Ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық



бет3/3
Дата27.05.2023
өлшемі2 Mb.
#474339
1   2   3
Өсімдіктер

Жүзгін туысы,қандым ( Calligonum)

Жүзгін, жүзген, дүзген, қандым (лат. Calligonum) – тарандар тұқымдасына жататын ағаш не тармақталған бұталар.
Солтүстік Африка, Азия және Еуропада кездесетін 80-ге жуық түрі белгілі. Биіктігі 40 см-ден 7 м-ге дейін болады. Жапырағы өте ұсақ, ұзынша ине тәрізді. Гүлі қос жынысты, ақ не қызғылт түсті, хош иісті. Жемісі – қатты қабықты ұсақ жаңғақша. Жүзгіннің негізгі тамырының ұзындығы 1,5 – 2 м, ал көлбей өскен тамырының ұзындығы 12 – 20 м. Жүзгін тұқымынан, атпа тамырларынан өсе береді. Топырақ талғамайды, қуаңшылыққа төзімді; құмда, тасты жерде де өседі. Жүзгіннің 80-ге жуық түрі бар. Қазақстанның шөл, шөлейтті далаларында 30-ға жуық түрі кездеседі. Қызыл жүзгін (Callіgonum aphyllum), елек жүзгін (Callіgonum jucnceum), тікенді жүзгін (Callіgonum cetosum) кең таралған. Жүзгіннің отындық, жемшөптік маңызы бар, сусымалы құм мен қарды тоқтату үшін де өсіріледі. Жас бұтағы мен жемісін түйе, қой мен ешкі сүйсініп жейді.

Жазықтық өсімдіктері
«Сазды шөлейт ландшафты, жусанды көкпекті кешені «Artiplex cana»



Сазды шөлдер. Бетпақдала мен Үстірттің аумағында орналасқан. Бұларда топырақ қабаты қалыптаспаған. Сазды, тақыр жерлер кейде құмды массивтер арасында да кездеседі. Жауын-шашынды мезгілдерде тақырлар беті батпаққа айналады, ал құрғақ кезеңдерде көпжақты жарықшалармен тілімделеді. Тақыр жерлер – шөлдердегі тіршілік дамымаған аумақтар болып саналады.Сонымен қатар, аймақтық типке жатады,су айрықты жерлерді қамтиды.Сазды жазықтықтың солтүстік бөлігіне тән жусан қауымдастығы бар.Сазды жазықтықтың орталық және оңтүстік бөлігінде жусанды-сораңды топтар таралған.Жусанды –көкпекті кешен (көкпек- «Artiplex cana») ең тұзды жерлерде өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет