Қаңтар Республикалық Әбіш оқулары байқауын өткізу ережесі І. Жалпы ереже



бет3/3
Дата21.09.2023
өлшемі20.11 Kb.
#478165
1   2   3
Әбіш оқулары ережесі

ІV. Байқаудың қорытындысы - республикалық кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін Маңғыстау облысының білім басқармасының бұйрығымен ұйымдастыру комитеті құрылады.
V. Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамына «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы, облыстық әкімшіліктердің, білім және мәдениет басқармаларының қызметкерлері енеді.
VІ. Республикалық ұйымдастыру комитеті:
- байқаудың өтетін орны мен уақытын белгілейді;
- шараны өткізуге дайындық жүргізеді;
- қазылар алқасы құрамын анықтайды;
- байқауды ережеге сәйкес өткізеді және басшылық жасайды;
- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды;
- ережеге сәйкес басқа міндеттерді атқара алады.
VІІ. Қатысушылардың білімі мен өнерін төрағадан, хатшыдан және алқа мүшелерінен (барлығы 9 адамнан кем емес) құрылған қазылар алқасы бағалайды.
Қазылар алқасы:
1) қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
2) қатысушылардың білімі мен өнеріне талдау жасайды және 10 баллдық жүйемен бағалайды;
3) қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
4) жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
5) Байқаудың қорытындысы туралы есеп береді.
VІІІ. Маңғыстау облысының білім басқармасы іс - шаралардың қорытындыларын жинақтап қорытады және ақпаратты сайтқа жариялайды.


ІХ. Қорытындылау және марапаттау
Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Командалық І, ІІ, ІІІ орын алған топтар «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығының дипломдарымен марапатталады.
Арнайы номинация иегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
Х. Қаржыландыру
Байқаудың қаржылық шығындары бекітілген смета бойынша қаржыландырылады.
Республикалық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (барып-келу жолы) жіберуші жақ есебінен төленеді. Басқа да байқауға қажетті барлық шығындарды білім басқармасы көтереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет