Арлы бол, ақылды бол, адал бол!
Үлкенге инабатты, кiшiге рақымды бол.
Жалған сөйлеме, өтiрiк, өсек ауылынан алыс бол.
Ақылды адам өз басын кiнәлайды,
Ақылсыз адам жолдасын кiнәлайды.
Пайдасыз iске уақытыңды кетiрме.
Атаңды көрген кiсiден ақыл сұрауға арланба.
Оқушылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң кодексi
Оқушылардың құқықтары:
Мемлекттiк стандартқа сәйкес бiлiм алуға, өзiнiң ар-намысын құрметтеудi талап етуге, дiн еркiндiгiне, ақпарат алу еркiндiгiне, өзiндiк ой-пiкiрлерiн бiлдiруге
Мектептегi басқаруға қатысу, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға
Мектептiң барлың мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, бiлiм аясын кеңейтуде белсендiлiк танытуға, сынып жетекшiсiне, мұғалiмдерге өзiнiң қиындықтары туралы хабарлап, түсiнiк, жауап алуға
Мектеп жұмысына қатысты пiкiрлерiн ашық бiлдiруге, мектеп заңдарын, ережелердi, жарғыларды құрастыруға қатысуға
Мектептегi және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйiрмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға
Өз қабiлетi мен мүмкiндiгiн таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т\б шараларға қатысуға
Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмiр сүруге қажеттi материалдық көмек алуға құқығы бар.
Оқушылардың мiндеттерi:
|