Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Мерей» балабақшасы


ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз



бет7/10
Дата21.09.2023
өлшемі183.25 Kb.
#478117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
fca1857f76dbddc4e3700d0a9aef6bcd

ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз.
Таңдаған түсін жазады.
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.
Әуенді терапия
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.
Уақыты: 7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
— Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
— Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
— Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
— Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
— Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
— Алма бағы …
— Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
— Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
— Дәмі керемет …
— Жеген сайын жегіңіз келеді …
— Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
— Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.
— Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
— Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …
— Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
— Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
— Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет