Атмосфера дегенiмiз



бет39/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Бақылау сұрақтары
  1. Топырақ ылғалының өсiмдiктерге әсерi


  2. Топырақ құрамындағы судың түрледi


  3. Топырақтың су-физикалық қасиеттерi, оларға әсер етушi факторлар


  4. Топырақтың су тепе-теңдiгi, оны есептеу


  5. Топырақтың су режимiн реттеу жолдары


  6. Топырақ ылғалдылығын анықтау әдiстерi


  7. Топырақтағы жалпы және өсiмдiк пайдалана алатын су мөлшерi, оларды есептеу.





Әдебиеттер

Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976


Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
3. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.


8 дәріс ЖЕЛ, ОНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
Мақсаты: Желдің ауылшаруашылық өндірісіне пайдалы және зиянды әсерлерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Тұрақты және ауыспалы бағытта соғатын желдер түрлерімен таныстыру және оны анықтайтын аспаптарды қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: жел, циклон, антициклон, пассат, антипассат, самал жел, муссон.
Дәріс жоспары:

1. Жел және оның түрлерi

2. Желдiң ауыл шаруашылығына тигiзетiн әсерi

3. Қазақстандағы желдер
Жел мен ауа райының байланыстығын, желдiң ауа-райының өзгеруiне тигiзетiн әсерiн (384-322 ж.ж. бiздiң эраға дейiн) Аристотел ашқан болатын.

Жел деп ауаның көлденең бағыттағы қозғалысын айтамыз. Бiр мөлшерде жер бетiне түскен күн сәулелерiнен жер бетi әр түрлi мөлшерде қызады, соның әсерiнен температура өзгерiп отырады. Жер бетiндегi ауа температурасының әр түрлi болуы ауа қысымының да өзгеруiне әкелiп соғады.
Температура жоғары болған жерде ауа қысымы төмен, ал температура төмен болған жерде ауа қысымы жоғары болады. Осындай өзгерiстердiң нәтижесiнде ауа қысымы жоғары ауданнан ауа қысымы төмен ауданға ауа массасы жылжи бастайды. Осы үрдiстердiң әсерiнен жел пайда болады. Неғұрлым ауа қысымдарының айырмасы көп болған сайын желдiң жылдамдығы артады. Жел үш түрлi мөлшерде сипатталады: бағыты (румбы, градустар), жылдамдығы (м/с, км/сағ), күшi (балдар).
Желдiң жылдамдығы, күшi мына факторларға байланысты:
1) Ауа қысымының айырмашылығына;
2) Жер бетi бедерiне-жер бетi тегiс болмаса, өсiмдiктер көп болса жзел жылдамдығы төмендейдi, өйткенi ауаның жер бетiнен байланысы күшейедi;
3) Жыл уақыттарына (айларына) және тәулiкке байланысты. Қыс айларында желдiң күшi, жылдамдығы артады, өйткенi қар жамылғысы арқасында жер бетi тегiстеледi. Күндiз, түске жақын желдiң жылдамдығы, түнге қарағанда артады, өйткенi температура және ауа қысымы айырмашылықтары артады;
4) Жердiң орналасқан биiктiгiне- теңiз деңгейiнен биiктеген сайын желдiң жылдамдығы артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет