Аты-жөні: күні 3-тоқсан. «Қиял мен шындық»



Дата16.03.2024
өлшемі43.5 Kb.
#495828
бжб 5 каз яз




Аты-жөні:_____________________________________ күні____________


3-тоқсан. «Қиял мен шындық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 5.3.6.1 -мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау;
5.4.2.2 - зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы

  • орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзетеді және редакциялайды;

  • зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну. Қолдану


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орфографиялық нормаға сай жазыңыз. (2 ұпай)


Керқұла атты Кендебай

...Ертеңіне таңсәріден хан екі баласын шақырып алып, не көргемдерін сұрады. Балалары тұрып:


– Бие қүлұндаған да жоқ, еш нәрсе болған да жоқ, – деп жауап береді.
Хан тағы да таңгалып отырғанда, Кендебай есіктен кіріп келіп:
– Дат, тақсыр! – дейді.
– Датың болса, айт! – дейді хан ақырып.
Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірүк. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі бала ұйықтап қалды. Таң алдында бие бір алтын құйрықты, құндұз жұнді құлын туды. Аспаннан бір бұлт түйүліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді. Мен құйрықтан шап беріп ұстай алдым. Бұлтпен араласқан үлкен құс құлынды алып кетті де, құйрқ менің қолымда қала берді, – дегенде, сөздің аяғын күтпей:
– Құйрық қайда? – деді хан.
– Тақсыр, сабыр ет. Мен алтын құйрықты пайда қылғым келсе, сізге айтпаймын ғой, міне, құйрық, – деп, Кендебай құйрықты қойнынан суырып алғанда, үйдің іші жап-жарық болып кетеді. Ханның балалары ұйалып жерге қарайды...
Дала фольклорының антологиясынан



  1. тапсырма. Оқылым мәтінінен зат есімдердің түрін ажыратып жаз. (4 ұпай)

Деректі зат есім: хан,__________________________________________________________________


____________________________________________________________________________________
Дерексіз зат есім:_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________

  1. тапсырма. Сөйлемдерден ілік, барыс және табыс септік жалғауларымен келген сөздерді теріп жазып, талдау жаса. (4 ұпай)

Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып… 
Жарға жетер ентелеп... (М.Ж.)

Кірпігін де сирек қағады. (М.Ә.)


Омар Есіл өзенінің жағалауынан сауысқанның балапанын тауып алды. Ол балапанды үйге алып келді. Балапанға нанның үгіндісін берді. (С.М.)




Үлгі: толқынға – б.с. (барыс септігіндегі) жалпы, дерексіз, дара, негізгі зат есім.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзетеді және редакциялайды;

2

зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

  • Оқылым мәтінен деректі, дерексіз зат есімдерді табады.




  • Сөйлемдерден ілік, барыс, табыс септік жалғауларымен келген зат есімдерді табады

  • Зат есімдерді тұлғасына қарай түрлерін ажыратады

  • Зат есімдерді құрамына қарай ажыратады

  • Зат есімдерді мағынасы қарай ажыратады

2
2
1

1


1
1

Барлығы






10




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет