Атмосфера дегенiмiз


Агрометеорологияның негiзгi мақсаттары



бет3/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

2. Агрометеорологияның негiзгi мақсаттары
Ауа-райы және климаттық жағдайлардың ауылшаруашылығына тигiзетiн үлкен әсерiне байланысты агрометеорология ғылымының алдына мынандай негiзгi мақсаттар қойылады:
1. Ауылшаруашылық дақылдарының өнiп, өсуiне және өнiмдiлiгiне климат пен ауа-райының әсерiн бақылау;
2. Метеорологиялық элементтердiң және климаттық жағдайлардың географиялық аймақтарда қалыптасу заңдылығын зерттеу;
3. Жергiлiктi аймақта қолданылатын агротехникаларға ауа-райы және климат жағдайларының тиiмдi әсерiн бақылау (себi мерзiмi және тәсiлi, топырақ өңдеу және т.б.). Осы тәсiлдердi өзгерту арқылы топырақтың жылу және ылғал режимдерiн жақсарту;
4. Тыңайтқыштар енгiзу тиiмдiлiгiне ауа-райы және климат жағдайларының әсерiн бақылау (мөлшерi, мерзiмi, ауа-райына байланысты әр түрлi тыңайтқыштардың жиынтығы). Ауа-райының және климаттың өсiмдiк өнiмдiлiгiне тигiзетiн әсерiнен мына мысалдан байқауға болады. Картоп түйнектерiнiң өнiмдiлiгi тыңайтқыштарды әр түрлi топыраққа енгiзгеннiң әсерiнен 9 ц/га артты, ал бiрдей топырақта әр түрлi климаттық аймақта отырғызылған картоптың өнiмдiлiгi бiр гектарда 20 центнерге артты.
5. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерiнiң пайда болуына, көбеюiне ауа-райы және климат жағдайларының әсерiн зерттеу. Өсiмдiк зиянкестерi мен ауруларының зияндылығы мен көбеюiне ауа-райы тiкелей әсер етедi. Мысалы: Жылдың көктемi салқын және ылғалды болса, кейбiр зиянкестер мен аурулардың белсендiлiгi төмендейдi, ал көктем құрғақ және жылы болса – белсендiлiгi жоғары және қуыршақтары мен жұмыртқалардың тiршiлiк қабiлеттiлiгi жоғарлайды. Ауа-райы желдi болғанда зиянкестер өсiмдiктердiң iшкi қабатына тығылып өсу нүктесiн жояды.
6. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерi және ауруларымен күресу мерзiмi, қолданылған шаралардың тиiмдiлiгiне климаттық жағдайдың әсерiн бақылау. Ауылшаруашылық егiстiктердi зиянкестерге қарсы өңдеу кезiнде ауа-райы жағдайын есепке алу керек: температура, ауа ылғалдылығы, жел, жауын-шашын, әсiресе 1-2 м биiктiкте ұшақпен әр түрлi улы заттарды шашқан кезде желдiң жылдамдығы 2 м/с-тан аспау керек, тiкұшақпен шашқан кезде 3 м/с, ал трактормен бүрiккен кезде 4 м/с. Бүрку кезiнде өсiмдiктердегi шық өңделу тиiмдiлiгiн 2-3 есе жоғарылатады. Улы заттармен өңдеу ауа-райы құбылмалы кезiнде жүргiзiлмейдi себебi жауын-шашын химикаттарды өсiмдiктерден шайып кетедi.
7. Ауылшаруашылық дақылдарын агроклиматтық аудандастыру, яғни дақылдарды метеорологиялық элементтерге қажеттiлiктерiн ескере отырып оларды аймақтарға дұрыс бөлiп, орналастыру. Дақылдарды осындай дұрыс аудандастырылған жағдайда алатын өнiм ұлғая түседi.
8. Жылу және ылғалмен қамтамасыздандырылған жағдайда ауылшаруашылық дақылдарының әр түрлi өнiмi мен даму кезеңдерiн бағалау және болжау.
9. Үсiктер мен құрғақшылықты болжау және осындай қауiптi метеорологиялық жағдайлармен күресу тәсiлдерiн ойластыру.
10. Ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық хабарлармен қамтамасыз ету. Ауылшаруашылығына берiлетiн хабарлар (информациялар) әр бiр салаға бөлек жүргiзiледi: дән шаруашылығына, мақташаруашылығына, көкөнiс және картоп шаруашылығына, жемiс жидек шаруашылығына, мал шаруашылығына және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет