Атырау облысы білім беру басқармасы



бет20/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
акушер умк

Аборттың алдын алу үшін, бірнеше бағытта жүргізілетін үлкен жұмыс атқарылуы керек. Атап айтқанда: буаз малдың күтімін аса ұқыпты, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын кісілерге сеніп тапсыру керек; буаз малдың суы таза, жем-шөбі құнарлы, жоғары сапалы болуы керек; тұртын жері құғақ, таза, жарық болғаны дұрыс, күнделікті серуенге шығарып, қорадан шығарда және айдап кірерде бірін - бірі сүзбей, сығылыспай, сүрініп құламайтындай жағдай жасау керек.
Буаздық кезіндегі аурулар және сол аурулардың себептері туу актінің өтуіне зиянды әсер етуі мүмкін. Одан басқа жыныс органдары мен жамбас сүйектерінің анатомиялық-топографиялық ерекшеліктері, төлдің дамып жетілу ерекшеліктері, жүйке және эндокринді жүйелері қызметінің нашарлауы да малдың қиналып тууына, өздігінен туа алмауына себеп болады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Аборт дегеніміз не?

  2. Мезгіліне қарай аборт қалай бөлінеді?

  3. Клиникалық көрінуіне қарай аборт қалай бөлінеді?

  4. Себептеріне қарай аборт қалай бөлінеді?

  5. Ақырғы нәтижесіне қарай аборт қалай бөлінеді?

  6. Аборт болған малды емдеу тәсілі?

  7. Аборттың алдын алу үшін не істеу керек?

1.9. Төлдің өліп кеуіп қалуы

  1. Төлдің мумификациялануы

  2. Төлдің мацерациялануы

  3. Төлдің іріп – шіруі



Төлдің мумификациялануы деп төлдің кеуіп, қатып қалуын айтады. Шошқаның дұрыс дамып, жетілген төлдерінің арасында кеуіп қалған төл кездеседі. Төл өлгеннен кейін шарана суы, төлдің денесіндегі сулар, біртіндеп сіңіп жоқ болады да; төлдің денесі кішірейіп, сығымдалып, тас болып қатып қалады. Сырттай қарағанда буаздықтың біз күткендей белгілері байқалмайды. Тік ішекке қол салып қарағанда жатырдың ішінде қозғалмай жұмырланған қатты денені сеземіз. Мумификацияланған төл жатыр ішінде жылдар бойы жата беруі мүмкін. Мал күйлемейді, күйлеген күннің өзінде еш уақытта тоқтамайды, буаз болмайды. Мұндай малды жарамсыздыққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет