Атаулы күндер



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.54 Mb.
#9693
1   2   3

Әдебиеттер

Жаны мен жады халықтың: Душа и память народа // Шығыс Қазақстан мәдениеті.-Өскемен, 2003.

Литература Восточного Казахстана. История и современность: Учебное пособие.-Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ им. С.Аманжолова, 2004.- Вып.1.- 236 с.

24 сәуір Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 75 жыл (1936)
1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай аулында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алтайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958-1962 жж. аралығындағы Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен казақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ- дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. "Қазақ әдебиеті" газетінде (1965-1967), "Жазушы баспасында (1967-1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976-1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы "Шыңжан газетінде" алғашқы өлеңдері жарық көрді, "Жамал" атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы "Шұғыла" журналында басылды.

Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы "Жас дәурен" деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. "Қаздар қайтып барады" атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, "Көкейкесті" романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар,

он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын "Соңғы көш" (1974-1981), "Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. "Соңғы көш" дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, "Тағдыр" романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

Қос томды "Дарабоз" (1996) романы тарихи тақырыпқа, "Саржайлау", "Сәйгүліктер", "Бір қаланың тұрғындары", "Бір түп тораңғы" атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, "Қылкөпір" романы (2003) мен соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан. Жазушы "Таңғажайып дүние" атты ғұмырнамалық романында (1999) өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді. "Көкейкесті", "Соңғы көш", "Атамекен" романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, "Соңғы көш" романы түрік тілінде жарық көрді. Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты. Негізгі еңбектері 2003-2004 жж. "Қазығұрт" баспасынан шыққан "Он екі томдық" шығармалар жинағына топтастырылған.

Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1998 жылы "Қазақстанның Халық жазушысы" деген атақ берілді. Тарбағатай және Үржар аудандарының құрметті азаматы.


Әдебиеттер

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі баспасы, 2004-392 бет.

Әріпбай, Б. Көпті адастырма, Қабдеш! // Қазақ батырлары. - 2001. - №4. - Б.10-11.

Елеукенов, Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде (1991-2001 жылдар) : Әдебиет - ардың ісі // Ақиқат. - 2003. - N10. - Б.37-46; N11. - Б.46-53; N12. - Б. 54-63.

Елеукенов, Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде (1991-2001 жылдар) : Әдебиет - ардың ісі // Ақиқат. - 2004. - N1. - Б.42-47; N2. - Б. 56-62; N3. - Б. 61-67; N4.- Б.54-59.

Тараков, Ә. Абылай және елшілік мәдениеті //Ақиқат. - 2004. - N4. - Б. 65-67.



30 сәуір ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалиновтың туғанына 65 жыл (1941)
1941 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Аягөз қаласында туған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген. Енбек жолын Семей облысы, Абай аудандық "Социалистік мал шаруашылығы газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. Кейін Аягөз аудандық комсомол комитетінде, Қазақ радиосы мен телевидениесінде редактор, аға редактор, күнделікті хабар бағдарламасының Бас редакторы болып істеген. 1969-1984 жж. Қазак телевидениесінің Бас редактор, 1984-1986 жж. Қазақстан Орталық Комитетінде нұсқаушы, көркем әдебиеті секторының меңгерушісі, 1986-1993 жж. "Өнер баспасында директор, 1993-1995 жж. Қазақстан Республикасы Тіл комитетінің төрағасы, 1995-1997 жж. Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары, 1997-1998 жж. Білім және мәдениет министрлігінің Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры, 1998-2000 жж. Авторлық құқық жөніндегі агенттіктің төрағасы, 2000-2001 жж. ҚР Әділет министрлігінің Авторлық құқық жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2001 жылдан бері ҚР Әділет министрлігінің алқа мүшесі, Құқықтық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және көпшілікпен байланыс департаментінің директоры. Республикалық терминология және ономастикалық комиссия төрағасының бірінші орынбасары (1993-1997), Қазақстан Үкіметі жанындағы мемлекетгік сыйлық беру комиссиясының (1986-1998), Қазақстан Халықтары Ассамблеясы кеңесінің (1994-1998), Қазақстан Президенті жанындағы ұлттық саясат жөніндегі комиссияның (1993-1998) мүшесі болды. Халықаралық телевизия және радио академиясының (ІАТК) академигі (2003), Өнертану саласының профессоры (2003).

"Сұхбат", "Халық қазынасы", "Шұғыла", "Қымызхана", "Кездесу", "Айтыс" хабарларын алғаш ұйымдастырып сценарийлерін жазған, эфирде жүргізген; үш жүзге жуық әдеби сценарийлер мен қырық шақты ғылыми-зерттеу мақалалардың авторы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2001), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет кызметкері (1981), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Абай атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты (1995),

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын Барыс" белгісімен марапатталған (2001).


Әдебиеттер

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004.-392 б.

Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. - Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты, 1999.-750 б.

Қирабаев С. Телесынның Сұлтаны: Сұлтан Оразалинов 60 // Қазақ әдебиеті.-2001.-27 сәуір.- Б.7.


Мамыр

1 мамыр Жазушы Кәдірбек Сегізбайдың туғанына 70 жыл (1941)

1941 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Жарсу ауылында дүниеге келген.

1960 жылы Зайсан қаласындағы қазақ, орта мектебін бітірген соң, ұжымшарда екі жыл жұмыс істеп, 1962 жылы Қазақ, мемлекеттік университеті журналистика факультетіне оқуға түседі. 1967 жылдан бастап баспасөз саласында: "Лениншіл жас' ("Жас Алаш") газеті, "Білім және еңбек" ("Зерде" журналы, "Жалын" альманахы редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып істеді, баспагерлік саласында ("Жалын" баспасы, "Қазақ энциклопедиясы", "Санат", "Атамұра" баспаларында) Бас редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, Бас редактор баспа директоры қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі республикалық баспасөзде 1968 жылы жарық көрді.

"Жап-жасыл әлем" повесі жастар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық конкурсында 1981 жылы бірінші жүлдеге ие болса, "Біз қалада тұрамыз" жинағы үшін оған 1984 жылы Казақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы берілді.

А.Лихановтың "Менің генералым" романын, словак жазушысы М.Дрючкованың "Ақ ханша" ертегілерін, поляк ғалымы Б.Залескийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабын аударған.
Әдебиеттер

Арасан: Повесть // Таң шолпан. - 2002. - N6.- Б. 7-60.

Ашылмаған сыр: Әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1972.

Беласқан: Роман, повестер. - Алматы: Атамұра, 2001.

Жол: Роман, повесть. - Алматы: Жалын, 1986.

Жылдың ең қысқа күндері: Повестер мен әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1978.

Қойнаудағы ауыл: Повестер мен әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1975.

Өртеңге өскен гүл. Вьетнам сапарнамасы. - Алматы: Қазақстан, 1976.

Люди дальных дорог (орыс тілінде). - Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1981.

Этот зеленый, зеленый мир: Повести и рассказы.- Алматы: Жазушы, 1984.


Өмірі мен шығармашылығы

Әбдірайымұлы С. Ұялмас күн кешіп, ұялтпас іс тындырған: Кәдірбек Сегізбай - 60

// Қазақ әдебиеті. - 2001. - 27 сәуір.- Б.9.

Алтай А. "Кержақ апа" мен Кәдірбек мырза: С.Кәдірбек - 60 //Қазақ әдебиеті.-2001 .-27 сәуір. - Б.9.

Қазаққа қандай әдебиет керек // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 25 сәуір.

Қасым, А. Зайсаныммен қауышқан сайын жаным жайсаң тартады // Дидар. - 2009. -

14 желтоқсан.

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004- 392 б.

Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. - Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты, 1999. - 750 б.

Сегізбаев, К. Ең ұлы міндет // Парасат. - Алматы, 2001.- N6.- Б.16-18.

Сегізбай, К. Күн еңкейгенде: Әңгіме // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 27 сәуір. - Б.6.

Ысқақова С. Еркекті сыйлаған әйелді ел де сыйлайды // Жас алаш.- Алматы, 2002.-

19 қазан.- Б.6.
1 мамыр Кинорежиссер Ораз Әбішевтің туғанына 95 жыл (1916)
Кинорежиссер, Қаз КСР-нің халық әртісі Әбішев Ораз Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қайнар ауылында 1916 жылы 1 мамырда дүниеге келген. 1938 жылы Алматыда Қазақ музыка театры (қазіргі Қазақтың мемл. академиялық опера және балеті театры) жанындағы мектепті бітірген соң, театр құрамында әнші болды. 1939 жылдан кино өнерімен айналысады. 1944 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында режиссер болып көптеген хроникалы-деректі, ғылыми-көпшілік фильмдерін түсірді. Олардың қатарында "Кеншілер қаласы","Дина Нүрпейісова" (екеуі де 1945), "Шалғай жайылымдарда" (1950), "Шалғай жайылымдарда" (1950), "Абай" (1953), "Сәлем саған Москва!" (1958), "Денсаулық аралы" (1961), "Апа", "Ашылған алақанның құпиясы", "Тастағы таңба" (бәрі де 1968), "Бір хаттың ізімен" (1971), "Тарихпен тілдесу" (1972), "Мәукен даласы" (1976), "Талғаттың зеңгір аспаны" (1979), "Ертегішілер" (1983) т.б. фильмдер бар. Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), "Арман аралы", "Кеншілер әулеті", "Мұқан Төлебаев", "Желден жүйрік" деректі фильмдері үшін Қазан Революциясы және 2 рет "Құрмет Белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер

Қазақ өнері: Энциклопедия. Алматы: Қазақстан даму институты, 2002. - 800 б.

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004.-392 б.
5 мамыр Жазушы Қайыммұнар Табеевтің туғанына 55 жыл /1956/
1956 жылы 5 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы, "Шолпан" кеңшарында дүниеге келген.

1981 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетінің аспирантурасын социолог-заңгер мамандығы бойынша бітірген. Шығармашылық жолын 1981 жылы республикалық "Қазақстан пионері" газетінен бастап, "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті, "Егемен Қазақстан" газеттерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды. 1994-1996 жж. Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің кеңесшісі, 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің бас маманы, қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімі аппараты Тіл басқармасының бас маманы. "Шырқа керней" ("Жалын", 1983), "Ар өлшемі" ("Жалын", 1984), "Қатарда жүр қарт солдат" ("Қайнар", 1985), "Халық қалаулылары" ("Қайнар", 1987), "Байғазы" ("Жалын", 1989), "Алматы. Желтоқсан - 86" ("Шабыт", 1991) жинақтарында деректі әңгімелері жарияланды. "XX ғасырдың обасы" ("Қазақстан", 1989), "Үш күннің дерекнамасы" ("Дәуір", "Науан хазірет" баспалары, 1993), "Қайсар рухты қазақ" ("Атамұра", 1994) атты кітаптары жарық көрді.

1990 жылы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді. Республикалық баспасөз конкурстарының бірнеше дүркін жүлдегері. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жас зерттеушілерге арналған және "Парасат", "Қазақстан әйелдері", "Денсаулық" журналдары, "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті" газеттері ұйымдастырған тарихи тақырыптық конкурстардың жеңімпазы.
16 мамыр Жазушы Михаил Немцовтын туғанына 55 жыл /1956/
1956 жылы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қаласында туған. Мектептің 8 сыныбын бітірген соң, Лениногорск кен-металлургия техникумына түскен. Әскер қатарында әскери тілші болған. 1979 жыл Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтына түскен.

Лениногорскіде өндіріс орындарында жұмыс істеген. "Родство", " Голоса Беловодья", "...А все остальное слова!" өлең жинақтары жарық көрген.


Әдебиеттер

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004. -

392 б.
Маусым

3 маусым (19 қыркүйек) Жазушы Семен Анисимовтың туғанына 100 жыл (1911-1970)
Шығыс Қазақстан облысындағы Предгорное селосында туған. Өскемен, Семей педагогикалық техникумында, Ленинград Журналистика институтында оқыған.

1931-1933 жж. Семей облыстық "Прииртышская» ауыл шаруашылығы бөлімінде мал шаруашылығы секторын басқарады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шығармашылығын өлеңмен бастаған ол прозада да қалам тартты. Отызыншы жылдардан бастап оның әңгімелері баспасөз беттерінде жарияланды.

1968 жылы "Жазушы" баспасынан "Тайна Паралона Крутихина" атты повесі мен әңгімелері жинағы жарыққа шықты. Қызыл Жұлдыз орденімен және бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер

Прииртышье: Стихи, 1954.

Родничок: Стихи, 1956.

Современник: Поэма, стихи, 1962.

Тайна Паралона Крушихина: Повесть. - Алматы, Жазушы, 1968.

Сентябрь: Стихи. - Алматы, Жазушы, 1980.



4 маусым

Жазушы Александр Мелентьевич Волковтың туғанына 120 жыл (1891-1977)
Жазушы А.М.Волков 1891 жылы 14 маусымда Өскемен қаласында туған. 1907 жылы Томскідегі мұғалімдер институтына түсіп, оны бітірген соң Колываньда, Ярославльде мұғалім болып қызмет істеді. Ол 1912-1926 жылдары осында физика мен математика пәндерінен сабақ берген. 1929 жылы А.М.Волков Москва мемлекеттік университетінің математика бөліміне түсіп, оны мерзімінен бұрын бітіріп шықты. Ол көп жыл Москваның Калинин атындағы алтын және түсті металдар институтында жоғарғы математикадан лекция оқыды. Елу жылға жуық ұстаздық қызметінде бірнеше ғылым қайраткерлерін даярлап шығарды. Дегенмен де әдебиет сүйер қауым оны көрнекті жазушы ретінде жақсы біледі. А.М.Волков әдебиеттегі алғашқы қадамын Өскеменде жасады. Ол балаларға арнап жиырмадан аса кітап жазған. Балалық шағында көрген естен кетпес естеліктері кейіннен "Ғажайып шар", "Ағайынды екі жігіт", "Сәулетшілер", "Царьград тұтқыны" шығармаларын жазуға септігін тигізді. Сонымен бірге "Алпыс жыл. Өткендегі мен қазіргі туралы повесть" атты қолжазбасында да көрініс тапты. "Ғажайып шар" романы орыстың тұңғыш ауада ұшатын ұшқышы туралы жазылған шығарма. Бұл А.С.Макаренконың қолдауымен 1940 жылы тұңғыш рет жарық көрді. Шығарманы жазуға автордың көне шежіреден тауып алған шағын әңгімесі себепші бодды. Әңгіме негізінде бірінші ауа шары, оны жасаған орыс адамы туралы жазу мүмкін емес еді. А.М.Волков орыс ғалымы Дмитрий Ракитинді аэростатты ойлап табушы және оны М.В.Ломоносовтың шәкірті етіп көрсетеді. "Ағайынды екі жігіт" романы 1950 жылы жазылды. Кейін кітап орыс, румын, поляк, қытай тіддерінде басылып шықты.

Жазушының "Лағылтас қаласының сиқыршысы", "Урфин Джюс астындағы жеті король", "Маррандардың отты құдайы", "Сары тұман және иесіз қалған замоктың құпиясы" ертегі-повестерінің жазылу тарихы да қызық.

Бірде сонау отызыншы жылдары ағылшын тілінен аударма жасаумен айналысып жүріп, Александр Мелентьевич Фрэнк Баумның "Өз елінен келген данышпансымақ" ертегісіне сүйсіне қызығады. Ертегі өзінің кейіпкерлерінің даралығымен, таңқаларлық тағдырымен Волковты қызықтыра тартады. Ф.Баум бәрін де жақсы ойластырған. Бірақ ертегідегі оқиғалар кездейсоқ дамиды, кейіпкерлерінің іс әрекетін байланыстыратын біртұтас жүйе жоқ. Олардың әрқайсысы тек өзі үшін әрекет етеді. Енді А.М.Волков ертегіге Виллиннің болжауын енгізеді. Сөйтіп бәрі де өз орнына келіп, ертегі логикасы қабысып, өз жөнін табады. Сөйтіп А.Волков Ф.Баумның ертегісіндегі көп нәрсені өзгертті. Сюжетін дамытып, Тотошканың аузына сөз салып сайратады. Сиқырлы елде, тек құстар мен аңдар ғана емес, мұнда темір мен сабандардан жасалған адамдарға да тіл бітеді. А.М.Волков ертегілік повесіне "Лағылтас қаласының сиқыршысы" деп жаңа ат қойды. Бұдан соң оны С.Я.Маршактың қарауына жібереді. Ол авторға жазған хатында: "Сіз оқырманды білесіз, қарапайым жазасыз. Сізде юмор бар",- дейді.

С.Я.Маршактың ақыл кеңесімен "Лағылтас қаласының сиқыршысы" ертегілік повесі 1939 жылы жарық көріп, тез арада тарап кетті.

Біздің жерлес жазушымыз бұдан басқа да "Жер және аспан", "Үшінші мың жылға хат", "Өткелдегі елдегі екі достың бастан кешкендері" сияқты кітаптар жазды. Жазушының бұл туындыларын балалар ғана емес, үлкендердің өзі де қызыға оқыды.

Александр Мелентьевичтің шығармалары сүйікті халқына, оның өткеніне, туған еліне деген ыстық махаббатқа толы. Ертегі повестерінің оқиғалары қызғылықты, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор. Адалдық пен арлылыққа тәрбиелейді.

Александр Мелентьевич драматург ретінде де жақсы таныс. Оның "Лағылтас қаласының сиқыршысы", "Урфин Джюс және оның ағаш солдаттары", "Жер астындағы жеті король" және басқа да шығармалары бұрынғы Кеңестер Одағының көптеген қалаларындағы қуыршақ театрларында қойылды. Олар шетел сахналарында қойылып, лайықты бағасын алған. А.М.Волков 1977 жылы 3 шілдеде дүние салды. Бүгінде оның соңында асыл мұрасы-кітаптары қалды.
Әдебиеттер

Жаны мен жады халықтың: Душа и память народа // Шығыс Қазақстан мәдениеті.-Өскемен, 2003.


30 маусым Жазушы Кеңес Юсуптың туғанына 70 жыл (1941)
1941 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданындағы Баймұр ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін 1958 жылы бітіргеннен кейін, Семейдегі өзеншілер училищесін тамамдап, Жоғарғы Ертіс кеме шаруашылығында еңбек етеді. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, "Социалистік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы," Қазақстан коммунисі" журналының бөлім меңгерушісі, "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі болып істейді. Мемлекеттік басқару органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазір Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.

"Жалын" баспасынан "Ақиқат сапар" (1977), "Қарашадағы көктем" (1981), "Охапка полевых цветов" (1983) повестері мен әңгімелерінің жинақтары. "Желқайық" кітабы ("Елорда", 2000) шықты. Сонымен қатар оның терминология, қазақ тілінде іс жүргізу мәселелеріне арналған "Құжат тілі" кітабы 2001 жылы Павлодар облыстық "Алтын тіл" бағдарламасының аясында жарық көріп, "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық бәйгенің екінші жүлдесін алды. Сондай-ақ "Қазақстан" және "Атамұра" баспаларынан "Анықтама сөздігі" (1992), "Екі тілде іс жүргізу" (1994) кітаптары жарық көрді.

Г.Г.Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романын (1983), жас болгар жазушыларының повестері мен әңгімелерінің жинағын ("Гүлжазира", 1987) аударып бастырды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері (2000).


Әдебиеттер

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі баспасы. - 2004

-392 б.
20 шілде Жазушы Ахмет Жүнісовтың туғанына 85 жыл /1926-1998/

20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Қызылтас ауылында туған. ҚХР-дың Үрімші қаласында педагогикалық институтты бітірген. Үрімші қаласында шығатын "Шұғыла "журналының редакторы болған. 1961 жылдан Семейдің Ақсуат селосындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген.

1995 жылдан өмірінің соңына дейін "Ана тілі" газетінде жұмыс істеді.
1. Жанасыл: Әңгімелер мен повестер. - Алматы: Жазушы, 1964.

2. Өмір іздері: Әңгімелер мен повестер. - Алматы: Жазушы, 1971.

3. Аласапыран кез: Әңгімелер мен повестер. - Алматы: Жазушы, 1978.

4. Акжелең: Әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1987.

5. Екі ошақтың түтіні: Повестер мен әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1998.

6. Пәниден бақиға дейін. Әдет-ғұрып әліппесі.- Алматы: Жазушы, 2001.




15 тамыз Жазушы Тұрсын Жұртбайдың туғанына 60 жыл /1951/
1951 жылы 15 тамыз күні Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Абай ауданының Шаған ауылында туған.

1974 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1974-1976 жж. Алматы облыстық "Жетісу" газетінде, 1976-1980 жж. "Білім және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналында, 1980-1990 жж. "Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының М.Әуезов мұраларын зерттеу бөлімінің (мұражай-үйінің) аға ғылыми қызметкері (1990-1993), бөлім (мұражай) меңгерушісі (1993-1996), "М.Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығының директоры (1996-1998), Әдебиет және өнер иститутынын докторанты, аға ғылыми қызметкері (1998-2000), әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының аға оқытушысы, "Қазақ газеттері" ашық акционерлік қоғамының ғылыми кеңесші редакторы (2000-2001) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті жанындағы "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры.

"Замандасым, сырласым" (публицистика, 1976), "Қоңыр қаз" (1978), "Жүрегімде - жұмыр жер" (1980) атты жыр жинақтарының, "Бесқарагер" (повестер, 1982). "Дара тұлға" (деректі хикаят, 1984), "Жер - бесік" (роман-новелла, 1985), "Бабочка под снегом" (1992, орыс тілінде), "Бейуақ" (19901, "Дулыға" (1-2-кітап, 1994), "Кетбұға" (1996), "Бесігіңді түзе!", "Талқы" (1997), "Мухтар Омарханович Ауэзов" (1997), "Күйесің жүрек...сүйесің!" (2001), "Бесігіңді аяла!.." (2003) атты шығармалардың авторы.

"Бейуақ" монографиясының негізінде кандидаттық (1992), "Бесігіңді түзе" зерттеу кітабы негізінде докторлық (2000) диссертация қорғады. Көркем шығармалары әлемнің 15 тіліне, ал ғылыми еңбектері ЮНЕСКО-ның ресми тілдеріне аударылған. Қазақстан Жазушылар одағының Ш.Құдайбердіұлы атындағы "Алаш" және І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты.

Пәкістан Республикасының (1996), ЮНЕСКО-ның (1997) Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген ерекше еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.

26 қыркүйек Өлкетанушы, ғалым Евгений Петрович Михаэлистің туғанына 170 жыл /1841-1913/
Өлкетанушы, ғалым. 1841 жылы 26 қыркүйекте Петербург қаласында туған. Саяси жер аударылған Орыстың революцияшыл демократы, Абайдың досы, Екінші Петербург гимназиясынан және Александр лицейінен білім алған. Петербург университетінің физика-математика факультетінің жаратылыстану бөлімінде оқыды.

Университет студенттерінің қозғалысын басқарғаны үшін тұтқынға алынып, Семейге жер аударылған. Семей өңірінде Абаймен достасып, оны Россияның ішкі өмірімен, орыс әдебиетінің озат ойлы өкілдерінің шығармаларымен таныстырды. Семей статистикалық комитетін ұйымдастырып, өлкелік музей мен кітапхана аштырды. 1878 жылы полиция бақылауынан босап, 1882 жылы Өскемен қаласына ауысты.

Ол жергілікті қазба байлық, ауа райы, гидрогеологиялық зерттеулермен шұғылданды.

Михаэлис жүргізген ғылыми зерттеулер жоғары бағаланып, Россия Географиялық Қоғамының медалімен наградталды. Қаланы көркейту жұмыстарына қатысты.

1995 жылдан бастап Юбилейная көшесі Е.П.Михаэлистің есімімен аталады.
Әдебиеттер

Әділбекқызы, Ж. Семей орыс географиялық қоғамы және қазақ зиялылары //Абай. - 2004. - №1. - Б. 61-64.



Қайырбекұлы, А. Кемеңгердің үш көкжиегі // Абай. - 2008 .- №1. - Б.14-23.

7 қазан Актер, әнші Досхан Жолжақсыновтың туғанына 60 жыл /1951/
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылында туған. Қазақстанның халық әртісі (1955), Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Алматы консерваториясын бітірген. 1971 жылдан қазіргі балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды. Театр мен кинода 200-ден астам бейнелер сомдады. Театрда ойнаған ролдері арасында Ақан, Сәмет (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында», «Қазақ солдаты» романы бойынша), Глумов (А.Н.Островскийдің «Адам аласы ішінде»), Қазақстан мемлекеттік сыйлығы (1996); Түркі тілдес халықтар театры байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998 т.б. бар. Актер халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлар әндерін шебер орындаушы ретінде де кеңінен танымал. Ұлттық кино өнерінің дамуына кең үлес қосты. Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1982).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет