2. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау
Нысаналы индикатордың/
нәтиже көрсеткішінің атауы
|
Бірлесіп орындаушы орган
|
Өзара іс-қимылды талдау
|
1
|
2
|
3
|
3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
|
БжҒМ, БББ
|
«Балапан» бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстар жүруде.
|
Кәмелетке толмаған балаларға арналған орталықтардың жұмысын қамтамасыз ету
|
БҒМ, ІІД
|
2010 жылғы 18 қарашадағы №295 облыстық әкімдігінің қаулысы негізінде, кәмелетке толмаған балаларға арналған орталық ашылды.
|
Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі
|
Атырау қаласы, аудан әкімдіктері; Атырау облысы Сәулет және қала құрылыс басқармасы
|
Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін объекілерді түгендеудің және бейімдеудің әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілердің іс-шара жоспары жасақталып, іске асырылуда.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 2049 объект паспортталды,оның ішінде 1389 объект бейімдеуге жатады, бейімделгені 92 объект, бейімдеу жұмыстары 2016 жылы жалғасын табады.
2015 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 6 инватакси 987 мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетті.
|
1000 адамға шаққанда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің саны
|
Құрылыс басқармасы
|
2015 жылы тамыз айында облыс бойынша Атырау қаласының Нұрсая мөлтекауданында жаңадан спорттық кешен Геолог елді мекенінде жеке меншік теннис корты, Атырау қаласының Құлманов көшесінде фитнесс-центр, Құрманғазы ауданында жаңадан Панфилов атындағы орта мектебі құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Облыс бойынша 2015 жылға тапсырылады деп жоспарланған кейбір спорттық нысандардың іске қосылмауы, мысалы Құрманғазы ауданының Шортанбай, Байда елді мекендеріндегі спорт кешендері мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданғанымен, теңгерім ұстаушысы анықталмағандықтан қолданысқа берілмей, 1000 адамға шаққандағы дене шынықтыру мен сауықтыру кешендері санының орындалмай қалуына әсер етті.
|
3. Сыртқы әсерді талдау
|
Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері
|
Қабылданған шаралар
|
1
|
2
|
Жаңа құрылыстарыды салу арқылы мектепке дейінгі ұйымдарының желісін ұлғайту.
|
Жаңа балабақшаларда 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған мектепке дейінгі топтар ашылды.
|
Іске асырылатын жобалардың аяқталуына байланысты өндіріс көлемінің қысқаруы, әлемдік экономикалық дағдарыстың әсер етуі
|
Жұмыс көлемінің азаюына байланысты облыста 2015 жылы 36 мекемеден 643 адам жұмыстан қысқартылды. Жұмыстан босатылғандардың ішінен уәкілетті жұмыспен қамту органдарына 315 адам тіркеліп, әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.
Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі 2523 жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл 114,9 мың адамның жұмыс орнын сақтап қалуына ықпал етеді.
Қызметкерлерді жұмыстан қысқартпау мақсатында жұмыс берушілермен жұмыста қалдыру мүмкіндіктерін қарастыру немесе басқа жобаларға ауыстыру бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді.Нәтижесінде, жұмыс орындары сақталып, қысқартуға жоспарланған 3522 адамның 2879-ы жұмыс орындарында қалдырылды.
|
4. Қаржы қаражатын игеру
|
Қаржыландыру көзі
|
Жоспар, млн.теңге
|
Факт, млн.теңге
|
Пайдаланбаудың себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Республикалық бюджет
|
10964,9
|
9385,6
|
|
Жергілікті бюджет
|
33269,1
|
30034,5
|
|
Өз қаражаты есептерінен
|
7273,3
|
2081,5
|
|
Барлығы
|
51507,2
|
41501,6
|
|
5. Талдамалық жазба
Атырау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының Аумақтық даму бағдарламасы туралы» облыстың мәслихат сессиясының 2010 жылғы
3 желтоқсанда №374-IV шешімімен бекітілді.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың мақсатты индикаторлары біріктірілген. Бағдарламаның мақсатты индикаторлары мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланған мерзімнің аяқталуына қарай көздестірілген, бірқатар индикаторлар бойынша жыл қорытындысында аралық көрсеткіштер жоқ.
Тұтастай алғанда, Бағдарлама бойынша 20 мақсат, 44 нысаналы индикатор, 118 нәтижелер көрсеткіштері көздестірілген. Оның ішінде, 2015 жылдың қорытындысымен 25 (56,8%) нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 8 (18,2%) индикаторға қол жеткізілмеді, 10 (22,7%) индикатор бойынша статистикалық деректер шыққан жоқ, 1 (2,3%) нысаналы индикатор 2015 жылға жоспарланбаған. 118 тікелей нәтиже көрсеткішінің (ТНК) 50 (42,4%) көрсеткіші орындалды, 38 (32,2%) көрсеткіші орындалмады, 30 (25,4%) көрсеткіш бойынша статистикалық деректер жоқ.
Атырау облысы Экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ______________________ Абежан Нұрғайша Халидоллақызы
қолы
Достарыңызбен бөлісу: |