Ақтау-2023 Инклюзивті білім беруді өзектендіру мәселелері


Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу бойынша мектеп мұғалімдеріне ұсыныстар әзірлеу



бет2/3
Дата29.11.2023
өлшемі15.34 Kb.
#484827
1   2   3
Инклюзив ОБӨЖ 2

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу бойынша мектеп мұғалімдеріне ұсыныстар әзірлеу.
Бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалар проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да, оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де қарым- қатынас жасауын қиындатады. Дене кемістігі адамның әлеуметтік өмірдегі мінез құлқының ауытқуына әкеп соқтырады.
1919 жылдың 10 желтоқсанында ақыл-ой кемістігі бар балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі қаулы қабылданды.
Ұлы педагог А.С.Макаренко «Баланың өскенде қандай болатыны,оны бес жасқа дейінгі тәрбиеге байланысты»-деген.
Ақыл-ой тәрбиесі тек ойдың дамуы ғана емес,оның дамуы ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.Даму баланың сандық,сапалық жағынан жетілуі, психикасының, ой-санасының өсуі.
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз- оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен,оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістерінің жиынтығы.Ақыл-ойды дамытудың шарты,іс-әрекеттін тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері,адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі,берілетін білім сапасы.
Жас ұрпақтың ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым,білімнің ұштасуына байланысты.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды анықтауда дұрыс диагностика жүргізу, оларды табысты және нәтижелі оқытуға, ал болашақта әлеуметтік ортаға бейімделіп кетуіне жағдай тудыратын арнайы сыныптар мен топтарға орналастыру - қазіргі уақыттағы аса маңызды әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып табылады.
Жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу жұмысын қазіргі заман талабына сай стандартқа енгізуді оқушылармен жеке дифференциалды жұмыс істеу нәтижесінде қол жеткізуге болады. Демек, оқушыларға қажетті білім, білік көлемі мен дағдыларын қазіргі қоғамның талабымен сәйкестендіріп беру қажет.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеген, кезде балалардың есте сақтау, онан кейін жатталатын материалды қайта жататырғанда қалай қиналатын көрген мұғалім, интеллектісі бұзылған және ақыл-ойы кемтар балалардың есте сақтауын дамытуға оңтайлы екі әсер ететін түрлі жаттығуларды топтастырып, дамытуға көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет