Аталып өтілетін даталар



бет6/7
Дата09.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#124230
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер:
Атығаев Әбітай // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 40 б.

Атығаев Әбітай //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 32 б.


12 желтоқсан 1942 – Жазушы Ақселеу Сейдімбековтің туғанына 65 жыл


Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты бұрынғы «Дружба» ауылында 1942 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген.

1959 жылы Жаңаарқа ауданының В.И.Ленин атындағы №1 қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы комсомолдық жолдамамен «Атасу» колхозының мал жайылымына (қазіргі «Қызылтау» совхозы) шопан болып келеді. Бұл жұмысты үш жыл атқарып, 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. 1963 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылады. Әскери міндетін өтеп қайтқан соң, оқуды әрі қарай жалғастырып, 1968 жылы университетті бітіріп шығады. Сол жылы республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетіне әдеби қызметкер болып қабылданады да, кешікпей Орталық Қазақстан облыстары бойынша осы газеттің меншікті тілшісі болады. Мұнан әрі Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1983-1988 жылдары республикалық «Білім және Еңбек» ғылыми көпшілік журналының бас редакторы қызметін атқарды. 1987-1997 жж. Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1997-1998 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998-1999 жж. ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика кафедрасының меңгерушісі. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Астана қалалық студенттер мен жастардың «Аудитория» газетінің Бас редакторы.

Ақселеу Сейдімбеков 1971 жылдан КПСС мүшесі. 1972 жылдан СССР Журналистер одағының мүшесі. 1988 жылдан ҚазССР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, «Әлем» альманағының бас редакторы. «Ақиық» (1972), «Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Күңгір-күңгір күмбезедер» (1983) ғылыми-көпшілік очерктер кітабы, «Кеніш» (1979), «Серпер» (1982) атты очерктер жинағы, қазақтың қара өлеңіне арналған «Мың бір маржан» монографиясы (1989), «Қазақ әлемі» атты оқу құралы (1997) жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде «Аққыз» (1986) деген атпен басылды.

Гомердің әйгілі «Илиада», «Одиссея» (1974) поэмаларымен қазақ оқырмандары Ақселеу Сейдімбековтың аудармасы арқылы танысты. Оларды қара сөз жүйесіне келтіріп аударған. «Алпамыс» (1979) эпосын қара сөзбен жазып шықты.

Ақселеу Сейдімбековтың әңгіме, повестері орыс, қырғыз, өзбек, венгр, неміс тілдерінде жарық көрді.

Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
А.С.Сейдімбектің шығармалары:
Сейдімбеков А. Аққыз: Повестер мен әңгімелер және ертектер.- Алматы: Жазушы, 1991.- 368 б.

Сейдімбеков А. Асанқайғы Сәбитұлы; Сүйінішұлы Қазтуған: Мұра // Орт.Қазақстан.- 1991.- 11 қазан

Сейдімбеков А. Жынды Ысқақ: Этнографиялық әңгімелер // Азия Транзит.- 1999.- №23 (10-16 маус.)- 15 б., Азия Транзит.- Қарағaнды, 2004.- N1.-53 б.

Сейдімбеков А. Жүрек жылуы// Орт.Қазақстан.-2005.- 19 наурыз.-8 б.

Сейдімбеков А. Кеніш: Қарағанды облысы туралы кітап.- Алматы: Жалын, 1979.- 112 б.

Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер: Сұлулық туралы сырлар.- Алматы: Жалын, 1981.- 239 б.

Сейдімбеков А. Қаламбетұлы Өскенбай (1860-1925): Күйші // Орт.Қазақстан.- 1992.- 1 шілде

Сейдімбеков А. Қаламының бабы-халқының қамы /Жазушымен әңгімелескен С.Бексейітов // Орт.Қазақстан.- 1990.- 28 шілде

Сейдімбеков А. Қарт пен канал: Әңгіме // Жұлдыз.- 1974.- №6.- 127 б.

Сейдімбеков А. Қарт пен канал: Очерк // Лениншіл жас.- 1971.- 15 қаңт.

Сейдімбеков А. Қауша: Әңгіме // Орт.Қазақстан.- 1973.- 14 шілде

Сейдімбеков А. Қыр хикаялары.- Алматы: Жалын, 1977.- 159 б.

Сейдімбеков А. Серпер: Очерктер және деректі әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1982.- 207 б.

Сейдімбеков А. Сонар: Деректі әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1989.- 352 б.

Сейдімбеков А. Тауға біткен жалбыз: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жалын, 1979.- 206 б.

Сейдімбеков А. Тәттімбет: /Ұлы күйші жайында/ // Орт.Қазақстан.- 1992.- 13, 14 наур.

Сейдімбеков А. Ұстаз мерейі биік болса, шәкірт отаншыл. // Орт.Қазақстан.-2004.- 30 наурыз.-2 б.

Сейдімбек А. Абылай хан: көне шындыққа жаңа көзқарас// Орт.Қазақстан.- 2005.- 10 наурыз.-13 б.

Сейдімбек А. Ақын-елдің айнасы: жаңа кітап// Орт.Қазақстан.- 2005.- 5 ақпан.-10 б.

Сейдімбек А. Аққыз: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Атамұра, 2002.- б.

Сейдімбек А. Ахметқызы Аңқыз (1997-1986): Күй-шежіресі // Азия Транзит.-2001.- №1.-13-15 б.

Сейдімбек А. Байғозы батырға құрмет // Орт.Қазақстан.- 2001.- 23 мамыр

Сейдімбек А. Байғозы батыр// Егемен Қазақстан.-2005.- 22 шілде.-3 б.

Сейдімбек А. Бар елге мағлұм болған асыл заты: (Балуан Шолақ ескерткіш-белгісінің басындағы сөз)//Егемен Қазақстан.- 2005.- 4 қазан.-4 б.

Сейдімбек А. Біздің Пушкин": /Садытбек Абдрахмановтың "Біздің Пушкин" атты кітабы жарық көрді/.// Егемен Қазақстан.- 2000.- 11 қаңтар

Сейдімбек А. Бір әннің жай-жапсары: немесе "Көшпенділер" фильмінде айтылатын "Балапан қаз" әні туралы.// Қазақ әдебиеті.- 2006.- 20 қаңтар(N3).-4-5 б.

Сейдімбек А. Гимн көшпелілерде пайда болған: Қаламгер А.Сейдімбекпен әңгіме / әңгімелескен Т.Майбас// Орталық Қазақстан.- 2004.- 16 желтоқсан.-8 б.

Сейдімбек А. Гумилев: 2004 жыл - Қазақстандағы Ресей жылы// Егемен Қазақстан.- 2004.- 1 қазан.-7 б.

Сейдімбек А. Дәуір толғағының тұлғасы:Махамбетке-200// Егемен Қазақстан.- 2002.- 27тамыз.-4 б.

Сейдімбек А. Ерлікке тағзым Наймантайұлы Байғозы батырдың туғанына 300 жыл// Дала мен қала.- 2005.- 22 шілде.-2 б.

Сейдімбек А. Есім де елдіктің айғағы// Егемен Қазақстан.- 2006.- 7 маусым (№128).-6 б.

Сейдімбек А. Жошы хан мазары: Өлкетану// Азия Транзит.- Қарағанды, 2001.-N9.-33-37 б.

Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этно-мәдени пайымдау: Оқу қуралы.- Алматы: Санат, 1997.- 464 б.

Сейдімбек А. "Қазақтың ғұмыры- күй ғұмыр":Қаламгер А.Сейдімбекпен әңгіме / әңгімелескен Т.Майбас// Орт.Қазақстан.- 2004.- 30 қараша.-4 б.

Сейдімбек А. Қазақтың күй аңыздары: Автореферат /ҚР Ғылым Мин.- ҒА М.О.Ауезов атын. әдебиет және өнер ин.-ты.- Алматы, 1997.- 35 б.

Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері- Астана: Күлтегін, 2002.- б.

Сейдімбек А. Қарға–тәңірінің елшісі //Ана тілі.- 1996.- №7 (ақпан)

Сейдімбек А. Қаршыға// Егемен Қазақстан.- 2001.- 19 қазан.-3 б.

Сейдімбек А. Қатерлі идеялар немесе саяси жалдаптықтың сыры неде? Пікірталас // Егемен Қазақстан.- 2000.- 6 маусым, Азия Транзит.- 2000.- №6 (қырк.).- 4-10 б.

Сейдімбек А. Қатерлі идеялар немесе саяси жалдаптықтың сыры неде?: Пікірталас// Ойтолғақ: Жарияланбайтын жазбалар - Алматы: Жалын, 1997.- б.

Сейдімбек А. Мәдениет туралы ойлау-үйлесімді өмір туралы ойлау // Қазақ әдебиеті.- 2002.- 13 қыркүйек.-7 б.

Сейдімбек А. Өзекті ой, өміршең идея иесі: Аса көрнекті түрколог ғалым Л.Н.Гумилевтің туғанына 90 жыл// Егемен Қазақстан.- 2002.- 2 қазан.-5 б.

Сейдімбек А. Социалистік мәдениет және Сәкен мұрасы: С.Сейфуллиннің туғанына 110 жыл / А.Сейдімбек, Х.Әбжанов// Орталық Қазақстан.- Қарағaнды, 2004.- 5, 7 қазан.-4, 9 б.

Сейдімбек А. Түркологияның толымды табысы// Егемен Қазақстан.- 2005.- 21 маусым.-8 б.

Сейдімбек А. Тәттімбет Қазанғапұлы: (1815-1860)//Орт. Қазақстан.- 2001.-31 қазан

Сейдімбек А. Ұлт және мәдениет: Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбекпен сұхбат / сұхбаттасқан О.Жолдыбайұлы// Қазақ әдебиеті.- 2005.- 23 қыркүйек.-6-7 б.

Сейдімбек А. Ұлттық идея // Қазақ әдебиеті.- 2003.- 15 август.-4-5 б.

Сейдімбек А. Халықтың Ғабдолласы// Орт.Қазақстан.- 2006.- 20 сәуір.-13 б.

Сейдімбек А. 1974 ж. Күнделік дәптер: Мұра // Мысты өңір.- Жезқазған,2004.- 20 тамыз.-6 б.
А.С.Сейдімбектің шығармашылығы туралы:
Ақатаев С. Тереңнен тартқан тамырлар: Әдеби мақалалар - Алматы: Жазушы, 1988.- 160 б.: портр.

Ақсұңқарұлы С. Алаштың Ақселеуі: /А.Сейдімбек туралы/ // Орт. Қазакстан. – 1992. – 2 қазан

Ақсұңқарұлы С. Ақселеу Сейдімбекке: Жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек - 60 жаста // Орт.Қазақстан.- 2002.- 23 қараша.-8 б.

Ақсұңқарұлы С. Қазақтануға қарымды үлес: А.Сейдімбектің «Күй-шежіре» атты кітабы хақында // Орт.Қазақстан.- 1994.- 8 қараша

Ақселеу Сейдімбек: Библиографиялық көрсеткіш Библиографический указатель / Құраст. М.Б.Шындалиева; Бас ред. М.Ж. Жолдасбеков.- Астана: KUL TEGІN, 2002.- 96 б.

Ақын А. Жақсыменен өткізген жарты күн: тұлғадан тәбәрік// Теміртау.- 2005.- 19 мамыр.-2 б.

Алдашева Р. Туған жердің төрінде төгілейін...// Теміртау.- 2005.- 28 сәуір.-2 б.

Аманбаев Қ. Қазақтар әлемі: [А.Сейдімбектің "Қазақтар әлемі" кітабы туралы]// Орт.Қазақстан.-2001.-24 қазан

Аупбаев Ж. Ғұмыр-дария: Очерк, сұхбат, эссе.-Алматы: Санат, 1997.

Әйнекбайұлы С. Арқада Ақселеудің кеші өтеді: облыс кәсіпкерлерінің VІ форумы// Орт.Қазақстан.- 2005.- 21 сәуір.-16 б.

Есали А. Ұлт руханиятын қайта түлету-ұлы мұрат:"Мәдени мұра" бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың алғашқы нәтижесі айшықтала бастады// Егемен Қазақстан.- 2005.- 28 қаңтар.-3 б.

ЖақанӘ. Заңғар қаламгер мерейтойына арналған турнир // Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.- N7.-3 б.

Жанғожин А. Қайнаған өмір ортасында: 70-жылдар: "Орталық Қазақстан" газетіне-70 жыл / А.Жанғожин, Е.Лұқпан// Орт.Қазақстан.- 2001.-29 тамыз

Жахин С. Ықыластың "Ерден" күйі және басқа да сазгерлер жайлы ойлар// Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-30 маусым

Жолдасбеков М. Іргелі зерттеу. А.Сейдімбек. Қазақтың күй өнері "Күлтегін" баспасы. 2003 жыл // Егемен Қазақстан.- 2003.- 7 қаңтар.

Жөкенұлы Қ. Сегіз қырлы, бір сырлы: Жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек - 60 жаста // Жаңаарқа.-Атасу, 2002.- 28 қыркүйек

Жұмаділдин А. Инемен қазған құдық (келбеттеме хикая) Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2002.- б.-(Өмір журналының кітапханасы)

Игенберлин Е. Ақселеудің 60 жылдық мерейтойына // Жаңаарқа.- Атасу, 2003.- 29 наурыз

Кәріп Ө. Мәртебелі сыйлыққа лайықты еңбек: [жазушы, ғалым А.Сейдімбек Мемлекеттік сыйлық алуы жайлы] / Ө.Кәріп, Ы.Тәукей// Орт.Қазақстан.- 2004.-18 желтоқсан.-12 б.

Кекілбайұлы Ә. Талантты ұрпақтың тағылымды келбеті: Д.Исабеков, Т.Әбдіков және А.Сейдімбек - қазақтың үш ірі тұлғасы // Егемен Қазақстан.- 2002.- 29 қараша.-5 б.

Келес М. Ұлт ұлағатының ұйтқысы: сұхбат// Қазақстан әйелдері.- 2004.- N7.-4-5 бет.

Күлмағанбетов Е. Күлтегін бабамыздың рухы қолдасын: Еуразия университеті - білімнің алтын ұясы// Орт.Қазақстан.- 2001.-14 шілде

Қазақстан өнері: Жылнама / Қожахметова М.- Алматы: Өнер, 1990.-: суретті

Құланбай Ә. Мемлекеттік наградалар тапсырды // Егемен Қазақстан.- 2003.- 14 желтоқсан.-1-2 б.

Құлқыбаев Ғ. Ақселеу асулары: Жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек - 60 жаста // Орт. Қазақстан.-2002.- 23 қараша.-8 б.

Құлмағамбет Е. Сарыарқа саңлағы: Жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек - 60 жаста // Орт.Қазақстан.- 2002.- 23 қараша.-9 б.

Майбас Т. Сәкен серілігін дәлелдеді //Орт.Қазақстан.- 2002.- 26 маусым

Мемелекеттік сыйлық берілді// Жас Алаш.- 2004.- 16 желтоқсан.-5 б.

Мемлекеттік наградалар тапсырылды// Қазақ әдебиеті.- 2003.- 19 желтоқсан.-2 б.

Меңдеке Ә. Ақселеу Сейдімбек: "Униформациялану, Еуроформациялану, Русоформациялану..."// Жас Алаш.- 2004.- 29 маусым.-1-3 б.

Нұржекеұлы Б. Ақиқат тарих тереңі не жетелейді: Үсүн жазба ескерткіштері // Егемен Қазақстан.- 2003.- 20 ақпан.-4 б.

Нұртайұлы Ә. Мемлекеттік сыйлық берілді// Жас Алаш.- 2004.- 16желтоқсан(N151).-5 б.

Оразбай Е. Арқа елі ардақтады Ақселеуін!: өнер күнделігі// Орт.Қазақстан.- 2005.- 26 сәуір.-4 б.

Оспанов С. Қарағанды жайында жаңа кітап: /А.Сейдімбековтың «Кеніш» кітабына шолу/ // Орт.Қазақстан.- 1979.- 3 наур.

Рақымов Б. Арқаның алтын сандығы: Жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек - 60 жаста // Орт.Қазақстан.- 2002.- 23 қараша.-9 б.

Салғараұлы Қ. Ұлтжанды: Ақселеу Сейдімбек -қаламгер, этнограф, зерттеуші // Егемен Қазақстан.- 2002.- 23 қазан.-3 б.

Сегізбай К. Айнымай түсер ақиық // Жас Алаш.- 2002.- 16 қараша.-5 б.

Сейдімбеков Ақселеу // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т. 4. Тіл, әдебиет, фольклор, өнер, архитектура.- Алматы, 1989.- 524 б.

Сейдімбеков Ақселеу // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 550, 551 б.

Сейдімбек Ақселеу //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 276 б.

Шандоздар шықты шарықтап// Қазақстан әйелдері.- 2001.- N12.-32 б.

Шындалиева М. Очерк табиғаты Астана: Елорда, 2002.- б.-(Отырар кітапханасы)


25 желтоқсан 1917 – Жазушы Қапан Сатыбалдиннің туғанына 90 жыл.
Қапан Сатыбалдин 1917 жылы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Ол балалар үйі жанындағы мектепте және Тау-кен өнеркәсібі училищесінде оқып білім алған. Одан кейін Алматыдағы Абай педагогика институтында, Москвадаға кинематография институтында оқыған. Қазақстан Жазушылар одағының жас жазушылар секциясын басқарды, республикалық газеттердің редакцияларында және Қазақ ССР кинематорграфия комитетінде қызмет істеді. Кезінде Жамбылдың әдеби секретары болды. 1943-1944 жылдары соғыс майданында «Совет жауынгері» газетінде қызмет етті. «Қазақфильм» студиясында директордың орынбасары, «Жұлдыз» журналында Бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдбиеті» газетінің Бас редакторы, біраз уақыт Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған.

Қ.Сатыбалдиннің әдеби қызметі 1936 жылы басталды. Оның бұл кездердегі күнделікті тақырыптарға жазған өлеңдері «Социалистік Қазақстан» газетінің бетінде басыла бастады.

1938 жылы оның «Мен жырлаймын» деген атпен бірінші өлеңдер жинағы шықты. Ол келесі жылы «Венецияның кегі», «Ағылшын сыр» поэмаларын жазды, соңғы поэмасы комсомолдың 20 жылдық мерекесіне арналған республикалық конкурста бәйге алды.

1940 жылы «Айдан тамған жас», «Махаббат» поэмаларын жазды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол өлеңдер, очерктер жазып, олар республикалық және майдандық газеттерде жиі басылып тұрды. 1945 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған поэмасы басылып шықты.

Ол бірқатар драмалық шығармалардың да авторы. Киносценарийлер де жазған, Қ.Сатыбалдиннің сценарийлері бойынша көркем және деректі фильмдер түсірілген.

Қ.Сатыбалдин И.А.Крыловтың мысалдарын, Н.А.Некрасовтың поэмасын, Н.Гулианың повесін, Горбатовтың пьесасын және туысқан республикалардың ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аудару саласына да көп еңбек етті.

Қ.Сатыбалдин өз шығармашылығында қазақ халқының басынан кешкен тарихи-революцияны бейнелеуге тырысты, ұрпақтар сабақтастығын және қазақ даласында болып өткен әлеуметтік өзгерістердің тарихи мәнін көрсетті.

Қ.Сатыбалдинннің 1975 жылы «Жазушы» баспасынан 4 томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді. Алматыдағы өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды. Қарағандыда бір көшенін аты берілді.


Қ.Сатыбалдинның шығармалары:
Сатыбалдин Қ. Болашақ: Өлеңдер // Дауылпаз жырлар.- Алматы, 1987.- 296-304 б.

Сатыбалдин Қ. Қараторғай: Повестер мен әңгімелер.- Алматы, 1968.- 362 б.

Сатыбалдин Қ. Қараторғай: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1998.- б.

Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. Төрт томдық.- Алматы: Жазушы

Т. 1: Өлеңдер мен поэмалар.- 1972.- 295 б.

Т. 2: Пьесалар.- 1973.- 415 б.

Т. 3: Повестер мен әңгімелер.- 1974.- 332 б.

Т. 4: Очерктер, әдеби сын мақалалар.- 1975.- 299 б.

Сатыбалдин Қ. Іңкәрім: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1985.- 112 б.
Қ.Сатыбалдинның шығармашылығы туралы:
Бектұров Ж. Қапанға хат: Жазушы Қ.Сатыбалдинның туғанына 75 жыл толуына орай // Орт.Қазақстан.- 1992.- 12 желт.

Жазықбаев Е. Халқының ол да бір ардағы еді..: /Қ.Сатыбалдинді еске алу/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 22 қазан

Жұмаділов Қ. Қапастағы бұлбұл // Қазақ әдебиеті.- 1997.- №48.- 14 б7

Сатыбалдин Қапан // Қарағанды. Қарағанды облысы.- Алматы, 1990.- 489 б.

Сатыбалдин Қапан // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы, 1987.- 534, 535 б.

Сатыбалдин Қапан // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т. 4. Тіл, әдебиет, фольклор, өнер, архитектура.- Алматы, 1989.- 518 б.

Сатыбалдин Қапан //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 269 б.

27 желтоқсан 1927 – Қазақ ССР-інің халық әртісі,домбырашы Мағауия Хамзиннің туғанына 80 жыл.
Мағауия Хамзин 1927 жылы 27 желтоқсанда қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қоңырат ауылында туған. М.Хамзин кішкентай кезінен Тәттімбет күйшіні көріп, күйін тыңдаған. Ал 5 жасында тұңғыш рет домбраны қолына ұстады. М.Хамзиннің домбрашылық өнері үлкен атасы Әшімтайдан, өз әкесі Хамзадан мұра болып дарыған. Әкесі Хамза бес жасар баланы тізесіне қондырып алып, күйге баулап, домбра үйретіп отыратынын Мағауия жүрегінде мәңгі сақталып қалған.

Күйшінің әкесінен үйреген алғашқы күйі Тәттімбеттің «Бес төресі» еді. Әкесі Хамза Мағауияның кішкентай саусақтарына лайықтап, қызыл талдан домбра шауып береді де өзімен бірге қосылып домбра шерткізетін. Көп кешікпей Мағауия туған әкесінен мәңгілік айырылады.

Күй дегенге құмарлық, тума талант бозбаланың өмірлік серігіне айналады.

1937 жылы Балқаш қаласының Мыс қорыту заводының мәдениет клубында көркемөнерпаздар үйірмелері ұйымдастырылады. Сол үйірмелердің бірі балалардан құралған домбрашылар оркестрінің жетекшісі Тәңірберген Бітімбаев болатын. Осы оркестрдің белсенді мүшесі М.Хамзин болатын. Алғаш рет, 1937 жылы он жасар Мағауия сахнаға шығып Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Сылқылдақ» күйлерін орындап, тыңдаушыларын тамсандырады.

1937-1941 жылдары Қарқаралы балалар үйінде тәрбиеленеді. Мұнда да үйірмеге қатысып, қолынан домбрасын түсірмейді.

1939 жылы Алматыда өткізілетін өнерпаз балалардың байқауына қатысады. «Сарыжайлау», күйін ойдағыдай орындап бергені үшын тұңғыш рет Мағауия Мақтау грамотасына ие болады, сыйлықтар алады.

Ал 1944 жылы Қарағанды облыстық филармонониясына арнайы шақырылып, 1949 жылға дейін қызмет істейді. Осы кезенде күйші домбыра өнерінің қыры мен сырын жете меңгерді.

1949 жылы өздігінен ізденіп Алматы қаласынан П.Чайковский атындағы музықалық училищесіне оқуға түседі. Оқып жүріп Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде қызмет істейді. Бұл жылдары М.Хамзинге дарынды домбрашы, әрі дирижер Н.Тілендиев ұстаздық етеді, музыкалық білім береді.

1952 жылы Балқашқа қайта оралып Мәдениет сарайының көркемөнерпаздар коллективін басқарады.

1958 жылы Құрманғазы Оркестрінің құрамында өнер көрсетіп Москвада өткен Қазақстанның онкүндігіне қатысады.

1961 жылы «Қазконцертте» солист–домбырашы болып жұмыс істейді.

Мағауия Хамзин бүгінгі ұрпаққа композиторлығымен де танымал. Күйшінің «Жайлау», «Қосбасар», «Жарыс», «Космонавт», «Тоқырауын толғауы», «Домбыра» вальсі күйлері көптеген көреремендерге таныс.

1966 жылы күйшіге – Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген әртісі, 1979 – Қазақ ССР-нің халық әртісі құрметті атақтары берілді. Мағауия Хамзиннің өнеріне көптеген шетел азаматтары қол соғып, өнері бірнеше грамота, медеальдармен марапатталды.

Зейнетке шыққан соң, 1997 жылы туған елі Балқашқа келіп, өзінің мектебін ашып, жас өспірімдерге шерпе күйдің сырын, кәсіби жәрежеде орындау мәнерін үйретті. Ал 1998 жылы М.Хамзинге «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы құрметпен тапсырылды.

Мағауия ағамыздың өнері – ұрпақ үшін, ел үшін мәңгілік рухани қазына.

Қазақтың қара домбрасын күмбірлетіп күй өнеріне баға жетпес үлес қосқан Мағауия Хамзин 73 жасында, 2000 жылдың сәуір айында дүние салды.

М.Хамзин қазақ совет домбырашысы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі, ҚазССР-інің халық әртісі .
Әдебиеттер:
Башар Ж Кеш өтті дүбірлетіп дүйім елді...// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-18 шілде

Бекенов У. Күй керуені: Оқу құралы Алматы: Өнер, 2002.- б.

Ермағанбетова Г. Шертпе күйдің атасы// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-11 шілде

Домбай Н. Мағауия мақамы: /Шерпе күйдің шебері, Казақстанның халық әртісі М.Хамзин туралы/ // Егемен Қазақстан.- 1994.- 3 тамыз

Жармағанбетов Б. Хамзинді Алаш мәңгі құрметтейді // Балқаш өңірі.- 2001,-9 қаңтар, 27 желт.

Жұмағали С. Саусағынан күй саулаған: замандас// Орт.Қазақстан.- 2005.- 27 тамыз. -

10 б.

Қашқынов Ж. Бір қоңыр қаз жүзіп жүр жайлап қана // Қазақ әдебиеті. – 1998.- 27 қаңтар



Қашқынов Ж. Дәулескер күйші // Орт. Қазақстан.- 1997.- 6 желтоқсан

Мереке: Күйлер жинағы [Нота] / Құраст. Д.Мүсіров.- Алматы: Өнер, 1993.- б.

Рахимов Т. Қос ішектің күмбірі: /М.Хамзин туралы/ // Мәдениет және тұрмыс.- 1982.- N7. - 14-15 б.

Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- б.

Тоқтамысов Т. Әшімтайдың «Қоңыр қазы» // Орт. Қазақстан.- 2001.- 27 қаңтар.желт.

Тоқтамысов Т. Тәттімбет және оның мұрагерлері // Орт. Қазақстан.- 2000.- 27 желт.

Хамзин Д. Дарабоз күйші: Дерек // Орт.Қазақстан.- 2002.- 2 қазан.-12 б.

Хамзин М.: /Некролог/ // Егеменді Қазақстан.- 2000.-21 сәуір


Желтоқсан 1922 – Саран педагогикалық колледжінің ашылуына 85 жыл
Арқа өңіріндегі ең алғаш рет ашылған атақты Абай атындағы педагогикалық училищесінің құрылғанына биылғы жылдың желтоқсан айында 85 жыл толғалы отыр. Осы ұзақ жылдар ішінде оқу орны ұлан байтақ республикамыз үшін мыңдаған мамандар - ұстаздар мен тәрбиешілер дайындап шығарды.

Байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінен оқуға түскендер есебінен бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлаумен жетпіс жылдан астам бері шұғылданушы Қарағандының әртігі оқу орындарының бірі кеншілер мен заводшылар қаласы – Саранда орналасқан. Еліміздің бұл ежелгі ағарту мекемесінің шежіресі отызыншы жылдардан - Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов сынды ұлт мақтаныштары сабақ берген Қарқаралы педтехникумінен басталады.

Қазақ халқы ауыр бір белесті бастан кешірген енді-енді есін жия бастаған 1922 ж. Қазақ АССР үкіметінің ұсынысымен республикалық халық ағарту комиссариаты Қарқаралы қаласында уездік қазақ педагогикалық техникумын ашты.

Бұрынғы патша дәуіріндегі реалдық училищенің екінші қабатында ұйымдастырылған небәрі үш бөлімде алғашқы шәкірттер жиналып, білім бұлағынан сусындауға белді бекем буды. Техникумның ірге тасын қалауға ат салысқан оның тұңғыш директоры халықтың аяулы ұлы болған азамат Р.Сапақов еді. Білім ордасының қаз тұрып, қанатын кеңге жаюына жергілікті қазақ халқы орасан зор көмегін тигізді.

1923 жылы Қарқаралылықтар мен техникумның драма үйірмесінің мүшелері бірге отырып С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарын”, М.Әуезовтің “Еңлік-Кебегін” сахнаға шығарды.

Бұдан кейін араға төрт жыл салып оқу орнының алғашқы түлектері туған жерде қажырлы енбек етуге бел буып, ұстаздық ете бастады. Училищенің алғашқы түлектерінің арасында А.Ахметов, А.Баймаханов, М.Беков, А.Жәкіманов, З.Пушков, Р.Ғылымбеков, Р.Омаров, Н.Түсіпов, Р.Тұрғанбаев, А.Юсупбаев сияқты азаматтар болды. Олар көпшілікке жақсы белгілі жиырмасыншы, отызыншы жылдардың ауыр кезенін басынан кеше отырып, халық көкірегіне білім сәулесінің жарық нұрын шашу сияқты абыройлы істі жоғары жауапкершілікпен атқарды.

Ел басына түскен ауыр нәубетті техникум ұжымы да ұйымшылдықпен көтеріп, кездескен қиындықты жеңе білді. Аштықтың ауыр жылдарында техникумға жетекшілік еткен Құрман Хамитов деген азаматтың жоғарғы адамгершілігі көпшіліктің есінде. Ол педагогикалық техникумды 1929 ж. үздік бітіріп, өз білімін Мәскеу қаласында одан әрі жалғастырды. 1931 жылы техникумға қайтадан оралып, ұстаздық одан соң директорлық қызметтерді абыроймен атқарды. Әсіресе ел басына төнген ауыртпалық, аштық жылдары ол оқушылардың сапалы білім алуына бар күш–жігерін жұмсап, өз қамқорлығын көрсете білді.

Педагогикалық техникум 1937 жылы Қарқаралы қазақ педагогикалық; училищесі болып қайтадан құрылды. Жеңіс жылы Абай бабамыздың 100 жасқа толу мерекесі ұлан-байтақ республикада кеңінен аталып өтіп, училищеге ақын есімі берілді. 1950 жылы училище қасиетті Қарқаралы жерінен Қарағанды, одан кейін Саран қаласына көшірілді.

Училищедегі оқу-тәрбие жумысы уақыт өткен сайын одан әрі жетілдіріле, терендетіле түсуде. 1986 жыл бұл оқу орнының ұжымы атқарылған осындай игілікті істердің нәтижесінде Бүкілодақтық байқаудың екінші дәрежелі дипломын жеңіп алды. Ал 1972 жылы училиищенің кұрылғанына 50 жыл толу мерейтойында Қазақ ССР Жоғарғы Кенесінің Құрмет грамотасын, 1977 жылы ССРО Ағарту министрлігінің Құрмет грамотасын және де басқа құрметті атақтарды лайықты түрде жеңіп алып, өз мәртебесін көтере түсті.

Қазіргі таңда бұл училищеде алты мамандық бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерде мамандар даярлануда. Оқу орнында қазақ, орыс бөлімдерімен қатар неміс бөлімі де бар.

Училищенің қазақ бөлімінде сегіз топ - екі жүзден астам оқушы білім алуда. Бұл орайда олардың іскер маман атанып, өздері қалап алған мамандықтарын жетік менгеруіне ұстаздар қауымы лайықты үлес қосуда.

Еліміз тәуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеттік денгейге көтерілген осындай уақытта училище үстаздары өз шәкірттеріне салалы білім, саналы тәрбие беру мәселесінде үлкен жауапкершілік, қажырлық танытуда.

Сан мыңдаған білім беріп, үлкен өмір жолына аттандырған Абай атындағы Саран педагогикалық колледж ұжымының келешекке деген сенімі мол.

Аталмыш қалада әртіне химик-технологтар даярлап келе жатқан өзі құралыптас Саран химия-технологиялық техникумын құрамына қосып алған соң тіптен нығайып, гуманитарлық-техникалық колледж атанды. Колледждің қазіргі директоры – Закамолкин Владимир Анатольевич деген кісі.

Қазір колледжде тарихшы Ш.А.Тұрғамбаева, химик-технолог С.М.Төлегенов, Б.А.Тоқбергенов, филолог К.Өмірәліқызы атындағы дәрісханалар бар.

Саранның мақтанышы әрі өнердегі намысын жыртушы қазақ, орыс ұлт-аспаптар оркестерлері, үрмелі-эстрада ансамбльдері сонау 50–ші жылдардан техникум мен училище студенттерінен жасақталатын болса, сол дәстүр сол күйінде қалыпты: аспаптық өнер ұжымдарының дені қазір де Саранның Абай атындағы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерінің интеллектуалдық қажырымен жұмыс жасайды.

Сексен бес жыл уақыт айтуға жеңіл болғанмен, оның астарында өткен жылдардың үлкен ізі жатқан сияқты. Мұның өзі үлкен ғұмыр кешкен адамның өмірі де тәрізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет