Атырау облысы білім беру басқармасы


Жас төлдердің, аналық және аталық асылтұқымды мал ауруларының алдын алудағы қолдан ұрықтандырудың маңызы



бет2/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
акушер умк

1.2. Жас төлдердің, аналық және аталық асылтұқымды мал ауруларының алдын алудағы қолдан ұрықтандырудың маңызы.



  1. Табиғи жолмен ұрықтандыру тәсілі.

  2. Қолдан (жасанды )ұрықтандыру тәсілі.

Аналық бастан неғұрлым көбірек төл алып, оны тиімді пайдалану мал қашыруды дұрыс ұйымдастыруға байланысты, әсіресе, күйлеген малды дер кезінде ұрықтандырудың маңызы зор. Малды ұрықтандыру табиғи жолмен және жасанды түрде жүргізіледі.
Табиғи жолмен ұрықтандыру тәсілі : еркін жүріп ұрықтандыру және ұстап тұрып қолмен ұрықтандыру . Осы екінші әдіс дұрыс деп саналады .Себебі , мұнда әрбір аталық малға бекітілген ұрғашы малды тексеріп , соған лайықтысын таңдап алуға болады ,малдың денсаулығы тексеруден өтеді , қашыратын малдың санын реттеп отырады ; яғни есеп қисап жұмысын қатаң сақтауға болады . Жылына бір бұқамен 60-100 сиыр . Бір қошқармен 60 саулық , 1 қабанмен 20 мегежін , бір айғырмен 40-50 биені қашыруға болады . Күйлеген малды алып келіп станокқа қойып немесе бас жібінен ұстап тұрып қашырады : содан кейін алып кетеді . Тек оның күйлеген мезгілін дұрыс таба білу керек .
Ал енді малды еркін қашыру кезінде аталық мал табында , отарда , үйірде үнемі бірге жүреді . Күйлеген малды шет қалдырмай өзі іздеп тауып алады , күйі қайтқанша қашыра береді. Малдың қысыр қалмауына толық мүмкіндік бар . Бірақ қашқан малдың есебін жүргізу , мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізу қиын . Бір аталық малға бекітілген ұрғашы малдың саны әлде қайда аз , 30-40 бастан аспайды . Аталық малға жыныстық жүктеме жоғар болғандықтан ол әбден титықтап болдырады .
Бүгінгі таңда эканомикалық жағынан тиімді , болашағы мол деп малды жалпылама қолдан ұрықтандыруға көшкен . Бірақ оны әрбір фермер өзі шешед.і Қолдан ұрықтандыру кезінде аталық мал мен күйлеген малдың арасында жыныстық қатынас болмайды , ұрықты ұрғашы малдың жыныс жолдарына арнайы аспаптармен апарып салады . Қолдан ұрықтандыру жұмысын әр түлік малдың табиғи ұрықтану үрдісін ескере отырып , соған сәйкестендіріп жүргізеді.
Табиғи ұрықтандырылу түрлері , 1)Қынаптық ұрықтандырылу ; 2) Жатырлық ұрықтандырылу . Қынаптық ұрықтанатындарға күйіс малы , қоян жатады . Эякуляция кезінде шәует қынапқа түседі де содан кейін жатыр мойнына жылжып барады . Бұл топтағы малдың ерекшелігі : жыныстық қатынас өте қысқа , тез 1-2 секундте өтеді, эякулят көлемі аз . Қосымша жыныстық бездері нашар дамыған , олардың секреті аз болғандықтан спермийлердің қанықтылығы өте жоғары , эякуляция синхронды бөлінеді .
Жатырлық ұрықтанатындарға бие , мегежін , ит , мысық жатады . Эякуляция кезінде олардың шәуеті тікелей жатырға барып түседі , себебі жыныстық мүшенің басы жатыр мойнына барып тіреліп , оның төңірегінде шәует қынапқа төгілетіндей бос орын қалмайды . Бұл топтағы малдың жыныстық қатынасы ұзақ уақытқа : иттерде 6- 45 минутқа , шошқада 10-15 минутқа , айғырда 1-2 минутқа созылады . Эякуляттың көлемі үлкен : қабандыкі 1000 мл , айғырдікі -100-150 мл. Спермийлердің концентрациясы өте төмен 1мл, шәуетте 100-200 млн. Ғана болады . Спермийлер ұрғашы малдың жыныстық жүйесінде көп уақытқа шыдамайды , тіпті , биохимиялық құрамы да басқаша .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет