«Атамекен жалпы білім беретін мектеп» кмм «Кинезиологиялық жаттығуларының денсаулыққа пайдасы»



бет2/2
Дата21.11.2022
өлшемі20.86 Kb.
#465367
1   2
кинезиологиялық жаттығулар

Жаттығулардың түрлері:
«Сақина» -қолдардың саусақтары кезекпен және мүмкіндігінше тез, сынақ дәйекті түрде басбармаққа, сұқ саусаққа және әрі қарай жалғаса береді. Тура және кері ретте орындалады. Жаттығу бастапқыда бөлек әрбір қолмен орындалады, содан соң бірге орындалады.
«Жұдырық, қабырға, алақан»- балаға қолдың үш жағдайын жазық үстел үстінде көрсетеді. Бір-бірінен айырмашылығы ашқанда алақан, жұмғанда жұдырық, қырынан қабырға болып қалатынын ажыратады. Бала тәрбиешімен бірге сынақты орындайды да 8-10рет қайталағаннан кейін, бала есте сақтау қабілеті бойынша өзі істейді, егер қиналып жатса ауызша немесе қолмен ымдап көмектесуге болады.
«Лезгинка» — сол жақ жұдырығын түйіңіз, бас бармақта жұмбай-ақ қойыңыз. Жұмған саусақтарды ашып, оң қол алақанымен горизонталды бағытта беттестіріңіз. Енді оң қол мен сол қол жаттығуын алмастыра жасау. Осы жаттығуды 6-8 рет қайталау. Және жылдамдықты үдете түсу.
«Айнаша сурет салу» -таза қағаз парағын үстел үстіне қойыңыз. Қарындаш немесе фломастерді екі қолға бірдей алып, әріптер немесе суреттер салу. Бұл жаттығуды орындау барысында көз бен қолдың босаңситынын сезесіз. Екі ми сыңарларының қызметінің сәйкестенуі, барлық мидың жұмыс жасауы жақсара түседі.
«Құлақ-мұрын» -мұрынның ұшын сол қолмен ұста, оң қолмен қарама- қарсы құлақты ұста.Құлақ пен мұрынды бір уақытта жіберіп, алақанды соғу. Қолдардың жағдайын керісінше алмастырыңыз да дәлдікпен қайталаңыз.
«Жылан» —қолыңызды айқастыра ұстаңыз, алақанды беттестіріп саусақтарды бір-біріне іліңіз. Қолды өзіңе қарай тартып, бұрап шығарыңыз. Саусақ тура және айқын қозғалуы керек. Жаттығуда дәйекті түрде екі қолдың барлық саусақтары қатысуы керек.
«Көлденең сегіздік» —оң қолды алдына көтеру, көз тұсына келтіріп. Жұдырықты түю, ортаңғы нұсқаушы саусақты қалдырып, ауада көлденең сегіздіктің суретін салу. Мүмкіндігінше үлкен өлшемде. Саусақтың ұшына көздермен бас бұрмай қару, сурет салу. Содан соң қосыла айту, қарау, салу. Бұл жаттығуларды сабақтар арасындағы ми ширатулар, сауықтыру шараларында, миға шабуыл кезеңдерінде қолдануға болады.
Сол сияқты, қазақтың ою-өрнегін келтіру арқылы жаттығулар жасауға болады. Мысалы, ұлттық өрнектерді пайдалану.
Мақсаты: қол қимылдарын дұрыс жасау арқылы кеуде тұсының физиологиясын жақсарту. Қол моторикасын жетілдіру. Жүйке талшықтарының өсуіне ықпал жасау.
Қол білектерін иіп аққу жасаймыз. Оларды бір-біріне түйістіреміз. Бұл «қос аққу» оюы:
Енді шынтақтарды барынша тақап жұдырықты қатты түйеміз. Бұл «Бүршік» ою. Дәл сол қалыпта отырып алақанды жазамыз Бұл «Құс қанаты»
Бас бармақ пен кішкене бөбек саусақтарды алақанға бүгеміз. Үш саусақ тік тұрады. Қолды айқастырамыз. Бұл «Қарға тұяқ» оюы.
Басбармақтарды айқастырып, барлық саусақтарды сәл бүгеміз. Бұл ою «Топ шеңгел»,-деп аталады.
Алақандарды бір-біріне тақап саусақтарды тік ұстаймыз «Жауқазын» оюын жасаймыз.
Басбармақ пен сұқ саусақты біріктіріп дөңгелектейміз Қалған саусақтарды тікке ұстаймыз.
Сендер «Тоты құс» оюын жасадыңдар. Өте жақсы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет