  • тақырыпқа байланысты мәліметтердің бір жерде шоғырлануы;

  • мәліметтерді кез келген тасымалдаушыдан, сондай-ақ интернет желісінен (фотосуреттер, видео, аудио файлдар т.б.) орналастыру мүмкіндігі;

  • нақты уақыт режимінде ұжымдық қызметті ұйымдастыру және визуалды контентпен жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • білім алушылардың сабаққа жаппай қатысуы;

  • олардың өз жұмысын тақтаға орналастыруы;

  • бір уақытта онлайн тақтаға жазылған білім алушылардың жауаптарын «.jpeg, .pdf, . xlsx» форматтарында сақтап алу мүмкіндігі;

  • мұғалімдердің білім алушыларды бағалауы.

Сілтеме: https://padlet.com/ .

Pixton – бұл интерактивті комикстер жасауға мүмкіндік беретін 2.0 жобасы (1-сурет).

Pixton-нің мақсаты – пайдаланушыларға шығармашылық қабілеттерін білім беру мақсатында көрсетуге мүмкіндік беру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет