Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы



бет4/8
Дата14.06.2023
өлшемі185.5 Kb.
#475040
1   2   3   4   5   6   7   8
d0b1d0b0d293d0b4d0b0d182-d181d0b5d0bdd0b1d0b0d0b9d29bd18bd0b7d18b

11-тапсырма
Өрнектердің мәндерін тап
с· 60, мұндағы с = 17 b: 60 мұндағы b = 2820, 2920


Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері
1-тапсырма
 Мына фигураның ауданын тап:


1дм 3дм


2дм


2-тапсырма
 Қабырғасы 1 дм шаршы сыз.Оның ауданын тап.Осы шаршыны әрқайсысының қабырғасы 1 см болатындай етіп, бірнеше кішкентай шаршыларға бөл.Қанша кіш -кене шаршы шықты?


3-тапсырма




























 Шырпыдан мына төмендегідей фигура жасалған. Бес шаршы қала-тындай етіп, төрт шырпыны алып тастау керек.


4-тапсырма
 Аудандары 16 дм 2 және 1600дм 2 шаршының пери-метрлерін тап.Осы шаршылардың қабырғалары туралы не айтуға болады?
5-тапсырма
 Қабырғалары 4 дм және 40 см екі шаршының аудан-дарын тап.Осы шаршылардың аудандары туралы не айтуға болады?


6-тапсырма
 Кестені толтыр

Ұзындығы

7 м



5 м



Ені









Периметрі













Ауданы















7-тапсырма
 Мал қораға 6 метрлік екі білеу ағаштан тік төртбұ- рыш тәріздес етіп терезе жасау керек.Қораның іші жа -рық болу үшін терезенің ауданы мейлінше үлкен болуы тиіс. Терезені қандай пішінде жасаған тиімді болады деп ойлайсың?


8-тапсырма
Қалауыңша тұйықталған қисық сызық сыз.Онымен қоршалған фигураның ауданын палетканың көмегімен тап.


9-тапсырма
Егістіктің 46 га-на тұқым себілгеннен кейін әлі тұқым себілмеген 87 а қалды.Егістіктің ауданы неше м2


10-тапсырма
Жеткіліксіз мәліметтерді орнына қойып, есепті шығар.
Т ік төртбұрыш пішінді бақшаның ауданы га,ал оның ұзындығы м. Бақшаның енін тап.


11-тапсырма
 Есептер құрастыр және оларды шығар

18 га

? ?

600м
12-тапсырма



Тік бұрышты параллелепипед тәріздес аквариумның ұзындығы 9 дм, ені одан 3 есе қысқа,ал биіктігі енінен 1дм ұзын. Аквариумға неше дм3 су сыяды?


Есептер және оларды шығару
1-тапсырма
Сан мәліметтерді өзіңше алып, есепті шығар.
А расы км екі қаладан бір мезгілде екі пойыз бір-біріне қарама-қарсы жолға шығып, сағаттан кейін кездесті.Бірінші пойыздың жылдамдығы км/сағ. Екіншісінің жылдамдығын тап.


2-тапсырма
«Аққұдық» ауылында 70 отбасы болған.Ал «Бекі»ауы- лында 50 отбасы болған.«Аққұдықтан» бірнеше отбасы, ал «Бекіден» 20 отбасы көшіп кетті.Сонда «Аққұдықта» «Бекіге»қарағанда 2 есе артық отбасы қалды.«Аққұдық- тан» неше отбасы көшіп кеткен?


3-тапсырма
Қысқаша жазуы бойынша есепті шығар.
Керік-750кг
Африка пілі-? 10 есе ауыр


4-тапсырма
Шешуі 210 х+640 өрнегі түрінде жазылатындай есеп құрастыр.Х=3 деп алып, есепті шығар.


5-тапсырма
Есептің сұрағын қойып аяқта және шығар.
6 литр сұйық май 750 теңге тұрады. Жазира апай 280 теңгеге сұйық май сатып алды.


6-тапсырма
Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Де- не шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатар- ға сапқа тұрғызылды.Сыныпта неше ер бала бар?

Машина жолда 5сағат болды да,х км жол жүрді. Оның осы қашықтықты жүріп өткен жылдамдығын өрнек тү- рінде жаз.




7-тапсырма
Ауылдан қалаға қарай автобус және жеңіл машина жолға шықты.3 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 75 км болды.Жеңіл машинаның жылдамдығы 85 км/сағ болса, автобус қандай жылдамдықпен жүрген?


8-тапсырма
Жеңіл машинамен екі әкесі ,үш баласы жолға шық -ты. Жолда оларды жол инспекциясының қызметкері тоқтатты.Бес адам отырса да оларды жіберді.Неге?
9-тапсырма
 Кесте бойынша есеп құрастыр.

Бағасы

Саны

Құны

?

30

1800 теңге

60 теңге

?

2400 теңге



10-тапсырма
 Альфия үй жұмысын орындауды 17 сағат 40 минут- та бастап 19 сағат 30 минутта аяқтады.Ол үй жұмысына қанша уақыт жұмсады?


11-тапсырма
Велосипедші 17 км/сағат жылдамдықпен жүріп оты -рып, 68 км жолды неше сағатта жүреді?
 Ұзындығы 9 см-ге тең АВ кесіндісін ортасынан қақ бөл.


12-тапсырма
 Беріктің ұстаған ақ балығының салмағын сұрағанда, ол былай депті:«Балығымның құйрығының салмағы 2кг, басының салмағы құйрығы мен кеудесінің жартысын қосқанға тең.Ал кеудесінің салмағы балықтың басы мен құйрығын қосқанға тең.»Беріктің ақ балығының салмағы қанша болғаны?
13-тапсырма
 Ғанидың қозылары мен қаздарының жалпы саны 12-ге тең.Ал олардың аяқтарын санап қоссақ, 42 шығады. Ғанидың қозылары мен қаздарының саны қанша?


14-тапсырма
 Мына фигурада
неше төртбұрыш
бар?
15-тапсырма
Шаңғышы 12 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта қанша жол жүреді?
 Тік төртбұрыштың периметрі 20 дм 12 см.Оның бір қабырғасы 2 дм 3 см болса, екінші қабырғасының ұзындығын тап.


16-тапсырма
 Спортшы 480 см ұзындыққа секірді.Ал оның секіру биіктігі бұдан 4 есе кем болды.Спортшының ұзындық- қа секіру қашықтығы оның секіру биіктігінен қанша ар-тық?
 Шешесі 39 жаста, қызы 5 жаста.Неше жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе артық бола- ды?
17-тапсырма
1.Жайық өзенінің ұзындығы 2530 км, ал Днепр өзені- нің ұзындығы одан 250 км қысқа.Днепр өзенінің ұзын -дығы қанша?
2.Секундпен өрнекте:
4 сағ 15 мин 3с; 5 сағ; 9сағ 15 мин 4с;


18-тапсырма
1.Бірдей 25 кітап 3 900 теңге тұрады. 12 кітап үшін қанша теңге төлеу керек болады?
2. Тиісті сан мен амал таңбасын тауып жаз.
70 =69 (қалд. 30)
5 03 800 600 = 839 (қалд. )


19-тапсырма
 1.Көк киттің массасы 150 т, ал Африка пілі одан 20 есе жеңіл.Африка пілінің массасын тап.
2.Теңдеулерді шеш.
Х · 295 = 887 065 342 · Х = 701 100


20-тапсырма
 255 х+ 640 өрнегі бойынша шығарылатындай есеп құрастыр. Х = 14 метр деп алып, есепті шығар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет