Тежелу сатысы: Шылым ағу және жыныстық қозу феномендерінің бәсеңдеп барып басылуымен сипатталады. Кеше ғана күндеп жүрген мал еркек малды теуіп-тістеп жолатпайды. Шылым ағу тоқтаған, жыныс органдарының кілегейлі қабатының қызарғаны басылып бозғылт тартқан, домбығып ісінгені де әлсіреген, жатыр мойыны жабық, қынаптағы кілегейлі қабатының эпителийі көшіп түсіп, астынан жаңа торшалар пайда болады. Мал тыныштанып, жем-шөпке тәбеті бұрынғы қалыпқа түседі. Сөйтіп, қозу сатысындағы байқалған эволюциялық үрдістер тоқтап, орнына инволюциялық үрдістер келеді.
Теңелу сатысы: Тежелу сатысыныңжалғасы болып табылады, бұл едәуір ұзақ уақытқа, жаңа циклдің басталуына дейін созылады. Малдың мінез-құлқына айтарлықтай өзгеріс болмайды, аталық малға қарамайды, болмаса, оған жоламай қашып жүреді. Ұрық безінде әртүрлі даму сатысындағы фолликулдер де, сары дене де байқала береді. Жатыр мойыны жабық. Бұл-тек сырттай қарағанда тыныштық. Ал жыныстық органдарда көзге көрінбейтін гистологиялық, биохимиялық өзгерістер, үрдістер жүріп жатады.
Әдетте, жыныстық цикл жаңа буаздыққа әкеліп соқтыруы керек, буаздық аяқталып мал төлдегеннен кейін қайтадан жаңа цикл басталады. Жыныстық циклдіңбасталуын, оның өту барысын, оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды білу, әр аналық малдан жыл сайын төл алып отыру үшін қажет.
Бақылау сұрақтары:
Жыныстық цикл сатыларын атаңыз?
Күйлеуді қалай анықтаймыз?
Овуляцияға сипаттама?
Тежелу сатысы қалай өтеді?
Теңелу сатысы қалай жүреді?
1.4. Аналық малдардың жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі
1. Аналық малдардың жыныс мүшелерінің анатомиясы
2. Аналық малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі
Достарыңызбен бөлісу: |