Ақтау-2023 Инклюзивті білім беруді өзектендіру мәселелері


Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психикалық дамуын жетілдіру негізінен үш бағытта жүргізіледі



бет3/3
Дата29.11.2023
өлшемі15.34 Kb.
#484827
1   2   3
Инклюзив ОБӨЖ 2

Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психикалық дамуын жетілдіру негізінен үш бағытта жүргізіледі:
1. Балаларға жан-жақты диагностикалық тексерулер мен мамандардың консультативтік кеңестерін ұйымдастыру, негізгі зақымданулардың дәрежесін анықтау;
2.Емдеу, сауықтыру, әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
3.Түзету және дамыту бағыттарында арнайы әдістемелерді құрастырып, оларды қолдану.


Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері
І.Әңгіме әдісі баламен қатынас орнату құралы қызметін атқарады.Баланың ақыл-ой қабілеттерін анықтауда әңгіме барысында мынаны анықтау керек:
1.Баланың өзі,өз ата-анасы,жақын туыстары,достары (аты-жөні,тегі,жасы) туралы түсініктерінің нақтылығын және «жеңуге», «көршілер», «туысқандар»,ұғымдарын талдау қабілеті.
2.Уақыт туралы түсінік сипаты (сағатта уақытты анықтау іскерлігі, уақыт созылуын түсінуі)
3.Табиғат құбылыстары жайлы (жыл мезгілдерін олардың белгілерін есепке алып ажыратуы,қар,найзағай т.б) туралы түсініктің болуы
4.Кеңістікте бағдарлау іскерлігі «оң-сол», «жоғары-төмен», «жақын алыс» т.б ұғымдарды практиканың игеруі
5.Өз Отаны туралы, көрнекті жағдайлар туралы білімнің болуы, оқыған кітабын, көрген фильмін түсінуі.
ІІ әдістеме.Бақылау әдісі. Балаларды зерттеуде ең негізгілердің бірі.Бақылау бала кеңес алуға келгенен бастап,тексеру барысында жалғаса береді.Бақылау мақсатты жүргізілуі керек.Баланың ойын әрекетінде, бақылауда мынаған назар аударыңыздар:
ойыншықты көргендегі эмоциялық реакцияның сипаты, ойыншықпен өз бетімен ойнай алуы және ойынды ұйымдастырыу, ойыншықпен әрекетінің ақылға сыйымдылығы, ойын іс-әрекетінің қызығушылығының тұрақтылығы.
ІІІ әдістеме.Сурет-балаларды зерттеуде маңызды дифференциальды диагностикалық көрсеткіш.Психикалық ауру балалар суреттері өзгеше мағынасыздық, бейненің түсініксіздігі, түсті қалай болса солай пайдалану, пропорция сақтамау т.б суреттерінде көрінеді.
ІY. «Кооса» кубиктері, «Равен матрицасы», «Шульте кестесін» пайдалануға болады.
Көру,есту,сөйлеу,тірек-қимыл аппаратары бұзылған балалар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде қолдау алады.Бірақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды түзеу кабинеттерінмен қамту мүмкіндігі ауылдық жерлерде өте төмен.Бұл бала санының аздығына байланысты.Түзеу кабинеттерінің орталықтарынан шалғайда орналасуларымен түсіндіріледі.Сондықтанда да, түзеу жүмыстарының негізігі ауырпашылықтары дефектология саласында дайындықтары бар мектептердегі педагог- психологқа түседі.
Сонымен жанұясында даму мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу және оның шешу жолдарынын анықтау мамандардын өзекті бағыты болмақ.
« Ең бастысы даму мүмкіндігі бар балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек.Әр баланың қабілет – қарымын анықтап, дұрыс бағыт – бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек ».
Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , ақыл-ой кемістігі бар баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді.
Мұғалімдерге ұсыныс: .
1. Сөйлеу, көру, есту, эмоциялық-ерікті салалары, оқытуда қиындықтарымен, қатынастары, мінез-құлқы бұзушылығымен балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде жүйелі психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық көмек көрсету.
2. Баланың әлеуметтік жағдайының дамуын есепке алумен, жекеше-дамытушылық бағдарламаларды әзірлеу және құру.
3. Жекеше, топпен жұмыс істеу түрінде түзеу-дамытушылық оқытуды жүргізу.
4. Дамытуда ақыл-ойы төмен балаларды отбасы жағдайында тәрбиелеу бойынша ата-аналарға (оларды ауыстырушы адамдарға) кеңес беру .
Пайдаланған әдебиеттер

1. Білім туралы- Қазақстан Республикасының Заңы – Астана 2007


2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзету арқылы қолдану туралы. ҚР 2002 ж. №343 заңы
3. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. www.egov.kz.
4. Ж.Жанділдаева Инклюзивті білім берудің мазмұны // Қазақстан мектебі, 2011, №7, 60-61 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет