Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Мерей» балабақшасы



бет2/10
Дата21.09.2023
өлшемі183.25 Kb.
#478117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
fca1857f76dbddc4e3700d0a9aef6bcd

ІII. Ой сергіту:
Қажетті құралдар: сурет бейнеленеген және сұрақтар жазылған үлестірмелер.
Барысы: Барлық мұғалімдер 2 топқа бөлініп отырады. Әр бір топқа алдын ала дайындалған үлестірмелер таратылады. Бұл үлестірмелерде басқарудың әдісі бейнеленген сурет және тақырыпқа сай сұрақтар жазылған. Әрбір топ суретке қарап, берілген сұраққа жауап бере отырып, өз ойымен бөлісуге тиіс. Дайындыққа: 5 минут, әр бір топқа сөйлеуге: 5 минут уақыт беріледі.
ІV. «Құпия сөздер» топтық ойыны.
Қажетті құралдар: ақ қағаз.
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардың міндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әрбір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.
1) Не үшін өмір сүру керектігін білген адам, кез-келген жағдайға төтеп бере алады.
2) Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт – ол жанның күйі.
А) «Жарнама агенттігі» ойыны
Мақсаты: ойынмен өзара әрекеттесу арқылы мұғалімдердің ұжымын нығайту.
Міндеттері:
• Ойын тәжірибесін зерделеуге үйрету.
• Ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
• Өзінің әрекеті мен шешіміне жауапкершілікпен қарауға үйрету.
V. «Ұстаз тұлғасы» психологиялық тренинг, ым- ишара ойыны
Қажетті құралдар: үлестірмелер.
Уақыты: 15 минут
Барысы: Ортаға белгілі бір бейнедегі қимыл сипаттамасы жазылған (айталық: «ұстаз — лидер» т.с.с.) үлестірмелер бар үлкен қорап қойылады. Әр бір қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір үлестірмені алады. Мұғалім өз үлестірмесіндегі берілгенді ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған ойыншылар ол қандай әрекетті көрсетіп тұрғанын анықтаулары қажет.
VІ. «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш.
Барысы: Қатысушылар 2 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде … әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер.
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет