Атмосфера дегенiмiз



бет30/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Салыстырмалы ылғалдылық деп (r) % сипатталатын осы температурадағы абсолюттi ылғалдылықтың (е) жоғары нығыздыққа қатынасы аталады. Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады:

r =  ,%
Топырақ пен өсiмдiктерден судың булануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты болады. Жаз кезiнде r ≤ 30% болғанда құрғақшылық басталады.
Құрғақшылық кезiнде жел мен жоғары температура аңызаққа әкелiп соғады r ≤ 30%, t=25-300, желдiң жылдамдығы V ≥ 5 м/сек.
Өсiмдiктiң белсендi вегетациясының кезеңiнде r=60-70% өсiмдiктiң өсуiне оңтайлы жағдай туғызады. Егер ылғалдылық қалыпты деңгейден төмен болса, онда өсiмдiктiң өсуi тежеледi, өсiмдiк солып қалады. Ылғалдылық артқан жағдайда өсiмдiк жатып қалады, олардың көпшiлiгi ауруға шалдығады.
Салыстырмалы ылғалдылық (r) ауа температурасының ауытқуына байланысты. Егер, атмосферада су буының мөлшерi өзермесе, бiрақ температура көтерiле берсе, салыстырмалы ылғалдылық төмендейдi.
Температура төмендеген сайын, ауа су буына қанығуға жақын, ауа ылғалдылығы атра бастайды.
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәулiктiк және жылдық жүрiсi температураның жүргiсiне қарама қарсы.
Ауылшаруашылығына агрометеорологиялық сипаттама жасағанда салыстырмалы ылғалдылықпен ауа ылғалдылығын жетiспеушiлiк көрсеткiштерiн көп пайдаланады.


Ауа ылғалдылығының жетiспеушiлiгi (d) деп су буының ең жоғарғы (Е) мен ауаның абсолюттiк ылғалдылығының (е) тығыздығы айырмасын айтамыз, мб және мм сипатталады. Ол мынадай формуламен есептелiнiп шығарылады: d=Е-е,
Ауаның ылғалдылығы өзгермеген жағдайда температура жоғарылаған сайын, ауаның құрғақтығы және ылғалдың жетiспеушiлiгi артады. Ылғал жетiспеушiлiк салдарынан булану және өсiмдiктер транспирациясы күшейедi.


Шық нүктесi () дегенiмiз ауадағы су буы (атмосфералық қысым өзгермегенде) толық қаныққанда болатын (көрсететiн) температура. Шық нүктесi градуспен өлшенедi. Шық нүктесiн анықтау үшiн абсолюттiк ылғалдылықты (е) бiлу негiзiнде, су буының ең жоғарғы тығыздығы кестесi арқылы анықталады.
Егерде е=Е болса ауаның су буына толық қаныққанын көрсетедi. Шық нүктесi бойынша үсiктiң болуын алдын ала болжайды. Егер 21 сағатта =20, немесе ≤20, онда таңертең үсiк болады. Өйткенi шық нүктесi ауада су буының аз болуын бiлдiредi, соның әсерiнен жер бетiнен тиiмдi сәулелену көбейедi. Шықтың мол түсуi үсiктiң болуының алдын алады, себебi су буының конденсаттанатын кезiнде жасырын жылылық бөлiнiп шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет