iс-шараларына тарту және басқа ұжымдармен байланыс орнату;
Оқушыларды, олардың тұрмыс жағдайларын зерттеу;
Оқушылардың дамуындағы және мiнез-құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету, күрделi жағдайларда басшыларды құлақтандыру;
Өмiрде кездесетiн күрделi проблемаларды шешуде оқушыларға көмек көрсету;
Үнемi тәрбие теориясына, практикасына, педагогика және психология мәселелерiне байланысты өзiнiң мамандығын жетiлдiру;
Өз iскерлiгi мен жауапкершiлiгiн дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орната алуы керек;
Тәрбиелiк мақсаттарды көре бiлуi және оны қоя бiлуi.
Оқушы Анты
Мен – Қазақстан азаматы “Сүйiктi Отаным Қазақстанның дүние жүзiндегi алдыңғы қатарлы әдiлеттi, өркениеттi ел болу үшiн сапалы бiлiм аламын. Туған халқымның ата-дәстүрiн жалғастырамын. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын. Қазақстан-2030 жылға дейiнгi бағдарламасында айтылған мiндеттердi iске асыруға үлес қосамын. Елiмнiң Туын, Елтаңбасын, Гимнiн, Алтын ұя Мектебiмдi сыйлап, қастерлеймiн” деп Ант етемiн!